Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі

Сейсенбі, 30 Маусым 2020, 10:12:55

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлеңкелі экономика деңгейін төмендету жөніндегі шаралар туралы ҚР қаржы министрінің міндетін атқарушы Б. Шолпанқұлов баяндады.

Nur Otan партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасында жалпы ішкі өнімдегі көлеңкелі экономика мөлшерін 2016 жылы 29%-дан 2019 жылы 25%-ға дейін төмендету туралы міндет қойылды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жалпы ішкі өнімге шаққанда көлеңкелі экономика үлесін 2025 жылға қарай 20%-ға дейін төмендету индикаторы көзделген.

Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдап, оны жүзеге асыруда.

Жоспардың негізгі бағыттары:

  • салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру;
  • қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту;
  • қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жасау;
  • заңнаманы жетілдіру.

Жоспарда қабылданған шараларға сәйкес көлеңкелі экономиканы өткен жылғы жалпы ішкі өнімге шаққанда 23,62%-ға дейін төмендетуге қол жеткізілді. Nur Otan партиясының cайлауалды бағдарламасында алға қойылған міндет мерзімінен бұрын орындалды.

Ең жоғарғы төмендеу саудада байқалады — 10,7%. Жалпы алғанда салалар бойынша оның деңгейі: көлік және қоймалау – 17%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,7%, құрылыс – 8,3%, өңдеу өнеркәсібі – 6,5% құрады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке қосымша 1,5 трлн теңге түсті. Түсімдердің негізгі сомасы шамамен 916 млрд теңге салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландырудан түскен. Қалған 580 млрд теңге басқа бағыттарға тиесілі.

Б. Шолпанқұлов негізгі іс-шаралардың іске асырылуына тоқталып өтті. 

«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі пайдалануға берілді. Осылайша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық қосылған құн салығын төлеушілер «Электрондық шот-фактуралар» міндетті көшірмесіне ауыстырылды және бүгінде 433 млн электрондық шот фактура жазып берген 440 мыңнан астам пайдаланушы тіркелді.

«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін пайдаланушылардан қосымша 290,2 млрд теңге түсті. 2020 жылда болжам бойынша шамамен қосымша 140 млрд теңге түсім болады деп күтілуде.

Тауарларды таңбалау жүйесі сынақтан өтті. Тері бұйымдарын таңбалау нәтижесінде 2019 жылы кірістер 2 есеге артты. 2020 жылы 1 млрд теңгеге дейін түсім күтілуде.

Бұдан өзге, таңбалау бойынша темекі өнімдері, алкоголь өнімдері, аяқ киім тауарлары, дәрілік заттар және сүт өнімдері секілді тауарлар тізбесін кеңейту болжанып отыр.

Осы жылдың басынан бастап онлайн бақылау-касса машиналары міндетті түрде қолданылуы тиіс. Бүгінгі таңда бақылау-касса машиналарын пайдаланушылардың жалпы саны 728 мың, оның ішінде онлайн бақылау-касса машиналарына 710 мың немесе 97,45% көшті.

Бүгінде «Виртуалды қойма» модулінде 5,8 мыңнан астам салық төлеуші жұмыс істейді, олардың есебінен қосымша 243 млрд теңге түсті.

Қолданыстағы ақпараттық жүйелер базасында Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі қалыптастырылуда. Ол мынадай ақпараттық жүйелерден тұрады: Астана-1, «Электрондық шот-фактуралар», «Виртуалды қойма», «Тауарларды таңбалау», «Тәуекелдерді басқару жүйесі» модулі және онлайн бақылау-кассалық машиналар.

Биылғы қазан айынан бастап ақпараттық жүйеде тауарларға электрондық ілеспе құжаттар енгізілуде. Жалпы алғанда, жүйе тауардың бөлшек саудасына дейін жылжуының барлық тізбегін қадағалауға мүмкіндік береді. Жүйе қалыптастырылғаннан кейін жалған шот-фактуралардың көшірмесі тоқтатылады.

Бұдан өзге «Салықтық әкімшілендіру мақсаттары үшін үшінші тұлғалардың деректер базасы» құрылды. 2019 жылы бюджетке қосымша 18,6 млрд теңге сомасында салық түсті.

Оған қоса, тиімді құралдардың бірі — құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу. Осылайша, салық жүктемесінің коэффициенті мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда 2,3 есеге өсті. Қосымша 54,4 млрд теңге түсті.

Цифрландыру және камералдық бақылауға көшу есебінен салықтық тексерулер өзгертілді. Соның нәтижесінде олардың саны 29%-ға азайды. Бұл ретте бұзушылықтардың анықталуы 2 есегеа артты немесе 344 млрд теңге есепке түсті.

Қаржы министрлігінің негізгі бағыттарының бірі — «айналы» кедендік статистика бойынша алшақтықты төмендету. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында онлайн режимінде кедендік декларациялармен электрондық алмасу жүргізілуде. 

«Бұл Қазақстанның Қытайдан импорты бойынша алшақтықты 2017 жылғы 60%-дан 2019 жылы 48%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 5 айдың қорытындысы бойынша айырмашылық 39%-ға дейін төмендеді. Өткен жылы бюджетке қосымша 236 млрд теңге түсті», — деді министрдің м. а.

Салықтық заңнамадағы бұзушылықтармен байланысты тәуекелдерді анықтау үшін «Тәуекелді басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Тәуекелді басқару жүйесін енгізу қорытындысы бойынша 2019 жылы бюджетке 85 млрд теңге, 2020 жылдың басынан бастап 34,9 млрд теңге түсті.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларының бойында үдерістерге мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін Ситуациялық орталық құрылды. 2018 жылмен салыстырғанда тауарларды қате декларациялау фактілерінің анықталуы 5,5 есеге артты. Кедендік төлемдер мен салықтар 2,3 млрд теңгеге өсті.

Еуразиялық экономикалық одақтың елдерінен импортқа салықтық әкімшілік ету күшейтілді, сондай-ақ «Экспорттық бақылау» модулі тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Соның нәтижесінде қосымша қосылған құн салығы бойынша 122 млрд теңге түсті.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту аясында келесі шаралар қабылданды:

  • Корпоративтік табыс салығы бойынша 1 мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары көрсеткіштер бойынша шегерімдерді растау мақсатында электрондық шот-фактуралар қолдану қарастырылуда;
  • салық төлеу үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар мен шағын бизнес субъектілеріне арналған мобильдік қосымша әзірленуде;
  • салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу және Push хабарлама арқылы хабарландыру қызметтері кеңейтіледі.

1000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары көрсеткіштер бойынша қолма-қол ақша нысанындағы шығыстар сомасын шегерімдерге жатқызуды шектеу мәселесі қарастырылуда.

Заңнама шеңберінде қылмыстық кірістерді анықтау бойынша қаржы мониторингі рәсімдері өзгертілді. Сондай-ақ елдердің қаржылық барлауларымен халықаралық өзара іс-қимыл рәсімдері реттелген. Экономикалық тергеу қызметінің жұмысы тек көлеңкелі саладағы қылмыстарды анықтауға бағытталды.

2019 жылғы тамыздан бастап Министрлік Бас прокуратурамен және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетімен бірлесіп «STOP-обнал» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде. Соның нәтижесінде 2018 жылы 52%-дан 2019 жылы 14%-ға дейін қолма-қол ақшаның өсу қарқыны төмендеді. Жыл басынан бері ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру 31%-ға төмендегені байқалады.

Б. Шолпанқұлов атап өткендей, негізгі кешенді шаралар қазіргі таңда іске асыру сатысында тұр. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу бойынша барлық мемлекеттік органдардың тиімді және үйлесімді жұмысы қажет. Осыған байланысты, Жобалық офис базасында салалық сипаттағы шамамен 60 қосымша шара әзірленді. Аталған шаралар мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға, әкімшілендіру рәсімдерін жетілдіруге бағытталған.

«Бұл әкімшілік кедергілерді азайтуға және бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, іске асырылып жатқан бастамалар елдегі көлеңкелі экономиканы қысқартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», — деді Б. Шолпанқұлов. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.