«Бәйтерек» холдингі 2016 жылғы жұмысының қорытындысын жасады

Бүгін Астанада «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтті, оның барысында Холдингтің 2016 жылға жылдық есебі бекітілді.

Жылдық есепте Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының 2016 жылдағы басты оқиғалары мен қызметінің негізгі нәтижелері, есептік кезеңдегі операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелері, стратегиялық міндеттер мен оларға жету жолдары көрініс тапты.  

Есепке сәйкес, 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингінің жеке капиталы 943,4 млрд теңгені, активтері - 4 103 млрд теңгені, несиелік және инвестициялық қоржындары - 2 908 млрд теңгені құрады. Экономиканың шикізаттық емес секторларын ұзақ мерзімді несиелеуге қосқан үлесі 57% құрады. 606 млрд теңге сомаға 13,2 мың ШОБ жобаларына қолдау көрсетілді. ШОБ-ті несиелеудің жалпы көлеміндегі үлесі 30,5% құрады. Бизнесті қолдауға көрсетілген шаралар 19,4 мың жаңа жұмыс орнын құруға және 76,3 мың жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Холдингтің еншілес ұйымдары 456,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді және 15,3 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етті. 2016 жылы берілген ипотекалық қарыздардың жалпы көлемінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ үлесі 67%-ды құрады.   

Директорлар кеңесінің отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциядағы жобасын жалғыз акционердің қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды. Жаңа редакциядағы кодекс «Бәйтерек» холдингінің ЭЫДҰ бекітілген стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Атап айтқанда, Кодекс жалғыз акционердің құқықтарын, дивидендтік саясат қағидаттарын, Директорлар кеңесі мүшелерінің атқарымдық міндеттерін орындау қағидаттарын жете анықтайды және еншілес ұйымдарына енгізуге жатады.   

Сондай-ақ, Директорлар кеңесі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясын орындау бойынша 2014-2016 жылдардың қорытындысы бойынша есепті бекітті. Есепке сәйкес, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылмен салыстырғанда активтер 2,2 есеге, несиелік қоржын 3 есеге, пайда 1,5 есеге өсті. Даму стратегиясын орындау есептік кезеңде тиімді болып танылды.

Отырыс барысында «Байтерек» ҰБХ» АҚ Іскерлік әдеп кодексіне Холдингтің Комплаенс-қызметін құрумен байланысты өзгерістер енгізу мақұлданды және 2016 жылғы III-IV тоқсандарға ішкі аудит қызметі басшысының қызметінің қорытынды нәтижелілігі туралы есеп бекітілді.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу