Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Үкіметінде Дунга және Абай кен орындары бойынша құжаттарға қол қойылды

Бейсенбі, 04 Шілде 2019, 12:50:19

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин барлау және кен өндіру жөніндегі президенті Арно Брёйяктің жетекшілігімен Total өкілдерімен келіссөздер жүргізді. 

Total компаниясының басшылығымен кездесуде мұнайгаз секторы саласындағы ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық қамтуды арттыруға, Қазақстан аумағында жаңа өндірістер ұйымдастыру мен технологиялар беру үшін бірлескен компанияларды дамытуға ерекше назар аударылды. Кездесу барысында сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша бірлескен жобалар қаралды. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бірлескен жобаларды іске асырудың әлеуметтік әсері аса маңызды екенін атап өтті. Бұл бірінші кезекте жаңа білікті жұмыс орындарын ашу, ол жергілікті халықтың нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Кездесу қорытындысы бойынша Дунга және Абай жобалары бойынша құжаттарға қол қойылды. 

Дунга кен орны бойынша құжаттарға ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Каспий және  Оңтүстік Еуропа бойынша «Тоталь Барлау және Кен өндіру» вице-президенті Бернар Клеман, «Оман Ойл Барлау және Кен өндіру» бірлескен кәсіпорындары бойынша директор Абдул Вахаб әл Булуши, «Партекс Ойл және Газ» басқарма мүшесі Фернандо Алвеш қол қойды. 

Келісімге сәйкес, Дунга кен орнының өнімін бөлу туралы келісімшарттың жарамдылық мерзімі 2024 жылдан 2039 жылға дейін 15 жылға ұзартылады, бұл қосымша 9 млн. тоннаға жуық мұнай өндіруге мүмкіндік береді. Тараптар сонымен қатар Дунга кен орнын игерудің 3 фазасын іске асыру туралы келісімге келді, оның аясында компаниялар $300 млн-ға жуық қаражат инвестиция салады, бұл мұнай өндіруді жылына ағымдағы 600 мың тоннадан 850 мың тоннаға дейін ең жоғарғы деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. 

Құжаттың маңызды шарты - Ілгерлеген шкала бойынша келісім аясында кірісі мол өнім саласында ҚР-ның үлесін ағымдағы 40%-дан 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 60%-ға дейін арттыру. Келісімде компаниялардың Қазақстанның ішкі нарығына өндірілген мұнайдың бір бөлігін жеткізу және жыл сайын кемінде $1 млн көлемінде әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша міндеттемелері бектіліген. 

Өз кезегінде, Каспий теңізінің қазақстандық секторында Абай теңіз учаскесінде бірлескен қызмет аясында көмірсутектерді барлау және өндіруде жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына ҚР энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қ. Есқазиев және ENI Орталық Азия аймағы бойынша атқарушы вице-президенті Лука Виньяти қол қойды.

Жобаларды іске асыру Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутекті барлау және өндіруге инвестицияларды арттыруды қамтамасыз етеді. Құжатқа сәйкес, Абай учаскесінде көмірсутекті барлауға және өндіруге келісім жасалған, онда қарастырылған: тереңдігі 2500 м бірінші іздеу-барлау скважинасын бұрғылау, 700 бойлық км көлемінде 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу және жалпы сомасы 14 млрд теңге болатын өзге де жұмыстар. 

Жалпы, келісімді іске асыру Қазақстан үшін жобаның экономикалық тиімділігін арттыруға әкеледі, сондай-ақ мұнайсервистік компаниялар үшін қосымша жұмыс көлемі мен қызметтерін құруға, өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.