Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

МӘМС тұрғындардың денсаулық сақтауға жұмсайтын шығындарын 2 есе азайтады — Л. Ақтаева сақтандыру медицинасын енгізу туралы

Жұма, 13 Қыркүйек 2019, 12:57:36

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге ерекше көңіл бөлді. Бұл жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл ретте тегін медиицналық көмек әрбір қазақстандық үшін қолжетімді болады. Денсаулық сақтау жүйесінде қандай өзгерістер болатыны туралы тиісті ведомствоның вице-министрі Лязат Ақтаева айтып берді. 

— Лязат Мейрашқызы, медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселе екі жылдан бері көтеріліп келе жатыр. Қор өз жұмысын 2017 жылы шілдеде бастаған болатын, бірақ жүйені іске қосу екі рет кейінге шегерілді. Енді, міне, Президент сақтандыру медицинасына көшу туралы жариялады. Еліміздің бұған әзірлігі қандай?

— Біздің өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен жұмыс істеу үшін, олардың статусын өзектендіру үшін, медицина қызметкерлерін оқыту үшін нормативтік-құқықтық актілер мен ақпараттық жүйелерді әзірлеу үшін уақытымыз жеткілікті болды деуге болады. Осы жылдар ішінде бұрын орын алған барлық кемшіліктер жойылды. Бүгінде денсаулық сақтау жүйесі МӘМС енгізу үшін жоғары әзірлік деңгейінде. 

Осы уақыт аралығында қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында медициналық қызметтерге толыққанды бірыңғай төлем жүргізушіге айналды, сатып алулар рәсімін барынша пысықтады, жеткізушілердің - медициналық ұйымдардың сапалы базасын қалыптастырды, ақшалай қаражаттың аса жеткілікті көлемін — 200 млрд теңгеден астам қаржы жинақтады. Бұл ретте, бүгінгі таңда аударымдар мен жарналар тек жалдамалы жұмыскерлер үшін ғана жүргізіледі, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін енді ғана жүргізіле бастады. Филиалдар құрылды, ұжымдар бар, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сатылатын медициналық қызметтерді сатып алу үрдістері де енгізіліп қойды. 

2020 жылғы 1 қаңтарға қарай аяқтауымыз тиіс іс тек — азаматтардың статустарын өзектендіру, сақтандырылған немесе сақтандырылмаған азаматтарды есепке алу. Әрі, тегін және сақтандыру пакеттеріндегі медициналық қызметтерді жекелей есепке алу жүйесін барынша жетілдіру. Медициналық ақпараттық жүйелер осы үшін де қажет. 

 

— Сіз азаматтардың статустарын өзектендіру туралы айтып өттіңіз. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректері бойынша 600 мыңға жуық адам өзектендірілмеген. Бұл көп пе, аз ба?

— Бұл халықтың бар болғаны 5%, олар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарын әзірге түсінбеген азаматтар. Дегенмен, осы азаматтар үшін алдағы уақытта медициналық сақтандыру жүйесі тап болуы мүмкін әлеуетті сын-тегеуріндердің бар екенін білеміз. Сондықтан да, бізге халыққа медициналық сақтандырудың барлық артықшылықтары мен оған қатыспаудың сын-тегеуріндері туралы ақпаратты жеткізу өте маңызды. 

Біз бұл бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз және жыл соңына дейін оларды МӘМС жүйесіне тарта аламыз деп ойлаймыз. 

Егер басқа қырынан қарасақ, онда біз жүйеге тұрғындардың тартылуының жеткілікті жоғары деңгейін көрсетіп отырмыз – дамыған елдедің сақтандыру медицинасына өтуі бойынша халықаралық сарапшылар тұрғындардың 80%-ын ұсынып отырса, біз олардың 95%-ын қамтыдық. Бұл көрсеткіш тәрізді, біз бұдан өттік. Бұл ретте көптеген елдер тек сақтандыру моделін енгізді, ал бізде ол әлеуметтік бағдарланған. Яғни, біз кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін сақтап қалдық, бұл тұрғындардың медициналық көмекті ала алмау қатерін барынша азайтты. Мұны Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында да нақты айтты, бұл ҚР Конституциясының 2-бабының тармағында және «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 34-бабында нақты көрсетілген. 

 

— 1 қыркүйектен бастап Жоба Қарағанды облысында пилоттық режимде іске қосылды. Бұл нені қарастырады? 

— Толыққанды іске қосар алдында біз барлық олқылықтарды жою және түзету үшін жүйені апробациялауға тиіс едік. Облыста жобалық кеңсе құрылды, ол күн сайын мониторинг жүргізетін болады. Біз де апта сайын сонда барып, медициналық қызметкерлермен, Денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен кездесіп, сақтандыру медицинасына көшу ел тұрғындарына қиындықсыз өтуі үшін өзекті, нені жақсарту керек деген барлық мәселелерді сол жерде көтеретін боламыз. 

Осы пилот аясында біз жүйеге қатысу-қатыспауына байланыссыз, барлық жергілікті тұрғындарға 31 желтоқсанға дейін профилактикалық тексерулерден өтіп, оңалту көмегін алу мүмкіндігін ұсындық. 

 

— Президент үш жылда, сақтандыру қаржыларын қоса алғанда, денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 2,3 трлн теңге бағытталатынын атап өтті. Медициналық көмектің кепілдендірілген тегін көлемін қамтамасыз етуге қандай қаржыландыру көзделген? 

— Шын мәнісінде, медициналық көмектің кепілдендірілген тегін көлемін қаржыландыру көлемі қазіргі деңгейінде сақталады. Бұл жылына бір триллионға жуық теңге. Сақтандыру пакетіне келетін қаражат қаржыландыру көлеміне қосымша болады. Дәл соның есебінен біз бүгін көлемді ұлғайту, медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін ұлғайту туралы айтамыз. 

— Тегін пакетте қандай медициналық қызметтер қалады, ал қандай түрлерін сақтандыру түрінде алуға болады?

— Медициналық көмектің кепілдендірілген тегін көлеміне барлық шұғыл көмек кірді. Яғни, емделушінің қандай да бір шағымдары болса, температурасы көтерілсе, ауырып қалса, ол дәрігерге жүгінеді және сақтандыру статусына қарамастан, медициналық көмекті тегін алады. Алғашқы медициналық-санитарлық, жедел және паллиативтік көмек, санитарлық авиация — бұның барлығы кепілдендірілген пакетте қалады. 

Сонымен қатар, тегін пакетте әлеуметтік маңызды аурулар және жоғары мүгедектік пен өлімге әкелетін психикалық бұзылулар, жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу жүйесінің аурулары, онкология, қант диабеті секілді 25 негізгі созылмалы жұқпалы емес аурулар кезіндегі медициналық көмектің толық тізімі қарастырылған. 

Бұл жағдайда консультациялық-диагностикалық, стационарды алмастыратын, жоспарлы стационарлық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және туберкулез кезінде медициналық оңалту тегін болады. Дәл осындай қызметтер барлық сақтандырылғандар үшін сақтандыру пакетінде қолжетімді болады. Бұл пакетті одан әрі кеңейту үшін халық медициналық сақтандыру жүйесіне белсенді қатысып, жүйеге ай сайынғы жарналар мен аударымдарды жасауы өте маңызды.

Сонымен қатар, балалар, зейнеткерлер, мүмкіндіктері шектеулі азаматтар, көп балалы аналар секілді 15 жеңілдікті санатқа ақыны мемлекет төлейтінін атап өтеміз. Ал жалдамалы жұмысшылар, жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, өзіне-өзі төлеушілер өздеріне төлейді. 

 

— Сіз осы жүйенің артықшылықтары туралы айттыңыз. Сөз не туралы? 

— Азаматтар өз бетінше, өз қаражаты есебінен мамандардың еміне, диганостикалық қызметтерге және консультативтік көмегіне ақы төлейтін тұрғындар шығыны бар. Оның ішінде кепілдендірілген тегін қызметтер де қамтылған. Бұл саланың жеткілікті қаржылындырылмауы себебінен орын алды. Нәтижесінде, біз тұрғындардың денсаулық сақтауға шығындайтын шығындарының 40%-ға дейін артқанын көрдік. Ал халықаралық сарапшылар тұрғындардың мұндай шығындары 20%-дан аспаған жағдайда ғана денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы жайлы сөз етуге болады деп санайды. Сақтандыру медицинасына көшуіміздің негізгі алғышарты да осы болды. 

МӘМС адамдардың жеке шығындарын екі есеге азайтуы тиіс, бұл өз кезегінде медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады. Ал медициналық ұйымдар жұмыс істеуге тиіс болатын бәсекелі орта мұндай көмектің сапасын көтеретін болады. 

— Бізге белгілі болғандай, іс жүзінде жүйе 1 қаңтардан емес, 1 сәуірден бастап іске қосылады. Осы үш ай ішінде қазақстандықтар медициналық көмекті сақтандыру пакетімен ала алады. Шынымен солай ма? 

— Бәрі дұрыс. Бұл кезеңге дейін барлық азаматтар шартты түрде сақтандырылған болып саналады. Бірақ, сәуір айында сақтандыру кезінде оларға өткен үш айдың берешегін өтеу керек болады. Сондықтан біз медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап толыққанды жұмыс істейтін болады деп нақты мәлімдей аламыз. 

— Сұхбатыңызға рақмет!


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.