Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ

Сейсенбі, 11 Тамыз 2020, 13:12:05

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды. Еліміздегі қазіргі ахуал туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.  

Министр хабарлағандай, Қазақстанда а.ж. 11 тамыздағы жағдай бойынша 100 164  науқас тіркелген, оның ішінде  25 171-і емделіп жатыр, 73 702 немесе 73,6% емделіп шықты. 1 291 адам көз жұмған. Инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші немесе қатаң шектеу шараларын енгізгенге дейін бір науқас жұқтыратын адамдар саны 1,72 құрады.

«Карантин енгізілгеннен кейін біз көбею көрсеткішінің тұрақты төмендеу үрдісін байқаймыз, ол 2 есеге, яғни 0,82-ге дейін төмендеді. Қысқа мерзімде елді жан-жақты және уақтылы қолдау аурудың қымбат диагностикамен қамтылуын мүмкіндігінше кеңейтуге мүмкіндік берді. Бүгінде Қазақстан ПТР-диагностикамен қамту бойынша әлемде 37-орында. Әрине, бұл ел бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштерін өзгертті, тіркелген жағдайлардың саны артты – бүгінде Қазақстан 43-орында тұр», — деп түсіндірді А. Цой. 

Анықталған пациенттерді уақтылы оқшаулау, амбулаториялық және стационарлық емдеумен қамту, сондай-ақ байланыста болған адамдарды бақылаумен қамту аурудың таралуын ұстап тұруға, ауыр пациенттерді бақылауға мүмкіндік берді 

Министр атап өткендей, уақтылы диагностикалаудың арқасында Қазақстан Covid-19-дан өлім-жітім бойынша 70-орынға шықты. 

«Біздің еліміз коронавирус инфекциясы жағдайларын клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер негізінде зертханалық растаусыз алғашқылардың бірі болып тіркеді. Біріншіден, бұл ел халқының індет ауқымын түсінуі үшін қажет болды. Біз денсаулық сақтау жүйесінің қандай жүктемеге тап болғанын түсіндік. Статистикаға жаңа тәсілдерді енгізу төсек-орын қорын едәуір кеңейту есебінен пациенттердің ең көп санын стационарлық емдеумен қамтуға мүмкіндік берді. Бұл жүздеген адамның өмірін сақтап қалды. Өйткені, өмірді құтқару үшін қажет жасанды тыныс алуды қолдау тек стационарлық жағдайда ғана көрсетілуі мүмкін», — деді А. Цой. 

Карантиннің бес аптасында төсек-орындардың бос болмауы 61%-ға, оның ішінде реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 69%-ға төмендегені байқалады. Емханалар үйде қызмет көрсету форматына көшті, мобильді бригадалардың саны 7,6 есеге артты. Бүгінде олардың 3640-ы құрылып, жұмыс істеуде. 

«Ағымдағы жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша онлайн-консультациялардың саны 5 шілдемен салыстырғанда 4 есе өсті, 404 консультациялық колл-орталықтар құрылды. Жедел медициналық көмек бригадаларының саны тәуліктік ауысымда 2 мыңға дейін артты. Жедел жәрдем, оның ішінде коронавирус бойынша шақырулар саны 62%-ға төмендеді. Қабылданған шаралардың арқасында денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді», — деді ведомство басшысы. 

Орташа алғанда, ел бойынша аурудың тәуліктік өсімі 2 есеге жуық төмендеді және сауығып кеткендер саны 73,6%-ға дейін өсті.

Мәселен, 11 тамыздағы жағдай бойынша Түркістан облысынан басқа өңірлердегі репродуктивтілік көрсеткіштерінің көрінісі  бірліктен төмен, бұл енгізілген карантиннің және жағдайды тұрақтандыру бойынша жаппай қабылданған шаралардың тиімділігін тағы да растайды. Карантиндік шараларды жеңілдетудің әзірленген критерийлеріне сәйкес, министрлік инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіштерін, соңғы аптадағы аурушаңдық көрсеткіштерін, сондай-ақ өлім-жітім көрсеткіштерін қадағалап отырады.

«Карантиннің бес аптасында репродуктивтілік көрсеткіштері 1,15-тен 0.82-ге дейін төмендеді, ауруға шалдығу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 56,73-тен 36,2-ге дейін төмендеді. Денсаулық сақтау жүйесіне түсетін негізгі көрсеткіштер мен жүктемелердің жоғарыда көрсетілген оң серпіні карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету мүмкіндігін айғақтайды. Бұл жеңілдету шаралары қоғамдық орындарда маска режимі мен гигиенаны қатаң сақтау, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету арқылы жүргізілуі тиіс», — деп түйіндеді А. Цой.   


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.