ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерұлан Жамаубаевты Қазақстан Республикасының қаржы министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының қаржы министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлық мәтінінде.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал