Мемлекет басшысы ҚР Кедендік реттеу туралы кодексіне қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев кедендік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексіне қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысы заңнаманы «ҚР кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен сәйкес келтіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу