Қалмұханбет Қасымов ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымында Әнуар Садықұловты алмастырды

Бүгін Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен;
  • Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

ҚР Президентінің Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Әзімхан Әлиханұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу