Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша 17 позицияға көтерілді — ҚР ИИДМ

Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2019, 10:11:43

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі, оның ішінде Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі позицияларын жақсарту шаралары қаралды. Бұл мәселе бойынша ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр баяндады. 

Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 5-ші және 6-шы пакеттері аясында позицияларды жақсарту үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде 8 реформа жүзеге асырылды. 5 нормативтік-құқықтық актіге 30-ға жуық түзетулер енгізілді. 

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша 2018 жылы Қазақстан 35-ші орынды иеленіп, 17 позицияға көтерілді. 

 «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша Министрлік "Инфрақұрылым" факторы үшін жауапты болып табылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 69 орынды иеленіп, 3 позицияға көтерілді. "Инфрақұрылым" факторы шеңберінде Министрлікке 8 индикатор бекіген. "Жол желісінің сапасы" және "Жол инфрақұрылымының сапасы" индикаторларын жақсарту үшін Министрлік республикалық желідегі 6 мың км автожолды, облыстық, аудандық маңызы бар 4,6 мың км автожолды салды, қайта жаңартты және жөндеді. Жергілікті желіні қаржыландыру 200 млрд теңгеге дейін артты», — деді Р. Скляр.

Осы қаржыландыру сақталған жағдайда 2025 жылға қарай республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайға 100%-ке дейін жетеді, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізу жоспарланған. «Темір жол тығыздығы» және «Темір жол тасымалдарының тиімділігі» индикаторларына Алматы темір жол станциясы бойынша айналма жол салу жобасы оң әсер етті.

«Әуежайлар желісін дамыту» және «Әуе тасымалдарының тиімділігі» индикаторларын жақсарту үшін Қостанай және Балқаш қалаларының әуежайларының ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстары аяқталуда. Орал қаласы әуежайының аэровокзалын жаңғырту және Түркістан қаласында жаңа әуежай салу жұмыстары басталды.

Жыл басынан бері қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар 7 халықаралық рейс ашты.

Биылғы жылы мамырда алғашқы Fly Arystan ұлттық лоукостері іске қосылды. 14 ішкі авиамаршрут субсидияланады. «Теңіз тасымалдарының тиімділігі» индикаторын одан әрі жақсарту үшін Ақтау портының тиеу-түсіру жабдығын жаңғырту және айлақ құрылысын қайта жаңарту жоспарланған. 

Биылғы жылы халықты ауыз сумен және су бұрумен қамту бойынша 126 млрд.теңгеге 411 жобаны іске асыру басталды. Жыл қорытындысы бойынша қала халқының 97% және ауыл халқының 87% сумен қамтылатын болады.

Барлық жоспарланған іс-шаралар халықаралық рейтингтердің индикаторларын жақсарту аясында іске асатын болады. LPI рейтингісі бойынша (Сауда және көлік инфрақұрылымың дамуы) 2018 жылы Қазақстан Логистиканың тиімділік индексінде 2016 жылмен салыстырғанда 6 позицияға көтерілді, 160 әлемнің елдері ішінде 71-ші орынды иеленді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.