Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда 2030 жылға қарай жылына шамамен 270 мың тонна тауарлы балық өсіру жоспарланып отыр – М. Мырзағалиев

Сейсенбі, 29 Желтоқсан 2020, 11:49:17

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің балық шаруашылығын дамыту мәселесі қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өз баяндамасында саланың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы айтып берді.

Министрдің айтуынша, сала мәселелерін жүйелі шешу үшін министрлік балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі.

Балық өнеркәсібінің негізгі салалары - балық кәсіпшілігі  -балық аулау, балық өсіру - балық шаруашылығы және өңдеу.

Ұсынылған бағдарламаға сәйкес, еліміздің балық өнімдері нарығының 2019 жылғы жалпы көлемінің құрылымы келесідей: балық аулау – 45 мың тонна, балық өсіру – 7,4 мың, экспорт – 30 мың, ал импорт – 45 мың тонна болды.

Балық өсіру балық саласын дамытудағы қарқынды өсіміне айналуы тиіс.

«Осыған орай, министрлік ғалымдар және сарапшыларымен бірлесіп, балық саласының дамыту потенциалына талдау жүргізген болатын. Соның нәтижесінде республиканың су айдындарында жылына 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге болатындығы анықталды. Бұны біз кезең-кезеңмен іске асыруды жоспарлап отырмыз. Болжам бойынша әлеуеттің 45%-на 2030 жылы, ал қалған 55%-на 2040 жылға дейін қол жеткізілетін болады», - деді М. Мырзағалиев.

Министрлік облыс әкімдерімен бірлесіп балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірледі. Олардың негізінде балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі салалық бағдарламасы жасалды. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға қарай жылына шамамен 270 мың тонна тауарлы балық өсіру жоспарланып отыр.

Министрдің айтуынша, 545 жаңа балық өсіру шаруашылығы құрылады және жұмыс істеп тұрған 323 шаруашылық толық жобалық қуатына шығады. 

Өңірлердегі жобалар бойынша 10 жыл ішінде 345 млрд теңге жеке инвестиция тарту көзделіп отыр.

«Балық шаруашылығын табысты дамыту үшін біз 4 негізгі факторды анықтадық. Бірінші - заңнаманы жетілдіру. Екінші - сапалы балық шабақтарымен қамтамасыз ету. Үшінші - балық жемінің өндірісін жолға қою. Төртінші - кадрлық қамтамасыз ету», - деді М. Мырзағалиев.

Бизнес үшін тиімді шарттар жасауға бағытталған заңнамаларды жетілдіру шеңберінде биыл балық ресурстарын пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің орнына, тоқсан сайынғы төлем енгізу бойынша жұмыс атқарылды. Бұған дейін бизнес рұқсат алғанға дейін балық аулау төлемдерін төлейтін еді. Бұл айтарлықтай қаржылық жүктеме болды және көбіне несие қаражатын алуға немесе айналым қаражатынан жұмсауға итермеледі.

Сонымен қатар, балық шаруашылығы су айдындарын балық аулаудан балық өсіруге ауыстыру қағидалары бекітілді. Бұл кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын пайдаланушыларға, әсіресе көптеген көлдері бар солтүстік аймақтарда балық өсіруге мүмкіндік береді және олар балық өсіру үшін қолайлы.

Бұдан басқа, балық шаруашылығын жүргізу үшін 49 жылға шарт жасасудың нақты мерзімі белгіленді. Бұл бизнеске сеніммен инвестиция салуға және ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Бұрын шарттың мерзімі 5 жыл мен 49 жылдың арасында болатын.

«Даму жоспарлары аясында балық өсірушілерге қойылатын артық талаптар алынып тасталды. Оларға қойылатын жалғыз талап - балық өсірудің жыл сайынғы көлемін орындау», - деді министр.

Бұдан басқа, жыл соңына дейін су қорғау белдеуінде балық өсіру  шаруашылықтарын орналастыру бойынша шектеулерді алып тастау туралы нормалар қабылданатын болады.

Сонымен қатар, 2021 жылы қолданыстағы заңнамаға балық өсіру шаруашылықтарын салу рәсімдерін жеңілдету, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және мемлекеттік сараптамадан өтуді болдырмау бөлігінде өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. 

Нәтижесінде балық тоғандарын орналастыру жергілікті атқарушы органмен келісілген эскиздік жобалар бойынша жүзеге асырылатын болады. Тиісті заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

«Осы түзетулердің барлығы балық өсіру кезінде табиғи артықшылықтарды тиімді пайдалануға, шығындарды азайтуға және өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді», - деді М. Мырзағалиев.

Бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін балық өсіру шаруашылықтарын сапалы шабақтармен қамтамасыз ету аса маңызды.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде  15 балық питомнигі бар. Олар тұқы  тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын 12%-ға және бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын 66%-ға қамтамасыз етеді. 

Өз кезегінде форель, сиг және басқа да құнды балық түрлерінің шабақтары импортталады. Бұл ретте 10 жыл ішінде шабақтарға қажеттілік 2,5 млрд дананы құрайды.

Осыған байланысты, балық отырғызу материалы бойынша импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында 4 балық өсіру аймағы үшін селекциялық генетикалық орталықтар құру пысықталады.

Сонымен қатар, 2022 жылы форель және сиг балықтары үшін  2 жаңа питомник салу көзделген.

«Бұдан басқа, 4 мемлекеттік балық питомнигінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін енгізу жоспарлануда. Бұл модернизациялауға, қуаттылықты ұлғайтуға және балық өсіру материалдарының түрлерін әртараптандыруға бағытталған өсімін молайту кешендерін дамыту мақсатында іске асады», - деді М. Мырзағалиев.

Келесі негізгі бағыт – жеммен қамтамасыз ету. Балықтың өзіндік құнының құрылымында жемге жұмсалатын шығындар жалпы шығыстардың 70% құрайды. Сондықтан құрама жемнің сапасы мен тиімділігі балықты өндірістік өсіру рентабельділігінің шешуші факторлары болып табылады.

Мәселен, 2019 жылы 7,5 мың тонна балық өсіру үшін 12,5 мың тонна жем қажет болды. Бүгінгі таңда Қазақстанда балық жемін өндірумен жалпы қуаты жылына 136 мың тонна болатын 14 отандық кәсіпорын айналысады. Алайда ондағы жем тұқы балық түрлеріне ғана жарамды. 

Сондықтан, балықтың құнды түрлерін өсіру үшін бизнес импорттық жем сатып алуды жөн көреді. 2019 жылы 786 тонна форель және 178 тонна бекіре өсіру үшін 1,2 мың тонна импорттық жем сатып алынды. 

Министрдің айтуынша, әрқайсысының қуаты жылына 80 мың тонна болатын 5 заманауи зауыт салуға бизнесті тарту қажет.  Оларды Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Маңғыстау облыстарында орналастырған жөн.

«Осыған орай министрлік отандық инвесторлардың қатысуымен балық жемін өндіретін әлемге белгілі даниялық «Aller Aqua» компаниясымен бірлескен зауыт салу бойынша келіссөздерді бастады», - деді М. Мырзағалиев.

Министрдің пікірінше, бұл өз кезегінде импортқа тәуелділікті төмендетуге, бизнеске қаржылық жүктемені азайтуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

«Қазақстанда балық өсіру өзінің бастапқы даму кезеңінде, сондықтан оны жүргізу мақсатында 10 жыл ішінде 4 мың адам тиісті білім алатын болады. Оларды Қазақстанның жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарында, сондай-ақ арнайы білім беру мекемелерінде оқыту жоспарлануда», - деді М. Мырзағалиев.

Ол үшін білім беру гранттарын жылына  40-тан 400-ге дейін ұлғайта отырып, оқу бағдарламаларын балық өсіруге қайта бағдарлау қажет.

Бұдан басқа, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүйелі түрде кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады.

Министрдің ойынша, саланы табысты дамытудың аса маңызды факторы – бастапқы кезеңде бизнесті субсидиялау.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау шаралары балық жеміне, балық өсіретін шаруашылықтарға арналған техника мен жабдықтарға қолданылады. Бірақ оларды кеңейту қажет. Бұл жөнінде бизнес пен біздің ойымыз бір жерден шығып отыр», - деді М. Мырзағалиев.

Осылайша, облыс әкімдіктерімен бірлесіп дайындалған есептік деректерге сәйкес 10 жыл ішінде жергілікті бюджет есебінен тікелей субсидияларға 136,5 млрд теңге бөлу қажет. 

Мемлекеттік қолдаудың келесі блогы – балықты қайта өңдеу кешендерін құруға және кеңейтуге жұмсалатын шығындарға арналған инвестициялық субсидиялар. Оған 36,8 млрд теңге қажет.

Бұл ретте, балық өсірушілер өз өтініштерінде бүгінгі күні инвестициялық субсидиялар барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жалпы сомамен көзделетінін және басымдық бойынша берілетінін атап өтеді. Ең негізгісі – бұл жерде балыққа басымдық берілмейді, тиісінше қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылатынын баса айтады. Осыған орай бұл мәселені балық өсіруге жеке мақсатты қаражат бөлу арқылы шешу ұсынылады.

Сондай-ақ балық өсіру жобаларына инфрақұрылым жүргізу қажет. Оған жергілікті бюджеттен шамамен  7 млрд теңге талап етіледі.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру 10 жыл ішінде 2,2 трлн теңгеге 1,1 млн тонна балық өсіруге мүмкіндік береді. 

Балық өнімдерін ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайтуға болады. Бұл балықты тұтынуды бір адамға 4 келіден 8 келіге дейін арттыруға мүмкіндік береді, яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын 50% орындалады.   

Экспорттық түсімді $330 млн дейін ұлғайтуға қол жеткізуге болады.  

Форель және бекіре тұқымдас балық өндірісін ұлғайту есебінен импорт көлемі 45 мыңнан 25 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, бұл кемінде 50 мың қосымша жұмыс орындарын құруға және басым түрде ауылдық жерлерде халықтың табысын арттыруға ықпал ететін болады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығының даму бағдарламасы мақұлданды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
09 Қаңтар 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №947 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №944 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №939 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 Қаулысы
08 Қаңтар 2021, 15:54
Дүниежүзілік банк 2020 жылы Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
08 Қаңтар 2021, 14:03
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
07 Қаңтар 2021, 14:30
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
07 Қаңтар 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
07 Қаңтар 2021, 08:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
06 Қаңтар 2021, 18:17
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
06 Қаңтар 2021, 17:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
06 Қаңтар 2021, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №932 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.