Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау рәсімдері жеңілдетілді — Б. Атамқұлов

Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020, 13:42:23

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесін қарау барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету туралы баяндама жасады.

Өз сөзінің басында министр Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР ИИДМ барлық жерде мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілер азаматтарға теңдей қолжетімді болуы үшін шаралар қабылдап жатырмыз. “Кедергісіз орта” қалыптастыру үшін ҚР ИИДМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Инфрақұрылымдық даму бойынша жол картасын бекітіп, іске асыра бастады», — деді Б. Атамқұлов.

Б. Атамқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта бекітілген 18 іс-шараның 12-сі іске асырылды, олардың 6-ы тұрақты негізде жүзеге асырылады — бұл түсіндіру жұмыстары, мониторинг және бақылау.

«Кедергісіз ортаны» енгізу бойынша жұмыстар құрылыс, азаматтық авиация, теміржол көлігі және автомобиль көлігі салаларында, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда, оқу және медициналық мекемелерде жүргізіледі.

Ведомство басшысының айтуынша, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында заңнамаға түзетулер енгізілді.

Қазіргі нормативтік база мүгедектігі бар жандарға қолайлы орта құруға қажетті барлық талапты қамтиды.

Атап айтқанда, елді мекендер құрылысына, оның ішінде: көлік тұрағына, жүргіншілер жолдарына, пандустар мен баспалдақтарды қоса алғанда ғимараттарға кіретін есіктерге, лифтілерге және жалпы пайдалану орындарына қойылатын талаптар белгіленген. Салынып жатқан барлық жаңа тұрғын үйлер мен объектілер сол талаптарға сай болуы тиіс.

Б. Атамқұлов жобалау мен құрылыстың барлық кезеңінде стандарттар сақталуы тиіс екенін атап өтті. 

Ескі объектілер қолжетімді орта талаптарына сәйкестендіріледі. 

Қазір жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік инфрақұрылым оъектілерін паспорттауды жүргізіп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша 34 279 объектіні паспорттау жүргізілді.

«Мониторинг нәтижесі 24 939 объект (97,9%) қолжетімді ортаға бейімделгенін көрсетті. Өңірлер арасында ең төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында (85,7%), Алматы қаласында (96,5%) және Маңғыстау облысында (97,3%) байқалады», — деді ҚР ИИДМ министрі.

Заңнамалық талаптарды тікелей іске асыруды және олардың сақталуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар өздеріне тиісті аумақта іске асырады. Осыған байланысты әкімдіктер кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуына бақылауды күшейтуі қажет.

Азаматтық авиация саласына келетін болсақ, мұнда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тасымалдау стандарттарының сақталуын үздіксіз қадағалайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда мүгедек адамдарды тасымалдау рәсімдері жеңілдетілді. Мәселен, ұшу кезінде өз денсаулығы үшін жауапкершілікті өзіне алу және ұшу кезінде мүгедектігі бар адамдарды міндетті түрде алып жүру туралы қолхат беру жөніндегі талаптар жойылды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ұшу кезінде қажетті дәрі-дәрмектер мен басқа заттарды қол жүгімен тасымалдауға рұқсат етіледі.

Мұндай жұмыс темір жол тасымалдары саласында да іске асырылуда. Б. Атамқұловтың баяндауынша, 2022 жылдың соңына дейін арнайы вагондардың жетіспеушілігі проблемасын толық шешу жоспарланған. Ведомство алдында мүгедек жандарды тасымалдауға арналған мамандандырылған вагон купелер санын 98-ден 122-ге дейін жеткізу міндеті тұр. 

«Бүгінде барлық пойыздарда мүгедектер арбалары бар және жүріп-тұруы шектеулі адамдарды отырғызу және түсіру кезінде көмек көрсетіледі. Пойыз бригадаларының барлық қызметкерлері арнайы оқытылды және жүріп-тұруы шектеулі және ментальды ауытқуы бар жандарға көмек көрсетуде тәжірибелері бар», — деді министр. 

Сонымен қатар жолаушылар пойыздарына билеттерді жеңілдікпен сатып алуға бар жағдай жасалған. Биыл маусым айынан бастап bilet.railways.kz сайтында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жеңілдікті билеттерді онлайн рәсімдеу жаңа қызметі енгізілді. Сол арқылы билеттерді үйден шықпай-ақ сатып алуға болады.

Әлеуметтік маңызы бар бағыттарда барлық топтағы мүгедектер үшін 50%, ал «Тұлпар-Тальго» коммерциялық пойыздарында (мүгедектер орындарына) билет құнынан 70% жеңілдік беріледі.

Сондай-ақ билеттерді сату жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мүмкіндігі шектеулі адамдардың дерекқорымен интеграциялау жұмысы жүргізілуде.

Министр республиканың теміржол вокзалдарының белгіленген талаптарына сәйкестігі туралы да айтты. Оның берген мәліметіне сәйкес, қазір барлық 99 вокзал мүгедектерге қызмет көрсету талаптарына толық сәйкес келеді. Жергілікті атқарушы органдарға (Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Түркістан және Павлодар облысы әкімдіктерінің) қарасты 7 теміржол вокзалы белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.

Биыл «Қазақстан темір жолы» АҚ баспалдақтармен қозғалуға арналған индукциялық панельдер мен көтергіш құрылғылар орнатты. Вокзалдарды жаңғыртуға шамамен 800 млн теңге қаражат қарастыру қажет. Осыған байланысты әкімдіктер қаржыландыру көздері мен тетіктерін анықтау жұмысын күшейтуі тиіс.

Сондай-ақ, Қазақстанның автовокзалдары мен автостанцияларында да сәйкестік мониторингі жүргізілді. Елімізде барлығы 33 автовокзал мен 114 автостанция жұмыс істейді.

«Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 32 автовокзал және 98 автостанция мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділік талаптарына сай. Қалалық бағыттарда қызмет көрсететін 10 623 автобустың тек 30% проценті қажетті талаптарға сай келеді», — деп толықтырды Б. Атамқұлов.

Биыл өңірлер 23,7 млрд теңгеге өз елімізде шығарылған 585 автобус сатып алды. Барлық жаңа автобустар қолжетімділк талаптарына сай келеді. 

Сонымен қатар ақысыз инватакси қызметтерін көрсету тәртібі туралы хабарланды. Мәселен, заң жүзінде арбамен жүретін мүгедектерді тасымалдау үшін әрбір 30 таксиге бір таксидің және мүмкіндігі шектеулі адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақта 10% орынның болуы бекітілген.

Өңірлерде қазіргі таңда 119 инватакси қызметі жұмыс істейді. Олардың автопаркі 375 көліктен тұрады. 

Жалпы, Министрлік тарапынан Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның негізгі қағидаттарына сәйкес заңнамалық деңгейде шаралар қабылданды.

«Импортты алмастыру аясында “Тыныс” АҚ кәсіпорны электр және механикалық жетегі бар отандық мүгедектер арбасын шығаруды жолға қойды. Өндірістің жылдық көлемі 5 мың арба. Яғни, 2025 жылға қарай 25 мың арба шығарып, ішкі нарықтың қажеттілігін толық өтей алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен электр жетегі бар 1 381 арба жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. Жалпы сомасы 1,2 млрд теңге», — деді министр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
09 Қаңтар 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №947 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №944 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №939 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 Қаулысы
08 Қаңтар 2021, 15:54
Дүниежүзілік банк 2020 жылы Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
08 Қаңтар 2021, 14:03
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
07 Қаңтар 2021, 14:30
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
07 Қаңтар 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
07 Қаңтар 2021, 08:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
06 Қаңтар 2021, 18:17
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
06 Қаңтар 2021, 17:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
06 Қаңтар 2021, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №932 Қаулысы
06 Қаңтар 2021, 11:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №874 Қаулысы
05 Қаңтар 2021, 21:13
Жануарларды қорғау туралы заң, Экологиялық кодекс және жасыл энергетика — Қазақстанда экологияны дамыту және табиғи ресурстарды қорғау
05 Қаңтар 2021, 16:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.