Тегін медициналық көмек, квоталарды бөлу және отандық медицинадағы инновациялар туралы — Лязат Ақтаевамен сұхбат

Бейсенбі, 13 Маусым 2019, 21:03:57

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында медициналық қызметтердің сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды құрауышы екенін атап өтті. Халыққа тегін медициналық көмек беру туралы РrimeМinister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева айтып берді.

— Лязат Мейрашқызы, елімізде азаматтардың барлық санатына қандай медициналық көмек түрлері тегін көрсетілетінін және халықтың жекелеген санаттарына көрсетілетін медкөмектің түрлері қандай екенін айтып берсеңіз?

— Бүгінгі таңда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, шетелдіктерге, ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсетіледі. Жалпы, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі медициналық көмектің негізгі түрлерін қамтиды. Бұл - орта медицина қызметкері көрсететін, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар көрсететін біліктілікті көмек, белгілі бір нақты бағыт мамандары көрсететін мамандандырылған көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер және медициналық-әлеуметтік көмек. Мұның барлығы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді.

— Көмекті бөлу кезінде азаматтардың қандай санаттары алғашқы басымдыққа ие? Қымбат операциялар үшін квота қалай бөлінеді? Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға немесе көп балалы отбасыларға жекелеген кезек бар ма?

— Медициналық көмектің екі түрі бар – шұғыл және жоспарланған. Шұғыл медициналық көмек кезінде ешқандай да кезек болмайды, себебі ондай жағдайларда әрбір сағат, тіпті әр минут маңызды. Сондықтан да шұғыл медициналық көмек қажет болған кезде шұғыл медициналық көмек алу үшін медицина ұйымына жүгіну керек немесе 103 нөміріне хабарласу қажет. Жоспарлы медициналық көмекке келер болсақ, ол «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы реттеледі. Көрсеткіштер болған жағдайда дәрігер ауруханаға жатқызу үшін жолдама береді жəне емделушінің аты-жөні мен диагнозын ақпараттық жүйеге — «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына енгізеді. Науқастың ауруының түріне сәйкес медициналық қызмет көрсетілетін медициналық ұйым анықталады. Одан кейін, төсек орнының босауына, оның өткізу мүмкіндігіне қарай ауруханаға жатқызу күні белгіленеді. Ауруханаға жатқызу күні порталда көрсетілген күнмен сәйкес келмейтіні түсінікті, ауруханаға жатқызу кейінге шегерілуі мүмкін. Сондықтан да ол жоспарлы деп аталады. Алайда медициналық көмекті күту барысында науқасты ауруханаға жатқызуға кідіртуге болмайтын жағдай туындаса, ол шұғыл көмек көрсету санатына жатқызылады да, бірден ауруханаға жатқызылады. Стационарлық емделуге жекелеген кезек туралы айтар болса, мұнда да медициналық көрсеткіштерді басшылыққа алу қажет: щұғыл немесе жоспарлы. Жекелеген кезек жоқ. Дегенмен, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек түсінігі бар. Бұл қымбат тұратын медициналық қызметтерге қатысты: халықтың осы санаттарына басымдық берілген. Оларға — балалар, жүкті әйелдер, «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналар, 1, 2, 3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жасы бойынша зейнеттегі адамдар, ҰОС мүгедектері мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар кіреді. Сондықтан кез-келген медициналық ұйымда қымбат тұратын медициналық қызметке жолдама бірінші кезекте осы санаттардағы науқастарға беріледі. Мәселен, компьютерлік, магниттік-резонанстық, позитрондық-эмиссиялық томография және т.б.

— 2019 жылдың І тоқсанында шұғыл көмекті қоса алғанда қанша азамат мемлекеттік квота бойынша емделді?

— Осы жылдың І тоқсанында 1800 адамға жоғары технологиялық медициналық қызмет бойынша медициналық көмек көрсетілді. Мұндай қызметтерді барлық медициналық ұйымдар көрсетпейді. Бұл үшін тиісті кадр әлеуеті және материалдық-техникалық база болуы қажет. Мысалы, бұл — бүйрек, ұрық жасушаларын трансплантациялау, сүйек өткізгіштігін имплантациялау. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өлшемдерге сәйкестігіне байланысты рұқсат беретін жоғары технологиялық қызметтер бар. Одан кейін, Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқаннан кейін бұл қызмет тегін көрсетіледі. Бізде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемін арттырудың оң үрдісі байқалады. Егер жылдық көрсеткіштерді салыстырсақ, 2016 жылы 71 мыңға жуық адам жоғары технологиялық медициналық қызмет алса, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 105 мың адамды құрады. Көптеген медициналық ұйымдар жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсете бастаса, олар квота жоқ мамандандырылған медициналық көмек категориясына өте алады, яғни көлемі бойынша шектеу жоқ. Лимиттер халықтың сұраныстарына байланысты анықталады, яғни, егер осы технологияларға қажеттілік болса, мысалы, мыңдаған науқас эндопротездеуге мұқтаж болса, онда өткен жылдары көрсетілетін қызметтердің тарихи көлемі қадағаланып, халық санының өсуін ескере отырып, қанша адамға көмек көрсетілуі керек болатыны есептеледі. Яғни, белгілі бір қызметтерді шектеу кезінде міндетті түрде осы технологияға халықтың сұранысы ескеріледі.

— Медициналық көмекті шұғыл және жоспарлы күту кезіндегі шекті күту мерзімдері қандай?

— Шұғыл жағдайлар - жедел медициналық көмек қажет болатын жағдайлар, сондықтан мүнда күту уақыты жоқ. Жоспарлы ауруханаға жатқызу ғана «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңда «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында 44 мың адам жоспарлы емделуді күтіп жүр. Егер ауру түрлеріне қарап айтар болсақ, көбінесе офтальмологиялық аурулары, яғни көз аурулары бар, ортопедиялық аурулары бар, негізінен эндопротездеуді қажет ететін науқастар кезекте тұр. Кезек күту уақыты бірнеше айға дейін созылуы мүмкін, дегенмен, бұл күтілетін уақыттың науқастың денсаулығына кері әсерін бермейтін аурулар.

— Тегін медициналық көмек көрсетілетін аурулар тізімі қаншалықты өзгерді? Әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімі өзгере ме?

— Бүгінде әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімі, бұрынғыдай, 13 аурудан тұрады. Бұл тізім өзгермеген, бірақ өткен жылы бұл тізімді өзгерту туралы пікірталас болды. Біз бірнеше тізімдерде болуы мүмкін аурулардың қайталануын болдырмау үшін жұмыстар жүргіздік. Мысалы, әлеуметтік маңызы бар аурулар тізіміндегі сусамыр ауруы асқынулары болуы себепті адамның мүгедектігін тудырады. Соңында, бұл тізімді өзгертпеу туралы шешімге келдік. Бұл тізімдер неден шығады? Сөз мұндай аурулар кезінде диагностикалық қызметтер мен емдеу шараларын толық қаржыландыру қажеттігі туралы болып отыр, сондықтан бірінші кезекте бұл пациенттердің диагностикалық емдеу тактикасын қаржылық тұрғыдан өтеген маңызды. 2020 жылыдң 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сқатандыру функциясы іске қосылады. Денсаулық сқатау саласына қосымша қаржы ресурстары келеді. Сондықтан тұрғындардың диагностикалық қызметтерге қанағаттанбаушылығы МӘМС енгізілуіне орай қанағаттандырылатын болады. Сонда, мүмкін, біз бұл тізімді өзгертетін боламыз. Бүгінде бұл аурулар тізімі еш өзгерген жоқ.

— Мемлекеттік кепілдендіру мен сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету жүйесінде қандай өзгерістер орын алуы мүмкін? Бұл құжаттардың айырмашылықтар қандай?

— 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек көрсетудің бірнеше пакеті енгізіледі. Негізгісі — тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі. Екіншісі — сақтандыру пакеті. Үшіншісі — қосымша пакет.  Қосымша пакет ақылы қызметтер немесе заңмен рұқсат етілген басқа да көздер арқылы көрсетіледі. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі қазіргі кездегідей, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына көрсетілетін болады. Сақтандыру пакеті сақтандырылған пациенттерге көрсетіледі. Яғни, бұл  тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінен басқа медициналық көмек түрі. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі есебінен өтелетін және тұрғындарға тегін көрсетілетін пакетте қандай қызметтер болады? Бұл — жедел медициналық жәрдем, санитарлық авиация, бірінші реттік медициналық-санитарлық көмек, паллиативті көмек. Бұдан өзге, мүгедектік пен өлім-жітіммен айқындалатын әлеуметтік маңызы бар және негізгі аурулар кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бар. Бұлар 25 негізгі ауру түрлері, олардың қатарында артериялық гипертензия, қант диабеті, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі т.б. бар. Аурулардың мұндай түрлерінде тегін консультативтік-диагностикалық көмек, диагностикалық қызметтер, шағын мамандар кеңестері, жоспарлы стационарлық көмек, амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамту көрсетілетін болады.  Сонымен қатар, сақтандырылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамастан, барлық тұрғындарға шұғыл стационарлық көмек көрсетіледі. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүргізіледі. Тегін стационарлық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілмегендер сақтандыру пакетіне кіреді. Олар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілмеген аурулар бойынша консультативтік-диагностикалық қызметтер, амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамту, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілмеген аурулар бойынша дәрі-дәрмектерді тегін тарату, жоспарлы станционарлық көмек. Бұл ретте сақтандырылған болуының маңызы зор. Сақтандырылғандар үшін сақтандыру пакеті қолжетімді болады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде жеңілдік берілетін азаматтар санаты бар. Яғни, азаматтардың бұл 15 санаты үшін мемлекет төлем жүргізеді, олар жарна төлемейді. Олар үшін сақтандыру пакеті тегін. Бұл санаттарға балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, АӘК алушылар, оқушылар, көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, 1,2,3 топ мүгедектері мен бала кезінен мүгедектер жатады. Саны 11 млн азамат болатын жеңілдікті санаттағылармен қатар, жұмыс берушілері төлем аударатын жұмыскерлер де сақтандырылады. олар — 5 млн-ға жуық адам. Бірыңғай жиынтық төлем жүргізетін азаматтар санаты да бар. Олар да міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сқатандырылатын болады.

— Тегін қызмет көрсету функциялары болып табылатын медициналық қызметкерлердің жұмыс сапасын бақылау қалай жүргізіледі?

— Әрбір медициналық ұйымда пациенттерді қолдау қызметі бар, олар азаматтардың шағымдарын жедел қабылдап, медициналық көмек сапасына қанағаттанбау мәселелерін шешеді. Әрбір медициналық ұйымда медициналық көмек аудиті бойынша бас дәрігердің орынбасары бар. Бұл тұста медициналық ұйымдағы медициналық көмек сапасына қанағаттанбаған жағдайда біздің азаматтардың сол жерде өз мәселелерін шешудің маңызы зор.  Сонымен қоса, сыртқы бақылау бар, медициналық көмектің сапасыз көрсетілгені туралы шағым түсіруге болатын Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бар. Осы жылдың І тоқсанында азаматтардан 1100 шағым түсті. Оның жартысына жуығы қаралды. Қаралғандардың ішінен 22%-ның негізі бар. Негізділігіне орай Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Ал медициналық көмек көрсету кезінде зардабы тиген жағдайда материалдар құқықтық тұрғыдан бағалау үшін ІІД-іне жолданады.

— Заманауи инновациялық технологиялар көмегімен күрделі оталарды жасауда, жеңіл емдеуде қазақстандық медицина қаншалықты ілгері жылжыды? Қазіргі таңда қандай ем түрлері қолжетімді?

— Қазақстандық медицина әлемдегі үрдістерден қалыс қалмай, айтарлықтай тез дамып келеді. Дәрігерлер халықаралық мойындалған клиникалық нұсқаулар негізінде жасалған диагноз қою мен емдеудің клиникалық хаттамаларын басшылыққа алады. Технологиялар енгізіліп жатыр. Алайда, елімізде медициналық көмек көрсете алмайтын аурулардың тізімі бар, сондықтан науқастар шет елдерге жіберіледі. Өткен жылы 89 науқас жіберілді. Негізінен, отандық клиникаларда тиісті  жабдықтардың болмауынан немесе дәрігерлеріміздің осы технологияларды меңгермеуі себебінен науқастар шетелге жіберіледі. Мәселен, Нейрохирургия ұлттық ғылыми орталығында енгізілетін гамма-пышақ аппараты, келесі жылдан бастап оның көмегімен емдеуге болатын науқастар шетелге жіберілмей, елімізде емделеді. Ұлттық ғылыми онкология орталығының құрылысы аяқталғаннан кейін ісік ауруларына арналған протондық терапияны енгізу жоспарда бар. Яғни, жылдан жылға елімізде болмаған технологиялардың саны артып, шетелге жіберу саны азайып келеді. Үш қызмет белсенді түрде дамып келеді: кардиохирургия, нейрохирургия, ортопедия, оларда әлемде бар ең жаңа, инновациялық технологиялар қолданыста. Нейрохиругияда — нейронавигациялар, ортопедияда — буын аурулары кезінде жаңа эндопротездер енгізіліп жатыр. Кардиохирургия орталығында әлемде алғаш рет жасанды жүрек алмастыру отасы жасалды. Сондықтан біздің отандық медицина әлемдік технологиялар көшінен қалмай келеді. Сондықтан да біздің отандық медицина әлемдік технологиялармен тең дәрежеде жүргізіліп келеді деуге болады. Жаңа технологияларды енгізудің негізінде жатқан ең бастысы — «шығындар – тиімділік» қағидаты. Осы технологияларды енгізуге жұмсалатын шығындардың медициналық көмектің сапасының тиімділігін арттыруға негіз болуы өте маңызды.   

— Лязат Мейрашқызы, сұхбат бергеніңізге рақмет.


Жаңалықтар тізбегі
16 Қараша 2019, 21:42
Ықшамаудандар салу, жаңа кәсіпорындар ашу, медициналық жабдықтарды жаңарту - Солтүстік Қазақстан облысы қалай дамуда
16 Қараша 2019, 17:25
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
16 Қараша 2019, 12:03
18 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
16 Қараша 2019, 10:56
А. Мамин Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру тақырыбы бойынша АДБ және ҚР форсайт сессиясына қатысты
15 Қараша 2019, 21:52
Павлодар облысы: өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыру және кәсіпкерлікке басымдық беру
15 Қараша 2019, 20:11
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды
15 Қараша 2019, 18:30
Б. Сапарбаев: жастарды қолдау – мемлекеттің міндеті
15 Қараша 2019, 17:46
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады
15 Қараша 2019, 14:59
Алматыда «Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының нақты секторы» конференциясы өтіп жатыр
15 Қараша 2019, 13:17
МӘМС пакетінде құны қымбат медициналық қызметтер де қамтылған
15 Қараша 2019, 13:12
МӘМС жүйесінің енгізілуімен ауыл тұрғындары үшін барлық деңгейдегі медициналық қызметтер қолжетімді болады
15 Қараша 2019, 13:09
Аса қажетті медициналық қызметтерді қаржыландыруды ұлғайту арқылы олардың қолжетімділігін арттыруды көздейміз — А. Жұмағұлов МӘМС туралы
15 Қараша 2019, 12:55
А. Мамин Азия даму банкінің президенті Т. Накаомен кездесу өткізді
14 Қараша 2019, 18:16
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі Кеңестің отырысы өтті
14 Қараша 2019, 17:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы бірқатар нысандарды аралады
14 Қараша 2019, 16:02
Мемлекет басшысы Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізді
14 Қараша 2019, 15:23
А. Мамин Катар Премьер-Министрінің орынбасары Х. Әл-Каваримен кездесу өткізді
14 Қараша 2019, 10:55
ҚР Ұлттық музейі Афинадағы көрмеде «Алтын адамды» таныстырды
13 Қараша 2019, 21:04
Мемлекет басшысы «CNPC» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады
13 Қараша 2019, 16:46
Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады
13 Қараша 2019, 11:08
Бердібек Сапарбаев Паралимпиада жаттығу орталығының жұмысымен танысты
13 Қараша 2019, 10:06
Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қараша 2019, 19:54
Автожолдарды салу және реконструкциялау жұмыстарында 200 мыңға жуық адам жұмыс істейді
12 Қараша 2019, 18:55
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркия Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Қараша 2019, 18:25
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы М. Хортонмен кездесті
12 Қараша 2019, 17:55
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады
12 Қараша 2019, 17:52
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
12 Қараша 2019, 17:29
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жергілікті маңызы бар 70 мың шақырымнан аса жолға бақылау жүргізеді 
12 Қараша 2019, 16:05
Жылдың соңына дейін шетелдік компаниялармен бірлесіп 200 шақырымнан астам автожолды ашу жоспарланған —  ҚР ИИДМ
12 Қараша 2019, 15:05
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесулер өткізді
12 Қараша 2019, 13:06
А. Мамин «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі» форумын ашты
12 Қараша 2019, 12:39
Автобензиндер өндірісінің көлемі еліміздің ішкі тұтынуын толықтай жабады — ҚР ЭМ 
12 Қараша 2019, 12:39
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев «Астана клубының» Бесінші отырысына қатысты
12 Қараша 2019, 12:28
Биыл 10 айда жалпы ет өндіру көлемі 5,5%-ға артты — ҚР АШМ
12 Қараша 2019, 12:15
2019 жылдың 10 айының қорытындылары бойынша өңдеу өнеркәсібінің барлық секторында өсім байқалды — ҚР ИИДМ
12 Қараша 2019, 11:44
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан аса қазақстандық займ алды — Ұлттық банк
12 Қараша 2019, 10:50
10 айда Қазақстан экономикасының өсімі 4,4% құрады
12 Қараша 2019, 10:43
Биылғы қаңтар-қазан айларында республикалық бюджет кірістері 17%-ға ұлғайды — ҚР Қаржы министрлігі
12 Қараша 2019, 10:38
Биылғы 10 айда ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 28,5%-ға дейін артты — ҚР ҰЭМ 
11 Қараша 2019, 20:16
Мемлекет басшысы Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті
11 Қараша 2019, 20:05
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
11 Қараша 2019, 19:29
А. Маминнің Түркияға жұмыс сапары: Р. Ердоғанмен келіссөздер, үкіметаралық комиссия отырысы және бизнес-форум
11 Қараша 2019, 18:40
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы бірқатар кездесулер өткізді
11 Қараша 2019, 18:32
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ведомстволар басшыларының есебін тыңдады
11 Қараша 2019, 16:10
Роман Скляр елордада электр энергиясының ажыратылу себептерін анықтау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткізді
11 Қараша 2019, 13:21
Автожолдар салу және қайта жөндеу туралы баспасөз конференциясы өтеді
11 Қараша 2019, 13:10
12 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
10 Қараша 2019, 16:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №37
09 Қараша 2019, 13:10
Асқар Мамин Стамбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады
09 Қараша 2019, 12:32
Денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің сапасын арттыру: Үкіметтік жұмыс тобы Павлодар облысына барып қайтты
09 Қараша 2019, 11:06
«Родина» агрофирмасының тәжірибесін басқа шаруа қожалықтарына тарату қажет – А. Мамин
08 Қараша 2019, 10:01
Б. Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығына орай арадагерлерге бірыңғай төлем көлемін белгілеуді тапсырды
08 Қараша 2019, 09:53
ҚР және РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы: 15 жылда тауар айналымы 3,5 есе өсті
08 Қараша 2019, 09:07
Қазақстан мен Ресей Президенттеріне бірқатар бірлескен жобалар таныстырылды
08 Қараша 2019, 09:04
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты
07 Қараша 2019, 22:09
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
07 Қараша 2019, 17:31
Айдын Кәрімов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды 
07 Қараша 2019, 12:22
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесті
07 Қараша 2019, 09:24
Қазақстанда қолжетімді баспананы қалай алуға болады: «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Әскери баспана»
06 Қараша 2019, 20:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.11.2019
06 Қараша 2019, 18:44
СИМ басшысы ДСҰ бойынша әріптестерімен Дүниежүзілік сауда ұйымының реформаларын талқылады
06 Қараша 2019, 18:07
Үкімет отырысы: ШОБ-ты қолдау және ауылдарды дамыту тәсілдері әзірленіп, жаңа заңдар тізімі нақтыланды
06 Қараша 2019, 18:04
Нұрбек Дайырбеков ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды
06 Қараша 2019, 16:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
06 Қараша 2019, 16:40
ҚР Үкіметінің 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулысы
06 Қараша 2019, 12:32
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы: ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
06 Қараша 2019, 11:33
БЖК – 2020 іске асыру жылдарында 16 мыңнан астам ШОБ субъектісі қаржыландырылды
06 Қараша 2019, 10:22
2020 жылы Үкімет Парламенттің қарауына 16 заң жобасын ұсынады 
06 Қараша 2019, 10:19
ҚР Әділет министрлігі 2020 жылға жоспарланған заң жобаларының тізімін ұсынды
06 Қараша 2019, 10:08
2020 жылы ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға 80 млрд теңге бағытталады — Р. Скляр
06 Қараша 2019, 10:00
А. Мамин: «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру 7 млн ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын арттырады
06 Қараша 2019, 09:51
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 421 млрд теңге бағытталады 
05 Қараша 2019, 19:04
Қазақстан Президенті Өзбекстанның Өлий Мәжіліс Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады
05 Қараша 2019, 18:58
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Қараша 2019, 17:46
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысында бірқатар нысанды аралады
05 Қараша 2019, 13:26
Әлихан Смайылов Шанхайда ІІ Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты
05 Қараша 2019, 12:30
6 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қараша 2019, 18:25
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №36
04 Қараша 2019, 18:20
Қазақстан мен Қытай екіжақты ынтымақтастықтың сапасы мен деңгейін арттырады
04 Қараша 2019, 18:18
Бердібек Сапарбаев ана мен бала өлімі мәселелері жөнінде кеңес өткізді
04 Қараша 2019, 18:14
Президент Қ. Тоқаев АӨК реттеуге өзгерістер енгізу туралы ҚР Заңына қол қойды
04 Қараша 2019, 15:20
ҚР Ұлттық музейі Грекияда Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнер көрмесін өткізеді
04 Қараша 2019, 14:27
Ақтөбеде «Ел үміті» жастар марафоны өтті
02 Қараша 2019, 20:42
ҚР Премьер-Министрі А. Маминннің Ташкент қ. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ҮБК XVIII отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
02 Қараша 2019, 12:44
Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен келіссөздер өткізді
02 Қараша 2019, 12:38
А. Мамин ШЫҰ аясында экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша бастамалар топтамасын ұсынды
01 Қараша 2019, 18:16
Мемлекет басшысы Қазақстанның ҚХР-дағы, Латвия және Болгариядағы елшілерін тағайындады
01 Қараша 2019, 17:30
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Ауғанстан Премьер-Министрі А. Абдулламен келіссөздер өткізді
01 Қараша 2019, 17:22
Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер өткізді
01 Қараша 2019, 16:17
Салық әмияны және 0,5% көлеміндегі бонустар — ҚР Қаржы министрлігінің цифрлық жаңашылдықтар жоспары туралы 
01 Қараша 2019, 15:18
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында бірқатар нысандарды аралады
01 Қараша 2019, 15:01
Бақылау-касса машиналарының құны бизнес субъектілерінің салық салынатын базасынан алынып тасталады — Р. Еңсебаев
01 Қараша 2019, 13:41
Қолданыстағы кассалардың 94%-ы онлайн режимінде жұмыс істейді - Р. Еңсебаев кәсіпкерлік субъектілерінің табысын есепке алу туралы
01 Қараша 2019, 11:41
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі У. Мозермен және БҰҰ-ның Қазақстандағы тобымен кездесті
01 Қараша 2019, 09:17
2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады
31 Қазан 2019, 18:52
Жылыту маусымында көмір тиеу үшін ашық вагондар жеткілікті — ҚР ИИДМ
31 Қазан 2019, 18:08
Монополияға қарсы комитет көмір нарығындағы бағалардың келісілуін болдырмау үшін шаралар қолдануда
31 Қазан 2019, 17:25
Өңірлерде көмір бағасы бір тоннасы үшін 7 мың теңгеден 19 мың теңге аралығында ‒ ҚР ИИДМ
31 Қазан 2019, 17:09
Серғазы Омаш ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
31 Қазан 2019, 17:06
Қазақстанның ішкі нарығына 61 млн тонна көмір жеткізілді
31 Қазан 2019, 15:41
Премьер-Министр А. Маминнің Нидерланды Корольдігіне ресми сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қазан 2019, 14:28
Бизнеске арналған салық жеңілдіктері туралы баспасөз конференциясы өтеді
31 Қазан 2019, 13:01
Б. Сапарбаев Токиода өтетін Олимпиада‒2020-ға дайындық мәселелерін талқылады
31 Қазан 2019, 09:31
Роман Скляр ҚР-дағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Х. Мозермен кездесті
31 Қазан 2019, 07:40
Премьер-Министр А. Мамин Нидерланды Премьер-Министрі М. Рюттемен келіссөздер жүргізіп, Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумына қатысты
30 Қазан 2019, 19:05
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қалай өтуде – қатысушылардың пікірлері
30 Қазан 2019, 15:17
Мекенжай анықтамасын алып тастау: мемлекеттік қызметтер қалай көрсетілетін болады
30 Қазан 2019, 14:45
Үшінші тұлғалар мекенжай анықтамасын тек әр азаматтың рұқсатымен ғана ала алады — А. Оспанов
30 Қазан 2019, 13:50
Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету туралы баспасөз конференциясы өтеді
30 Қазан 2019, 13:15
Тұрғылықты мекенжайы бойынша мәліметтерді шекара маңы елді мекендерінің тұрғындары ғана ұсынады - ҚР ІІМ
30 Қазан 2019, 13:13
1 қарашадан бастап мемлекеттік органдар азаматтардан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды — А. Оспанов
29 Қазан 2019, 20:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 29.10.2019
29 Қазан 2019, 19:51
2019 жылы 9 айда ауылдарда бизнес жобаларын іске асыру үшін 10 мыңнан астам шағын несие берілді
29 Қазан 2019, 19:48
«Еңбек» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері 1,3 млн адам жұмысқа орналасты 
29 Қазан 2019, 19:25
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Минск қаласына ірі сауда миссиясын әзірлеуде
29 Қазан 2019, 18:41
ЖЭК үлесінің артуы парниктік газдар шығарындыларын 15 млн тоннаға азайтады — М. Мырзағалиев
29 Қазан 2019, 18:38
2025 жылға дейін Қазақстанда 2,6 млн жаңа жұмыс орны құрылады — Р. Дәленов
29 Қазан 2019, 18:33
Нұр-Сұлтанда ДСҰ-ның XII Министрлік конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойылды
29 Қазан 2019, 17:54
2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 87 жаңартылатын энергия көздері нысаны жұмыс істейтін болады — ҚР Энергетика министрлігі
29 Қазан 2019, 17:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тетіктерін жетілдіріп, 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту шараларын әзірлеуді тапсырды 
29 Қазан 2019, 17:30
2019 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің қуаттылығы екі есе артты
29 Қазан 2019, 16:59
Мекенжай анықтамасын алып тастау туралы баспасөз конференциясы өтеді
29 Қазан 2019, 12:58
ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысын қарастырды
28 Қазан 2019, 18:36
Бизнес жүргізу шарттарын жеңілдету: Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позицияларын жақсартуы ШОБ-тың дамуына қалай ықпалын тигізеді 
28 Қазан 2019, 17:58
«Doing Business» рейтингіне жергілікті және шетелдік инвесторлар сүйенеді — Ж. Мәдиев ҚР-ның ТОП-25-ке кіруі туралы 
28 Қазан 2019, 17:00
Қазақстан «Doing Business» рейтингінде Австриядан, Жапониядан, Испаниядан, Франциядан, Швейцариядан және ТМД елдерінен алға шықты
28 Қазан 2019, 15:49
30 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады
28 Қазан 2019, 14:37
29 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қазан 2019, 13:18
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №35
26 Қазан 2019, 22:52
А. Маминнің ТМД Үкімет Басшыларының Кеңесі және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
26 Қазан 2019, 14:33
Б. Сапарбаев Түркістан облысында Әл-Фарабидің мерейтойын атап өтуге дайындық жөнінде кеңес өткізді
26 Қазан 2019, 07:50
Асқар Мамин ТМД және ЕАЭО отырыстарына қатысып, Д. А. Медведевпен келіссөздер өткізді
25 Қазан 2019, 21:45
Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті
25 Қазан 2019, 17:28
Бердібек Сапарбаев Шымкент тұрғындарымен әлеуметтік саланың өзекті мәселелерін талқылады
25 Қазан 2019, 15:12
Кәсіпкерлікті дамыту және бизнес ахуалды жақсарту туралы баспасөз конференциясы өтеді
25 Қазан 2019, 13:20
Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер нәтижелері: көмір транзитінің көлемі ұлғайтылды
25 Қазан 2019, 12:48
Қазақстан мен Ресей арасында қазақстандық тауарлар транзитіне шектеулерді алып тастау бойынша келіссөздер қалай жүргізілуде
25 Қазан 2019, 09:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында өткен қайырымдылық теннис матчына барды
24 Қазан 2019, 17:43
Үкіметтік жұмыс тобы Шымкент педагогтарымен білім беру сапасы мәселелерін талқылады
24 Қазан 2019, 17:30
Роман Скляр Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан ‒ Беларусь бизнес-форумын ашты
24 Қазан 2019, 15:07
Асқар Мамин: Үкімет Қазақстанда бизнес жүргізу шарттарын жетілдіру үшін барлық шараларды қабылдайды
24 Қазан 2019, 15:00
Нұр-Сұлтанда Беларусь Республикасы Елшілігінің жаңа ғимараты ашылды
24 Қазан 2019, 14:49
Президенттік кадрлық резервке үміткерлерді тестілеу заң бұзушылықтарсыз өтті — А. Жайылғанова
24 Қазан 2019, 13:06
Президенттік кадрлық резервке іріктеу кезінде субъективті бағалау болдырылмайды және адам факторы барынша азайтылған
24 Қазан 2019, 12:16
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің үш кезеңі аяқталды
24 Қазан 2019, 10:12
Қазақстан Doing Business рейтингінде 25-орынды иеленді
24 Қазан 2019, 10:08
Шолу: Қостанай облысының 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі даму қорытындылары
23 Қазан 2019, 17:41
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда алғаш рет шығарылған «Кировец» тракторын сынап көрді
23 Қазан 2019, 16:25
Елбасы Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті
23 Қазан 2019, 16:24
Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің Құрметті докторы атағы берілді
23 Қазан 2019, 16:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония Үкіметінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында техникалық көмек және ноу-хауды беру жөніндегі жобасымен танысты
23 Қазан 2019, 13:08
Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру мәселелері туралы баспасөз конференциясы өтеді
23 Қазан 2019, 11:20
Елбасы Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен кездесті
22 Қазан 2019, 20:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.10.2019
22 Қазан 2019, 19:41
Жаңа «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, МЖӘ және шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді тіркеу: Үкімет отырысында және кулуарында не талқыланды
22 Қазан 2019, 19:22
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2019, 17:04
Жолаушылар тасымалы екі есе ұлғайды — Б. Камалиев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында азаматтық авиацияның дамуы туралы айтып берді
22 Қазан 2019, 16:52
ҚР Үкіметі жанындағы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес киберқауіпсіздік мәселелерін қарады
22 Қазан 2019, 16:10
Автобус парктерінің тозуы 23%-ға төмендетілді — ҚР ИИДМ
22 Қазан 2019, 15:14
5 жыл ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 400 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
22 Қазан 2019, 15:07
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония Императоры Нарухитоның ресми таққа отыру рәсіміне қатысты
22 Қазан 2019, 15:02
Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті
22 Қазан 2019, 12:13
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 550 мыңнан аса жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді
22 Қазан 2019, 11:43
Қазақстанда МЖӘ жобалары бойынша инвесторлармен жұмыс жасау үшін «бір терезе» қағидаты енгізілді
22 Қазан 2019, 11:26
«Щучинск – Петропавл», «Омбы – Павлодар»: 2020 жылы қандай жолдар ақылы болады
22 Қазан 2019, 11:21
Жол жабынын салу және жөндеу жобалары аясында 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды — ҚР ИИДМ
22 Қазан 2019, 11:12
Автомобиль жолдары комитетінде сапасыз құрылыс үшін мердігер ұйымдардың жауапкершілігі туралы айтылды
22 Қазан 2019, 11:03
Жыл соңына дейін қанша жол жөнделеді, қай жолдар ақылы болады және олардың сапасын кім тексереді — С. Бармақовпен сұхбат
22 Қазан 2019, 10:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин МЖӘ дамытуды жандандыруды тапсырды
22 Қазан 2019, 09:54
Үкімет «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бес жылының қорытындысын шығарып, 2020-2025 жылдарға мақсат қойды
Құжаттар
Депутаттық сауал
© 2019 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі