Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда онлайн-travel дамыту: туристерге нені білу керек

Жұма, 14 Маусым 2019, 17:52:07

2019–2025 жылдарға арналған туристік саланы дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыты — туристік қызметтер нарығында цифрландыру деңгейін арттыру. Ішкі туризмнің перспективалары және бұл бағытты жетілдіру бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы PrimeMinister.kz тілшісіне «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Өркен Бисақаев айтып берді.

Негізгі жоба — Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы. Қазіргі кезде портал қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс, қытай тілдерінде жұмыс істейді. Биыл кәріс тілі қосылады. Мұнда шетелдік туристер еліміздің басты ерекшеліктері мен көрікті жерлерімен танысып, Қазақстанда саяхаттау үшін барынша мол ақпарат ала алады.

Kazakhstan.travel порталында бизнеске арналған бөлім бар, ол тур операторларға, гидтерге, туристік агенттіктерге, қолөнер шеберлері мен кәдесыйлар сататын дүкендерге өз бағыттары, тауарлары мен көрсететін қызметтері туралы ақпаратты тегін орналастыруға мүмкіндік береді. Биыл бизнес үшін функционалды біршама арттыруды көзделген. Ұшақ билеттері мен қонақ үйлерді брондау үшін агрегаторлар іске қосылады.

Сонымен қатар порталды дамыту аясында бастама ретінде Е-hotel жобасы ұсынылды, оның маңызды міндеті — е-виза алу үшін электронды шақыруларды беруді автоматтандыру, қонақ үйлер мен басқа да тұратын жерлердің бірыңғай базасын құру. Кейін бұл жоба тұратын орындар туралы ақпарат алу үшін бірыңғай терезеге айналуы тиіс.

Бұдан басқа, басымдықты топ-10 туристік аумақтарда тегін ғаламтор желісін ұсыну, шетелдік туристер үшін PowerBank және SOS түймесі тәрізді жұмыс істейтін мобильді MiFi роутерлер беру жоспарланған.

Ішкі туризмді дамыту үшін сонымен қатар жастарды Қазақстанда саяхаттауға үндейтін Киелі жерлер геймификациясы жобасы ұсынылды.

Бұл бастамалардың барлығы туристер үшін пайдалы болады, бүгінгі таңда 3,5 млрд-қа жуық адамға ғаламтор қолжетімді, бұл адамдардың жастары, білім деңгейі мен табыстары әр түрлі.  Google зерттеулеріне сүйенсек, туристердің 65%-ның демалыс орнын таңдауына онлайн ресурстардан алған әсерлері ықпалын тигізеді.

2018 жылы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 8,79 млн адамды құрағанын айта кету керек, өсім 14%-дан астамды құрайды. Сонымен қатар ішкі келушілер саны артты — өткен жылы 4,7 млн ішкі турист болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. (Еск. – статистикада келушілердің жалпы саны ескеріледі, оның ішінде іскерлік мақсаттағы (іссапарлық), достары мен туыстарына келу мақсатындағы (VFR) және демалу мақсатындағы (leisure) келушілер ескеріледі).

Негізінен, қазақстандықтар сауықтыру және жағажай туризмін таңдайды. Жаз уақытында көпшілік Алакөл, Балқаш көлдерінің, Каспий теңізінің жағалауларына, Бурабай курорттық аймағына барады. Статистика бойынша, өткен жылы еліміздің курорттық аймақтарында 1 млн-нан астам қазақстандық тұрақтаған. Ұлттық парктерге барушылар саны 1 234 362 адамды құрады.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағында үш жұлдызды қонақ үйде таңғы ас қамтылған стандартты нөмірде жазғы кезде демалу құны бір ересек адамға 10 мың теңгеден 30 мың теңге аралығында болады. Көптеген отельдер жеңілдіктер ұсынады, ал 5 жасқа дейінгі балалар тегін демала алады. Сарыағаш курорттық аймағында бес рет тамақтанумен және емдеу бағдарламасымен стандартты нөмірде тұру бағасы 11-15 мың теңге аралығында. Алакөл жағалауында пансионы толыққанды демалыс базаларында бір нөмірдің құны 10-12 мың теңге аралығында.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.