11 Тамыз 2020, 20:34
А.ж. 11 тамызында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов денсаулық сақтау, мәдениет және спорт министрліктерінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімішілігінің басшылығының және бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қатысуымен белгіленген санитарлық жағдайлармен танысу мақсатында елордадағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады.
Тексеру «Сапаржай» автовокзалына, «Артем» сауда орталығына, сондай-ақ қаладағы фитнес клубтарының біріне және қоғамдық тамақтану орындарына жүргізілді.
«Барлығы жұмысына кірісуге мүдделі екенін түсінемін, бірақ қарапайым санитарлық талаптарды сақтауды сұраймын. Бизнестің жауапкершілік деңгейін түсінгенін қалаймын», - деді Ералы Тоғжанов.
Елорда нысандарын аралау қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Өз кезегінде кәсіпкерлер санитарлық нормалар мен қадағалау органдарының барлық нұсқауларын қатаң сақтау міндетін қабылдады.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу