Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан ЕАЭО шеңберіндегі өзара сауданы ретке келтірудің нақты шараларын ұсынды

Сенбі, 22 Ақпан 2020, 11:08:45

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

ЕЭК кеңесінің мүшелері ішкі нарықтардың жұмысына, кедендік және техникалық регламенттерге, халықаралық ынтымақтастық пен өнеркәсіпке қатысты мәселелерді талқылады.

Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелері ЕАЭО ішкі нарығындағы шектеулер мен кедергілерді жою барысы туралы ақпаратты тыңдады. ЕЭК Кеңесінің мүшелері тауарлар мен қызметтердің бірыңғай нарығын құрудағы барлық кедергілерді жою қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында қазақ-қырғыз шекарасындағы ағымдағы жағдай талқыланды, нақты айтқанда Қырғызстан тарапынан тауардың құнын төмендету, жалған транзит, тауарды тасымалдау құжаттарында жалған ақпарат көрсету мәселелері сөз болды. Қазақстандық тарап өзара сауданы оңтайландыру және жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін нақты шараларды ұсынды.

ЕЭК кеңесі барысында ЕАЭО-ға тауарлардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін дамытудың Жол картасы бекітілді. Осы Жол картасын іске асыру ЕАЭО елдерінің аумақтары арқылы тауарлардың кедергісіз кедендік транзитін қалыптастыруға, соның ішінде Ресей Федерациясы арнайы экономикалық шараларды қолданатындарға негіз болады.

Құрамында никотині бар өнімдердің жаңа түрлеріне (қыздырылған темекі, вейптер және басқалары) бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО шеңберінде міндетті талаптар белгіленген өнімдердің Бірыңғай тізіміне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Кейіннен «бестік» осы өнімдерге арналған бірыңғай техникалық регламентті әзірлейді.

Жалпы, өткен кездесу Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне сәйкес келеді және ЕАЭО-ның тиімді жұмысына қажетті серпін береді, одақтың болашақ жұмысында, оның ішінде халықаралық қатынастардың дамуын ескере отырып, бірлескен нұсқаулықтарды әзірлеу үшін негіз болады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.