Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты

Сейсенбі, 11 Тамыз 2020, 10:33:25

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,5%-ға ұлғайып, 1,7 трлн теңгені құрады.

Министр хабарлағандай, бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 2,6%-ға, оның ішінде тірі салмақтағы еттің 3,6%-ға, сүттің 3%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. 

Облыстар бөлінісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында байқалды.

6 айдың қорытындысы бойынша ірі қара мал саны 4,5%-ға, қой саны 2,5%-ға, жылқы саны 8,5%-ға, түйе саны 4%-ға, шошқа саны 0,7%-ға өсті.

«Бүгінгі таңда Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында дәнді дақылдарды жаппай жинау жүргізіліп жатыр», — деді министр.

Биылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша 929,4 мың га немесе егіні жиналуы тиіс алқаптың 37,3%-ы жиналды. Орташа түсімділік гектарына 19,1 центнерді құрап, 1,8 млн тонна дәнді дақыл бастырылды (өткен жылы осындай күнге 1,4 млн тонна бастырылған болатын).

Сонымен қатар, республиканың негізгі егін егуші өңірлері де жаңа егін көлемін жинауға кірісіп кетті (93,3 мың га немесе көрсетілген өңірлер алаңдарының 0,8%-ы жиналды). Солтүстік өңірлер жаппай егін жинауды 20 тамызға қарай бастайтын болады.

«Соның нәтижесінде 7 айдың қорытындысы бойынша өсімдік шаруашылығында жалпы өнім көлемі 2,1%-ға ұлғайып, 242 млрд теңгені құрады. Көрсетілген мерзімде азық-түлік өнімдері өндірісінің көлемі 4,1%-ға өсіп, 1 064 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, өңделген күріш өндірісі 72 мың тоннадан 122,4 мың тоннаға дейін 70%-ға ұлғайды», — деді С. Омаров. 

Сондай-ақ шұжық өнімдері өндірісінің 21,5%-ға, жарманың 11,8%-ға, макаронның 8,1%-ға, сары майдың 8%-ға, ұнның 6,5%-ға, өсімдік майының 4,9%-ға, қышқыл сүт өнімдерінің 4,7%-ға, ірімшік пен сүзбенің 1,9%-ға артқаны байқалады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 13,5%-ға ұлғайып, 261,2 млрд теңгені, азық-түлік өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 13,8%-ға артып, 45,7 млрд теңгені құрады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.