Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда жоғарғы технологиялар мектебі ашылады — Кваме Ямгнанемен сұхбат

Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020, 14:29:56

«Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы қарсаңында Primeminister.kz редакциясы шараға қатысу үшін АҚШ-тан арнайы келген Qwasar Silicon Valley-дің негізін қалаушылардың бірі Кваме Ямгнанемен сұхбаттасты. К. Ямгнане өзінің цифрлық болашақ туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, бағдарламалау ісіне оқытудағы әлемдім трендтер жайлы айтып берді, сондай-ақ АХҚО үздіксіз кәсіптік дамыту бюросы базасында елордада QWANT жоғары технологиялар мектебін іске қосу жоспары туралы баяндады. 

— Құрметті Кваме Ямгнане, Қазақстанға хош келдіңіз! Сіз «42» компьютерлік бағдарламалау мектебінің тең негізін қалаушы екенсіз. 42 school-ды білім беру жүйесінің болашағы деп атайды. Мектептің ерекшелігі қандай? Ол неліктен мұндай табысты?  

— Бұл дәстүрлі емес мектеп. Біз EPITECH әріптестерімізбен бірге оны 2013 жылы Парижде аштық. Одан соң біз оны Кремний алқабына әкелдік. 42 инновация мектебі әлем бойынша барлық білім берудің дәстүрлі жүйесінен түбегейлі ерекшеленеді. Мысалы, мұнда мұғалімдер, оқулықтар мен дипломдар жоқ. Оқыту автоматтандырылған және ойын процесі түрінде ұсынылады. Студент өзінің оқуы үшін өзі жауап береді. Диплом алуды емес, шынымен білім алуды қажет еткендер ғана оқиды. Ақпарат аса қарқынды, қысқа мерзімде, демалыссыз беріледі, нәтижесінде оқу мерзімі бірнеше жылға созылмайды.    

— Сонымен қатар сіз бағдарламалауға оқыту үшін онлайн платформасы бар «QWASAR Silicon Valley» алғашқы мектебінің негізін қалаушысыз. Оның басқа мектептерден айырмашылығы неде? Сол туралы айтып берсеңіз?

— QWASAR Silicon Valley — бұл дәл қазір Кремний алқабына не қажет болса соны оқытатын мектеп, бағдарламалық инженерлерді оқытамыз. Әрине, ең үздік бағдарламалау инженерлері Кремний алқабында екенін бәрі біледі, біз оқушылардың тәжірибесін ол жерден осында әкелу үшін мектеп ашып жатырмыз.  

— Қазір бағдарламалауды оқыту бойынша көптеген мектептер, курстар, онлайн-форматтар пайда болды. Бағдарламалауға тиімді оқыту үшін не қажет? 

— Бағдарламалау — бұл инженерия, сондықтан бағдарламалауды үйрену үшін көп тәжірибе қажет. Егер біз Қазақстанды алатын болсақ, мұнда STEM базасы өте мықты: физика-математика жағы күшті. Бұл бағдарламалау негіздерін зерделеу үшін жақсы негіз. 

— Қазақстанда 42 school инновациялық бағдарламалау мектебінің мысалында мектептер немесе оның филиалдарын ашу мүмкін бе? 

— Іс жүзінде біз АХҚО-ымен бірлесіп мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Өйткені біз Қазақстанға жоғары технологиялар мектебін әкелуді мақсат тұтамыз, бұл сіздің елді цифрлық дәуірде жылдамырақ дамытуға мүмкіндік береді.  Бұл бағыттағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері Қазақстан Премьер-Министрі А. Маминнің жуырда Сан-Франциско қаласында болған кезінде алғаш рет талқыланды. 

Мектептің ашылуы қаржы технологиялары саласындағы сапалы кадрларды даярлау арқылы қаржы саласының цифрландырылуына ықпал ететін болады, мұндай кадрлар цифрлық экономика талаптарын ескерумен банктік емес өнімдерді әзірлеп, енгізе алады. 

— Бұл мектеп Қазақстандағы көптеген мектептерден несімен ерекшеленетін болады? 

— Мектепті АХҚО Бюросы базасында ашу жоспарланған. Ол QWANT деп аталады. Мектепте оқуға өтінім беру процесі мектептің веб сайтында онлайн жүргізіледі. Тестілеуден өтіп, сұхбат беру қажет. Сайт іс жүзінде дайын, мен өте көп өтінімдер болады деп үміттенемін, біз кәсіби бағдарламалау инженерлерін дайындай аламыз. 

— Сіз атап өткендей, АҚШ-тағы 42 мектебінде мұғалімдер жоқ, командалық жұмыс пен тең құқылық принциптері басшылыққа алынады. Қазақстанда осы жұмыс қағидаттарының барлығы сақтала ма? 

— Әрине, сақталады. Оқу бағдарламасы да “белсенді оқыту”, тепе-теңдікті  андрагогика, жобалық оқыту, геймификация және рөлдік модельдеу қағидаттарына негізделеді. Бұл қағидаттардың барлығы бірнеше жыл бойы EPITECH университетінде тексерілді. Мектептің ерекшелігі, оқу процесінің фасилитаторы және бақылаушысы ретіндегі педагогтың болмауы. Яғни, оқу үшін жауапкершілік пен нәтижесі толықтай студентке жүктеледі, бұл тапсырмаларды шешуде креативтілік үшін мүмкіндіктер ашады, коммуникация дағдыларын дамытады, командада жұмыс істеуге үйретеді, нәтижеге бағдарлайды. 

— Цифрлық технологиялар білім беруді қалай өзгертуде?

— Көптеген процестер жүріп жатыр.  Ғылымның білім беруге ықпалы барынша артып келеді. Оқыту тәсілдері өзгеруде, студенттердің білім алуы да өзгеруде. Мысалы, 20 немесе 30 жыл бұрын білім алу үшін міндетті түрде университетке түсу керек болатын, өйткені адамдарға басқа ешқандай білім ресурсы қолжетімді болмады. Бүгінде мұның барлығын онлайн іске асыруға болады, қазір Google бар. Егер бірдеңе жайлы білгің келсе, Google-ге атауын енгізіп, бұл туралы ақпаратты оңай таба аласың. Яғни, әлемнің кез келген нүктесінен білім қолжетімді. Бұл технология ықпалдарының бірі - интернет алып келген ауқымды өзгерістердің бірі. 

— XXI ғасырда адам қандай құзыреттерге ие болуы керек?

— Қазіргі сәтте XXI ғасырда қажетті қабілеттер - бұл шынымен креативті болу, пайдаланушылармен жұмыс істеу, өзің бастаған істе новатор болу. Ең маңыздысы - сенің білгеніңнен артық емес, бірақ дәл осы мәселеде инновациялы және креативті болу. 

— Бағдарламалауды оқытудағы қандай трендтерді атап өте аласыз?

— Бағдарламалауды біздің оқытуымызға орай, үлкен өзгерістер орын алуда. Бағдарламалау - бұл екі маңызды құрауыш. Бірінші - компьютерлік ғылымдар, мұнда математиканы білу маңызды. Екінші жағынан, бағдарламалау инженері қалай болуы керектігін білу. Бағдарламалық қамту инженері - бұл компьютерлік ғылымдардағы сенің біліктерің мен құзыреттерің ғана емес, бұл сенің бағдарламаларды құруға қабілеттерін, қарқындылығың, заманауи технологиялармен жұмыс істеуің, өз жобаңды басқара білуің. Сондықтан, бұл тек компьютерлік ғылымдар туралы ғана емес. Біз жасайтын үлкен өзгерістердің бірі - Қазақстанға үлкен технологияларды жеткізуіміз, бұл барынша көп тұрғындарды оқытып, осы жайттарды бәріне үйретуге мүмкіндік береді.  

— Қазақстандағы цифрландыру процесін сіз қалай бағалайсыз?

— Қазақстанның цифрландыру саласында әлеуеті зор, өйткені сіздерге цифрландыруға өту үшін барлық тарихи кезеңдерден өту қажет емес. Сіздер нақты экономика саласында технологияларды енгізу арқылы болашаққа зор серпіліс жасай аласыздар. Сіздер қазірден ТОП-қа шығып, цифрлық экономикада ең жоғарғы деңгейге қол жеткізе аласыздар. Сіздер экономика саласында үлкен өзгерістер жасай алдыңыздар, оның дәлелі АХҚО ашылуы бола алады. Қазір сіздер цифрландыру бойынша зор өзгерістер жасап жатсыздар. Сондықтан, мен қазір болып жатқан жайттар арқылы сіздер қазіргі деңгейден цифрландырудың ең жоғарғы деңгейлерінің біріне секіріс жасап жатсыздар деп ойлаймын. Бұл тағы 5-10 жыл уақытты алады, одан кейін сіздер жоғары деңгейге шығасыздар. 

Цифрлық экономикадағы ең маңыздысы - адам капиталын дамыту мәселесі. Мықты цифрлық экономикадағы ең маңыздысы - адамдар. Сондықтан, сіздерде көп бағдарламалау инженерлері, өз елін цифрлық дәуірге, жаңа деңгейге жеткізе алатын адамдар болуы қажет. Өйткені, қазір бәрі бір-бірімен байланысты, мұндағы адамдар АҚШ-тағы, Шығыс Еуропадағы, Азиядағы, Орталық Азиядағы, барлық аймақтардағы адамдармен жұмыс істейтін болады. Сондықтан осыны істейтін адамдар болуы керек, сол себепті біз мұны Қазақстанға әкелгіміз келеді. 

 — Қазақстан Үкіметінің осы бағыттағы жұмысын сіз қалай бағалайсыз?

— Мен Қазақстан Үкіметінің тарапынан ешқандай проблема жоқ деп ойлаймын. Ол тура жолда. Мен мұнда жұмыс істейтіндіктен, мұны сеземін. Мысалы, екі ай бұрын Кремний алқабында мен сіздердің Премьер-Министрмен кездестім. Демек, сіздің Үкімет Кремний алқабы тәрізді экожүйеде не болып жатқанын түсінеді деген сөз. Бұл өте маңызды. Менің ойымша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев елдің алға ілгерілеуі үшін зор үлес қосты. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бұл идеяны қолдап, оны жоғары деңгейге дейін жеткізді. Біз Қазақстанда жаңа қаржы орталығын құру үшін қолда бар мүмкіндіктеріңізді көріп отырмыз, сіздер Кремний алқабы тәрізді жетілген экожүйеге келгенде, оның қалай жұмыс істейтінін түсіне аласыздар. Мен Қазақстанды жаңа деңгейге шығару үшін шынымен әзірленіп жатырсыздар деп ойлаймын. Бұл енді іске асыру мәселесіне ғана келіп тіреледі. Өзгерістер болады, менің ойымша, мұнда проблема жоқ. 

— Бұл сіздердің Қазақстанмен алғаш рет жұмыс істеуіңіз. Неліктен сіз Қазақстанды таңдап алдыңыз?

— Біз басқа елдермен жұмыс істеп жатырмыз, мысалы, Африкада филиалымыз бар. Бірақ біз үшін Азия - жаңа аймақ. Біріншіден, Орталық Азия елдері әлем үшін толық ашылған жоқ. АХҚО ашылғанға дейін сіздердің елге келу қиын болды, Қазақстанда бизнес дамыту қиын еді, өйткені мұнда ережелер басқа. АХҚО ашылған соң бізге біраз жеңілірек болды, біздің мүмкіндіктеріміз көбейді, бізге бизнеспен айналысу жеңілдеді. Сіздің ел үнемі дамып отыр, өзінің эволюциясын бастан кешірді. Бірақ қазір ол цифрлық инновациялар фазасына әзір деп ойлаймын, біз сол үшін мұндамыз. 

— Ертеңгі форумда инновациялар және цифрландыру саласының ең көрнекті өкілдері жиналады. Сіздер форумда саланың басқа өкілдерімен қандай бастамаларды талқылағыңыз келеді?

— Біздің панелдік сессиямыз болады, онда цифрлық технологиялардың білім беруге ықпалын талқылайтын боламыз, сондай-ақ мектептің ашылуы туралы әңгімелесеміз. 

—Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!

— Менімен сұхбаттасқаныңыз үшін рахмет! Мен мұнда келгенімен қуаныштымын. Маған қазақстандықтардың қонақжайлылығы өте ұнайды. Сіздерге осындай болып қалып, форумның мақсаттарына тезірек қол жеткізіп, цифрлық дәуірде жылдам көтерілуді тілеймін.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Маусым 2020, 20:17
Тарихи ескерткіштер, спортшыларды даярлау және туризм индустриясы — Қазақстанда мәдениет пен спорт қалай дамуда
05 Маусым 2020, 19:09
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді
05 Маусым 2020, 17:29
Аты аңызға айналған Алматының апортын жаңғырту: кәсіпкерлерді қолдау және алма бақтарын ұлғайту қалай жүргізілуде
05 Маусым 2020, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №346 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №344 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 02 маусымдағы №342 Қаулысы
05 Маусым 2020, 12:53
Айдын Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 17:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 17:16
Қашықтан оқыту, 1 сыныпқа онлайн қабылдау, Абай атындағы мектептер желісін құру — былтырғы оқу жылындағы жаңашылдықтар қандай
04 Маусым 2020, 15:42
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 13:00
А. Мамин: инвестициялар тарту — экономикалық өсімді қалпына келтірудің негізгі драйверлерінің бірі 
04 Маусым 2020, 12:15
Ерлан Байтұқбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 10:15
Бірқатар өңірлердің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды
04 Маусым 2020, 08:55
Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 08:41
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 19:15
Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті
03 Маусым 2020, 19:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.