Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы елордадағы инновациялық экожүйе нысандарымен танысты

Сәрсенбі, 20 Қараша 2019, 16:55:20

Қасым-Жомарт Тоқаев «Alem» бағдарламалау мектебіне, Халықаралық «Astana hub» IT-стартаптар технопаркіне және «Astana IT University» ақпараттық технологиялар университетіне барды. Бұл нысандардың бәрі «Астана ЭКСПО-2017» аумағында орналасқан. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Президенті «Alem» мектебінің оқыту бағдарламасымен танысты. Оқушылармен әңгімелесу барысында ол әлемде IT саласының өзектілігі мен сұранысқа ие екенін атап өтті.

«Қазақстанның мақсаты – әлемдік үрдістен қалып қоймау. Ең бастысы, заман ағымымен жүріп отыруымыз керек, әйтпесе біз әлемдік даму үдерісінен сырт қаламыз. Біз жастарды осындай дағдыларға баулып, аталған салаға көптеп тартуымыз керек. Білім алуға ұмтылатын өте қабілетті жастарымыз жеткілікті», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқушылар Мемлекет басшысына лекцияларды, баға қою әдісін және басқа да дәстүрлі білім беру элементтерін мұғалімсіз бағдарламалауды қалай үйрену керектігін айтты.

Содан кейін Мемлекет басшысы Халықаралық «Astana hub» IT-стартаптар технопаркіне барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа технопарк базасында жүзеге асырылып жатқан матчмейкингке арналған киберспорт платформасы мен автоматтандырылған «INUI Software» сауда алаңы, «Tastamat» мобильді постаматтары, «Clockster» деп аталатын қызметкерлердің жұмысқа келіп-кетуін тіркейтін биометриялық жүйе және басқа да стартап-жобалар таныстырылды.

«Astana IT University» ақпараттық технологиялар университетінде Мемлекет басшысына жоғары оқу орнының негізгі бағыттары туралы мәлімет беріліп, оқу кабинеттері мен зертханалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев студенттерді сапалы білім алып, еліміздің игілігі үшін  жұмыс істеуге шақырды.

«Университет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен ашылған. Білім беру тұрғысынан бұл университет беделді әрі білікті мамандар даярлайтын, беделді оқу орнына айналатынына ешқандай күмәнім жоқ. Неғұрлым жақсы білім алсаңыздар, мына қиын да алмағайып өмірден алар еншілеріңіз соғұрлым көп болады», — деді Президент.


Жаңалықтар тізбегі
12 Тамыз 2020, 18:46
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламаға қол қойды
12 Тамыз 2020, 16:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
12 Тамыз 2020, 13:54
Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.