Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі

Жұма, 31 Қаңтар 2020, 08:38:47

ҚР-дағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен Primeminister.kz-ке берген сұхбатында ЮНИСЕФ пен ҚР Үкіметінің инновациялар мен цифрландыруды енгізу бойынша бірлескен жұмыстары туралы айтып берді. 

Артур ван Дизеннің айтуынша, ЮНИСЕФ пен ҚР Үкіметінің ынтымақтастығының маңызды бағыттарының бірі - балалалардың құқықтарын қорғауда инновацияларды енгізу. 

«Біздің Қазақстан Үкіметімен елдегі балалардың құқықтарын қорғауда және жүзеге асыру саласында нәтижелі серіктестігіміз көптен жалғасып келеді. Біздің коллаборациямыздың негізгі қасиеттерінің бірі - инновация. Сондықтан біздің түрлі инновациялармен жұмыс жасауымыз бен олардың балалардың құқықтарын қамтамасыз етуде қалай көмектесе алатынын зерделеуіміз ұзақ уақыттан бері жалғасын тауып келеді», — деді А. ван Дизен.

ЮНИСЕФ өкілі сонымен қатар Қазақстанда GIGA бастамасын іске асыру бойынша ЮНИСЕФ аймақтық хабын ашу мүмкіндігін атап айтты, ол орта білім беретін мектептерді интернетке жоғары жылдамдықты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге және инновациялық стартаптарды дамытуға бағытталады. 

«Қазір біз біздің бас офисімізбен жұмыс істегенімізге қуаныштымыз, цифрлық байланыс саласында тағы бір инновацияны енгізуді мақсат етеміз. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан, жастар үшін жұмысқа, елдерінің азаматтары ретінде болашақ өміріне, ата-ана ретінде интернетке қолжетімділіксіз толық дайын болу мүмкін емес. Сондықтан біз интернеттің қолжетімділігін арттыру үшін, Қазақстандағы және аймақтардағы әрбір мектепті интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Үкіметімен жұмыс істеп жатырмыз. Біз жастарға сапасы үздік білім алуға көмектесе аламыз, демек, олардың еңбекке орналасу мүмкіндігі артады, өздері үшін нәтижелі болашақ құра алады деп санаймыз», — еді А. ван Дизен. 

Ол сонымен қатар Қазақстанның шалғай аудандарында небәрі бірнеше оқушы білім алатын тым шағын мектептер бар екенін айтты. Олар үшін сапалы білім алу интернетке қолжетімділіктің болуына аса байланысты. Сондықтан олар үшін бұл байланысу ғана емес, оқу үшін дұрыс контенттің құрылуы. 

Қазақстанда жалпы жүргізіліп жатқан цифрлық трансформацияға келетін болсақ, ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизеннің айтуынша, елде үлкен ілгерілеу болды, мақсатқа қол жеткізу үшін бірнеше қадамдар ғана қалды. 

«Меніңше, Қазақстан үшін интернетпен толық қамтылу үшін шын мәнінде аз уақыт қалды. Өйткені зор ілгерілеу бар. Қазақстан Үкіметімен біз қазір жекеменшік сектордың, интернет провайдерлердің, қаржы секторының “байланыстағы соңғы олқылықтар” (the last mile connectivity gap) деп атайтын проблеманы шешу үшін қызығушылықтарын қалай тудыра алатынымыз туралы жұмыстар атқарудамыз, 100%-ға қол жеткізбес бұрын біздің алдымызда осы проблема тұр. Сондықтан, менің ойымша, егер біз бірлесіп күш салатын болсақ, және егер жекеменшік және мемлекеттік серіктестердің жақындасуында креативті және инноватор болсақ, біз бұл кемшілікті жалпы жоя аламыз », — деді А. ван Дизен. 

ЮНИСЕФ өкілі атап өткендей, мұндай нәтижелерге Қазақстан Үкіметінің цифрландыру және инновацияларды енгізу бойынша дұрыс құрылған жұмысының арқасында қол жеткізу мүмкін болды. 

«Менің ойымша, бұл Қазақстан Үкіметінің цифрландыру, инновациялар бойынша көрсеткен бейілділігінің нәтижесі. Бұл мен білетін, әлемдегі осы істермен айналысатын министрі ғана емес, басқа да білім беру және денсаулық сақтау тәрізді министрліктері мен цифрландыру бағыты бойынша жұмыс істейтін вице-министрлері бар аздаған Үкіметтердің бірі. Сондықтан, күшті бейілділік бар. Сонымен қоса, белсенді жекеменшік сектор бар. Сол себепті, менің ойымша, осының бәрінің арқасында Қазақстан аталған салада өз тұрғындары үшін интернет байланыстарды жүргізуде тым жылдам дамып жатыр», — деді ол. 

Сонымен қатар Артур ван Дизен Қазақстан аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда алға озып кеткенін атап өтті. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Маусым 2020, 20:17
Тарихи ескерткіштер, спортшыларды даярлау және туризм индустриясы — Қазақстанда мәдениет пен спорт қалай дамуда
05 Маусым 2020, 19:09
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді
05 Маусым 2020, 17:29
Аты аңызға айналған Алматының апортын жаңғырту: кәсіпкерлерді қолдау және алма бақтарын ұлғайту қалай жүргізілуде
05 Маусым 2020, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №346 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №344 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 02 маусымдағы №342 Қаулысы
05 Маусым 2020, 12:53
Айдын Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 17:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 17:16
Қашықтан оқыту, 1 сыныпқа онлайн қабылдау, Абай атындағы мектептер желісін құру — былтырғы оқу жылындағы жаңашылдықтар қандай
04 Маусым 2020, 15:42
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 13:00
А. Мамин: инвестициялар тарту — экономикалық өсімді қалпына келтірудің негізгі драйверлерінің бірі 
04 Маусым 2020, 12:15
Ерлан Байтұқбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 10:15
Бірқатар өңірлердің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды
04 Маусым 2020, 08:55
Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 08:41
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 19:15
Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті
03 Маусым 2020, 19:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.