Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

QazTrade бірыңғай терезесі: экспортты ілгерілету жұмыстары қалай реттелуде

Сейсенбі, 19 Қараша 2019, 17:46:01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында қазақстандық экспорт үлесін арттыру және сыртқы сауданың географиялық ауқымын кеңейту мәселесіне баса назар аударды, сондай-ақ, экспортқа жұмыс жасайтын компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін арттыру міндетін қойды. Әсіресе, өнімдерді өткізу саласында шағын және орта бизнесті қолдау тапсырылды. Осы тапсырмалар аясында биыл қазақстандық өңделген тауарлардың жаңа нарықтарын табу мақсатында экспорттаушылар үшін «QazTrade» институты құрылған болатын. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның экспорттық талдау жөніндегі жобаларының басшысы Шыңғыс Торез толығырақ айтып берді.

 

— Мемлекет басшысы отандық тауарлардың экспорты мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Экспорт үлесін арттыру – Үкіметке жүктелген негізгі тапсырмалардың бірі. Сіздің ойыңызша, отандық өндірушілердің сыртқы нарыққа шығуына неліктен баса мән беріліп отыр?

— Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – Президент тапсырмасына байланысты шикізаттық емес экспорт үлесін 2022 жылға дейін 1,5 есеге, ал 2025 жылға дейін 2 есеге арттыру болып отыр. Қазіргі таңда халықаралық нарықтардың құбылмалылығы артып келеді, сол себепті, біздің экономикамыздың нарықтардың құбылуына тәуелділігін бәсеңдету бойынша жасалып жатқан жұмыстар осыған негізделген. Сонымен қатар, шикізаттық экспортқа тәуелділікті төмендету мақсатында отандық өндіріс ошақтарын күшейту, негізгі тауарлардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттігін арттыру жұмыстары атқарылуда. Қазір қарапайым тауарды сатқаннан гөрі, оған қосымша құн қосып сатқан біздің экономикамыз үшін тиімдірек. Бұл жалпы ішкі өнімдегі үлестің артуына, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне септігін тигізеді, яғни, жаңа жұмыс орындары ашылып, тауарлардың сапасы артуы, қазақстандық брендтің әлемге танымал болуы осы мәселе аясында шешілуі керек. 

Бүгінде қазақстандық экспорт құрылымында шикізаттық тауарлардың үлесі өңделген тауарлардың үлесінен үш есеге жуық жоғары екені байқалады. Мәселен, егер Қазақстан 80-ге жуық дайын өнім түрін экспорттаса, көрші Ресей – 360, Беларусь - 700-ге жуық, Қытай 1400 шамасында өнім түрін экспорттайды. Қазақстанның дайын ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдері өндірісін дамыту әлеуеті зор. 

 

— ҚР Сауда және интеграция министрлігінің жанынан Qaztrade мекемесі құрылды. Оның мақсаты мен міндеті қандай?

— Иә, қазіргі таңда Qaztrade өз жұмысын бастады. Бүгінде экспорттаушылар үшін аса маңызды проблемалардың бірі — мемлекет тарапынан берілетін қолдау шараларының әртүрлілігі. Яғни, осы барлық қолдау операторларын «бір терезеге» жұмылдыру және орталықтандыру біздің ең басты мақсаттарымыздың бірі. Сонымен қатар, Qaztrade аясында export.gov.kz электрондық порталы ашылады, аталған портал негізінен экспорттаушылардың өз тауарларын шет елдерде насихаттауына, маркетингтік зерттеулер жүргізулеріне, сонымен қоса, біздің отандық тауарлар туралы шет елдегі тұтынушылардың білуіне септігін тигізеді. 

«QazTrade» базасында экспорттаушыларға көптеген қызмет түрлерін ұсыну бойынша ақпараттық-талдау порталы құрылуда. 

Атап айтқанда, «бір терезе» арқылы кәсіпорындарға келесі қызмет түрлері ұсынылатын болады: 

  • кәсіпорынның және оның тауарларының экспорттық әлеуетін тәуелсіз бағалау;

  • әлеуетті импорттаушының нарықтық талдауы және тауарды ілгерілету үшін маркетингтік науқан жүргізу;

  • тауарлар мен қызметтердің экспорты үшін қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру;

  • шетелдік салалық және елдік нарықтарды тереңінен әрі жан-жақты талдау;

  • сыртқы нарықтарға шығудағы сауда кедергілерін зерттеу және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Порталда экспорттаушыларға қажетті барлық ақпарат болады, оның ішінде Қазақстанның экспортқа шығаратын тауарлары бойынша ақпараттық материалдар, статистикалар, жарнамалар және экспорттық қызметке қатысты басқа да мәліметтер қамтылады. Сонымен қатар, порталда қазақстандық экспорттаушы жеткізушілер мен олардың өнімдерінің тізімі жарияланады. Бұл шетелдік тапсырыс берушілерге қазақстандық контрагенттерді табуға жол ашады.

— Қазіргі таңда экспорттық бағытты қолдау аясында қандай жаңа іс-шаралар енгізілуде?

— Бүгінде жүзеге асырылып жатқан жаңа іс-шаралардың ішінен экспорттық акселераторды атап өтуге болады. Қазіргі таңда біз мұның әдіснамалық тұжырымдамасын дайындап жатырмыз. Оны Qaztrade акселераторы деп атадық. Акселератор аясында еліміздің кәсіпкерлері, оның ішінде, әлеуетті экспортшылар да өздерінің тауарларын экспортқа шығаруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, қазіргі таңда өнімдерін жылына аз көлемде экспорттап жүрген кәсіпкерлер болса, өздерінің экспорттық көлемін арттыруға, жаңа нарықтарды ашуына мүмкіндік ала алады. Экспорттық акселератор әлемде қазір өзінің қалай жұмыс істейтінін және тиімділігін көрсете алды. Келесі жылдан бастап Қазақстанда да жұмыс жасайды деген ниеттеміз. 

 

— Ал электрондық сауданың Қазақстандағы даму әлеуеті туралы не айта аласыз?

— Қазақстанда қазіргі таңда бөлшек сауда айналымында жалпы көлемде электрондық коммерцияның пайызы төмен. Біздің алдымызда тұрған басты мәселелердің бірі — «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру. Ол үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Жол картасын даярлап, бекітті. Оның аясында электронды саудада экспорттың үлесін арттыру, отандық компанияларды электрондық саудаға тарту және инфрақұрылымды дамыту, тұтынушылардың өзіндік құқықтарын қорғау платформасын дайындау қолға алынады. Тағы атап өтетін болсақ, биыл қазан айында «Qaztrade» «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «интернет экспорттаушы мектебі» бағдарламасын жүзеге асырды. Бұл еліміздің бизнесмендерін әлемдік электронды платформаларға шығаруға мүмкіндігін береді. Бүгінде 50 экспорттаушы анықталып отыр, бұл компаниялар «алтын тауар жеткізуші» деген атаққа ие болып, Alibaba платформасында жұмыс жасауды бастайды. Тағы бір айта кететін маңызды нәрсе – әлемдік электрондық цифрлық платформалардың дамуына сәйкес, Қазақстанда да электрондық саудада жұмыс жасау қазіргі кәсіпкерлер үшін ерекше бір маңызды рөл атқарады, халық арасында кеңінен таралып келеді. 2025 жылға дейін электрондық сауда үлесін 5-10 пайызға жеткізуді көздейміз. 

 

— Мемлекет тарапынан экспорттаушылар үшін қандай қолдау формалары қарастырылған?

— Президент Жарлығына байланысты, Министрлік әзірлеген Жол картасында ішкі және сыртқы кедергілерге ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, маркетингтік зерттеулерге өзіндік үлесін тигізу, яғни Made in Kazakhstan брендін шет елдерде таныту мақсаты бар, бірыңғай қаржылай қолдау шаралары да қарастырылған. Қызмет көрсету экспортының маңыздылығы арттырылды, бұл ретте алыс шетелден туристер ағымын ұлғайту, туристік сатып алу қабілетін жақсарту, tax free жүйесін енгізу, шетел студенттерінің Қазақстанда білім алуына ынталандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Барлығы 81 іс-шараны іске асыру көзделген, оның 52-сі тауар экспортын қамтыса, 29-ы – қызмет көрсету саласына арналған. Шикізаттық емес экспортты қолдаудың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мықты жүйесін жасау – ең басты міндеттердің бірі. 

 

— Сұхбат соңында айта кетсеңіз, Экспорттаушылардың басты проблемасы қандай және оларды шешу жолдары қарастырылған ба?

— Экспорттаушылар негізінде ішкі және сыртқы кедергілерге жиі тап болады. Осыған байланысты Жол картасы аясында біз құқықтық актілерге талдау жасаймыз, материалдық және уақыт шығындарын қысқарту жұмыстар жүргізіледі, ЕАЭО кедендік шекарасындағы инфрақұрылымды жақсарту қажет, сондай-ақ, шығу сертификаттарын алуды электрондық форматқа ауыстыру көзделген.

 

— Шыңғыс Әділбекұлы, Сізге толыққанды ақпаратыңыз үшін алғысымызды білдіреміз, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Қазақстанның 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы сыртқы сауда-саттығы $70,4 млрд құрады, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,5%-ға жоғары ($69,3 млрд). Қазақстаннан жалпы экспорт 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 4,4%-ға төмендеті және $42,7 млрд құрады, импорт 12,3% өсіп, $27,6 млрд құрады. 

Қазақстаннан өңделген тауарлар экспорты 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1,8%-ға төмендеп, $11,3 млрд құрады. 

Сонымен қатар, өңделмеген мырыш – 2 есе немесе $243,2 млн-ға өсім ($234 млн-нан $477,2 млнға), уран 24,5%-ға немесе $197,8 млн-ға ($806,4 млн-нан $1 004,2 млн-ға), мыс және мыс катодтары 6,8%-ға немесе $123 млн ($1 796,8-нан $1 919,8 млн-ға), циклді көмірсутектер – 12,9 есеге немесе $67,6 млн-ға өсім ($5,7 млн-нан $73,3 млн-ға) секілді тауарларды жеткізу көлемінің артқаны байқалады. 

Қазақстаннан экспорттың негізгі өңделген тауарлары мыналар: мыс және мысты катод – $1,9 млрд (16,9% үлесімен), ферроқорытпалар $1,5 млрд (13,1%), уран $1 млрд (8,9%), мұнай өнімдері $802,9 млн (7,1%), сұйытылған газ $524,1 млн (4,6%), өңделмеген мырыш $477,2 млн (4,2%), өңделмеген алюминий $366,4 млн (3,2%), ұшу аппараттары $233,5 млн (2,1%), күміс $232,7 млн (2,1%).

Қазақстандық өңдеу тауарларының басты тұтынушылары: Қытай (24,8% үлеспен), Ресей (18,8%), Өзбекстан (6,3%), Нидерланды (5,8%) Түркия (4,4%). Аталған елдер жиынтығында қазақстандық өңделген тауарлардың 60,1% пайдаланады. 

2019 жылдың 9 айындағы Қазақстанның өңделген тауарларының негізгі экспорттық өсімі мына елдер есебінен байқалады: Қытай $385 млн ($2,4 млрд-тан $2,8 млрд дейін), Канада $100,6 млн-ға ($113,5 млн-нан $214,1 млн дейін), Өзбекстан $86 млн ($626,7 млн-нан $712,7 млн дейін), Франция $84,5 млн-ға ($46,6 млн-нан $131,1 млн дейін), Индонезия $61,7 млн-ға ($446,4-нан $62 140,8 мың дейін).

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Тамыз 2020, 18:46
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламаға қол қойды
12 Тамыз 2020, 16:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
12 Тамыз 2020, 13:54
Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.