Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары  және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.

Қазақстан Президенті Премьер-Министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды.

«Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу