ҚР Үкіметі басшысы К.Мәсімов Астананы дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов орталық мемлекеттік органдар басшыларының, Астана және Ақмола облысы әкімдерінің, ұлттық компания өкілдерінің қатысуымен елорда дамуы мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Кеңесте қаланың жол-көліктік инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық аясындағы мәселелер қаралды.

Бұдан өзге, «BRT және ITS Астана қ. жаңа көліктік жүйесі» жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды.

Кеңес қортындысы бойынша Кәрім Мәсімов мемлекеттік органдар мен елорда әкімдігіне бірқатар сәйкес тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу