Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Президенті қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді

Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2020, 15:41:09

Мемлекет басшысы өз сөзінде қайырымдылық пен волонтерліктің пандемия кезінде жалпыұлттық сипат алғанын атап өтіп, оның әлеуметтік нормаға айналғанын және халықтың дұрыс қабылдағанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қиын-қыстау кезде сырт қалмай, отандастарына көмек қолын созған, мейірімділік, ізгілік танытқан әр азаматқа ризашылық білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Асар деген ата дәстүрімізді сақтап келе жатқанымыз қуантады. Пандемия кезінде де еріктілер аянбай еңбек етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Олар күндіз-түні дәрігерлермен және тәртіп сақшыларымен бірлесіп, індетпен күресті. Қайырымды жандар ортақ іске жан-жақты қолдау білдірді.  Елбасының бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» қорының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бұл игі бастамаға мыңнан астам азамат қаржылай үлес қосты. Біз осындай ұйымшылдықтың және жауапкершіліктің арқасында ахуалды тұрақтандыра алдық. Мұның бәрі – елдіктің және береке-бірліктің жарқын көрінісі», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметті дамыту, қайырымдылық пен меценаттыққа қолдау көрсету мемлекетіміздің ұзақ мерзімді басымдығы деп санайды. Волонтерлік іспен айналысу – патриотизмнің жарқын көріністерінің бірі. Мемлекет басшысы жариялаған Волонтер жылы азаматтарымыздың көпшілігін қайырымды іс қозғалысы төңірегіне топтастырды. Қазақстандықтардың ұсынысы бойынша жасалған көптеген қайырымдылық және волонтерлік жобалар – соның дәлелі.

«Қайырымдылыққа тікелей және жанама түрде атсалысатын адамдардың саны тұрақты артып келе жатқанын көріп отырмыз. Қызметкерлердің волонтерлік жұмысын еңбек кітапшасына міндетті түрде тіркеу туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек волонтерлікпен айналысқан жастарға университетке, колледжге түсу кезінде бірқатар басымдық беріледі. Қазіргі таңда бұл жақсы нәтиже деп есептеймін. Баршаңыздың бұған елеулі үлес қосқандарыңыз сөзсіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еріктілердің, қайырымдылық қорлардың пандемияға қарсы күрес кезінде үлкен рөл атқарғанын ескере отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық күнін жариялау туралы ұсынған бастамасы қолдау тауып, жүзеге асатынына сенім білдірді. Оның пікірінше, Қазақстан волонтерлік пен қайырымдылықты дамыту ісінде озық халықаралық үрдістерден қалып қоймайды. Волонтер жылы осы бағытқа тың серпін берді.

«Волонтерлік қызмет осы жылмен тоқтап қалмайды, алдағы уақытта да жалғаса береді. Өйткені волонтерлік қызмет мемлекеттің алдына қойып отырған мақсаттарымен үндесетін болғандықтан, бұл – рухты көтеретін, халықтың мұң-мұқтажын бөлісетін қозғалыс», – деді Президент.

Қазіргі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түсінікті әрі тиімді құқықтық механизмдерді қамтитын Қайырымдылық туралы заң әзірленуде.

«Қайырымдылық және волонтерлік ұйымдар өздерінің еңбек етуіне, соның ішінде мемлекетпен және бизнеспен бірлесе жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасайтын заң жүзінде шынайы мәртебеге ие болуы тиіс. Үкіметке бұл мәселені пысықтау тапсырылды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, инфрақұрылымды пайдаланудың, ақпараттық қолдау кезінде жеңілдіктер берудің нақты тетіктерін әзірлеудің мәні зор. Сонымен қатар салықтық жеңілдіктер мәселесі де маңызды», – деді Президент.

Бүгінде қайырымдылық жобаларға бағытталған ірі бизнес табысын 3% және шағын және орта бизнес табысын 4% көлемде салықтан босату заңнамалық тұрғыда қарастырылған. Бірақ шағын және орта бизнес бұл жеңілдіктерді пайдаланбай отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жағдайға талдау жасап, осы бағытта тиісті жұмыс жүргізуге тапсырма берді. Бизнестің қайырымдылыққа қаржы аударуы  ыңғайлы әрі тиімді  болуға тиіс.

«Қайырымдылық қорларға қаржы түсуінің және оның әрі қарай жұмсалуының  ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта күңгірттікке жол бермеу керек. Қазір қайырымдылық жасайтын азаматтар мен көмек алушылардың реестрін құру бастамасы іске асырылуда. Бұл міндеттің барынша нақты орындалуына мүмкіндік жасаған жөн. Қайырымдылық жобалар арқылы өтетін барлық қаржының жұмсалуына ақпараттық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет», – деді Мемлекет басшысы. 

Президент жеке қайырымдылықтың барлық түрі дамуы керек деп санайды. Әр адамның бастама көтеріп, өз қаржысын қайырымдылық мақсатқа бөле алатын жүйе құрылуға тиіс.   

«Өкінішке қарай, тиісті ақпараттық жұмыстар талапқа сай жолға қойылмаған, адамға сенім ұялататын тетіктер жасалмаған. Кейде бұқаралық ақпарат құралдарынан азаматтарымыз кімге және қалай көмектесуге болатынын білмейді деген ақпаратты естіп қаламыз. Ал егер азаматтарымыз мұндай жұмыспен айналысатын болса, олардың қайырымдылық қаржысы қай мақсатқа пайдаланылатынын нақты білу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Онлайн форматта өткен кездесуде «Birgemiz» қоғамдық қорының басқарма төрағасы, «Қазақстандық «Уақып» қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Руслан Сақиев, «Kaspi.kz» компаниясының басшысы Михаил Ломтадзе, «BTS Digital» ЖШС-нің басшысы Нұртай Әбілғалиев, «Дара» жеке қорының атқарушы директоры Айнұр Аймұрзина, «Мен алматылықпын» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Константин Авершин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, волонтер Наргизам Махмудова сөз сөйледі.

Олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, қайырымдылық саласын дамытуға ынталандыру, қайырымдылық қызметтің ашықтығын, волонтерлердің рөлін арттыру және волонтерлікті дамыту мәселелеріне байланысты ойларын ортаға салды.

Мемлекет басшысы Үкімет жанындағы Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған барлық мәселені, бастамаларды пысықтауға, сондай-ақ, Қазақстан заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді кешіктірмеуге тапсырма берді.

Кездесу соңында бірқатар азамат пандемия кезіндегі қажырлы еңбегі үшін «Халық Алғысы» медалімен марапатталды.


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.