Отандық қазандық жабдықты пайдалану көмірге шығынды 30%-ға төмендетеді – ҚТЖ

Қостанай өңіріндегі Қостанай мен Майлин станцияларына жылу беру маусымы қарсаңында қазақстандық су жылыту қазандықтары орнатылды.

«Қатты отынмен су жылытатын ұзақ мерзімді (ТКДГ – 400 кВт) пиролиздік газбен жану қазандығы жоғары жылу бөлу мен ауаға зиянды қалдықтарды аз шығаруымен құнды. Отынның толықтай жануына байланысты оның пайдалылығы 90 % кем емес», - деп атап өтті «Теміржолсу-Қостанай» ЖШС өндірістік- техникалық бөлімінің бастығы Кәрім Тәңкебаев.

Оның айтуынша, осындай маркідегі қазандықтарды пайдалана отырып, теміржол кәсіпорындарындағы еңбеккерлердің жағдайын жақсартады. Қазандық машинисі тиісті температураны қадағалап, оны 48 сағат бойы тұрақты ұстап тұра алады. Бұл қазандықтар ұзақ мерзімдік пайдалануға қолайлы.

«Пайдалану мүмкіндігі жөнінен жаңа қазандық бұрынғылардан тиімді. Шығыны аз. Көмірді пайдалану тиімділігі 30% жетеді. Қазіргі кезде жылу-энергетикалық отындар бағасы күн санап өсіп келеді», - дейді К. Тәңкебаев.

ҚТЖ мәліметінше, қазақстандық қазандықтарды жергілікті теміржол кәсіпорындарында қолданысқа қазанда енгізу жоспарлануда.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу