Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Энергетика министрлігі мұнай-газ секторын экспортқа бағытталған өнім шығаруға қайта бағдарлау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде

Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020, 14:22:59

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Энергетика саласындағы қазіргі және орта мерзімді жоспарлар туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндады.

Мұнай-газ секторы еліміздегі жалпы ішкі өнімінің шамамен 25%-ын өндіретін және экономикаға 50%-ға жуық инвестиция тартатын ел экономикасының негізгі қозғаушы күші болғанына қарамастан, Министрлік мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары, экспортқа бағдарланған өнімді шығаруға және жоғары бөліністі мұнай газ-химия өнеркәсібін дамытуға қайта бағдарлау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Жаңа кәсіпорындарды іске қосу және жұмыс істеп тұрған хош иісті көмірсутекті, майлар мен полипропиленді өндіру зауыттарының өнімді шығару көлемдерін үдетуіне байланысты жыл сайын мұнай газ-химия өнімдерін шығаруда өсім байқалады. Бүгінгі таңда салада 2025 жылға дейін жалпы сомасы шамамен $15 млрд құрайтын жобалар қолға алынды.

Министрдің айтуынша, мұнай газ-химиясы саласын дамытуға инвестициялар тарту үшін Үкімет тарапынан нақты мемлекеттік қолдау көрсетілуде.

Арнайы аймақта мұнай газ-химиясы өндірісін дамытуға арналған бірыңғай алаңды құру инфрақұрылымды салу, шикізатпен қамтамасыз ету, көлік шығыстары бойынша шығындарды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл өз алдына іске асырылып жатқан жобалардың экономикалық тартымдылығын айтарлықтай жақсартады. 

«Ал ірі жобаларға тоқталатын болсақ, бүгінгі таңда қуаты жылына 500 мың тоннаны және құны $2,6 млрд құрайтын полипропилен өндіру жөніндегі газ-химия кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаны аяқтау мерзімі – 2021 жылдың соңы», — деді ведомство басшысы.

Бүгінде Министрлік Полиэтилен өндіру жобасын іске асыру үшін зәкірлі инвесторды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. 

Мұнай өнімдері және электр энергиясы саласындағы биржалық сауданы тәртіпке келтіру, сондай-ақ бәсекелістікті одан әрі дамыту бойынша Президенттің берілген тапсырмаларын орындау мақсатында келесі шаралар ұсынылады:

  • өнімдерді арнайы тауар биржасы арқылы кезең-кезеңімен сатуды жүзеге асыру үшін электрондық сауда алаңдарына және тауарлық биржаға қойылатын талаптарды әзірлеу;

  • электр энергиясы нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында энергия өндіруші ұйымдарды электр энергиясын орталықтандырылған сауда алаңы арқылы өткізуге міндеттейтін заңнамалық актілерді қабылдау;

  • электр энергиясын жеткізушілерді еркін таңдау құқығын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушыларды қызмет жеткізушілермен байланыстыратын бірыңғай цифрлық платформаны құру;

  • бизнес ахуалды жақсарту үшін бизнес субъектілерін электрмен жабдықтау жүйесіне қосуға арналған «бір терезе» қағидатын әзірлеу. Бұл шара электр желілеріне қосу рәсімдерін оңайлатуға мүмкіндік береді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға міндеттемелерінің жыл сайынғы орташа сомасы шамамен 9 млрд теңгені құрайды.

ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын жинауды орталықтандыру және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қаржыны ашық бөлу үшін келесіні ұсынады: 

  • көмірсутектер мен уран саласында Ұлттық ғылыми кеңес құру;

  • ҚР Білім және ғылым минстрлігінің ақпараттық жүйесі негізінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын қаржыландырудың барлық циклін оңтайландыру және автоматтандыру.

Н. Ноғаевтың айтуынша, мұнай және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесін енгізу мұнайды өндіру, өңдеу және тасымалдауды есепке алуды автоматтандыруға, сондай-ақ талаптарды орындауға мониторингті автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Энергетика министрлігі өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі қалыптастыру мақсатында шетелдік инвесторлармен бірлесіп құрылатын жергілікті қамтуды дамытуға тікелей инвестициялар құру, сондай-ақ жалпы шығындардың 1% мөлшерінде цифрландыруға жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен шығындарынан босататын нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау бойынша жұмыстар жүргізуде», — деді энергетика министрі.

«Жасыл экономиканы» дамыту тұжырымдамасы аясында 2050 жылға қарай тұтынатын энергияның 50%-ы жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда, баламалы энергетика есебінен жабылуы тиіс. Экологиялық таза энергия көздерін дамытуды ынталандыру үшін баламалы энергетиканы қолдау жөніндегі жаңа Заң қабылдау жоспарланып отыр. 

«2019 жылы мұнай-газ саласында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі шамамен 7 трлн теңгені құрады. Ірі жобалардағы жиынтықты жергілікті қамту шамамен 39%-ды құрады. Бұл ретте жергілікті өндіріс тауарларының көлемі шамамен 10%-ды құрады. Энергетика министрлігінің жұмысы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталады», — деді Н. Ноғаев. 

Қазіргі уақытта Министрлік мұнай-газ секторы нарығындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға мүмкіндік беретін екі бастаманы іске асыруда. Оларды жақын арада жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл — жергілікті қамту қорын және мұнай-газ машиналарын жасау мен сервисті дамытудың халықаралық орталығын құру.

«Аталған Орталық жұмысының мақсаты – ҚР мұнай-газ саласы үшін тауарлар/көрсетілетін қызметтер өндірісін жергіліктендіру. Атап айтқанда, жаңа өндірістер мен сервистік орталықтарды ашу, сондай-ақ жұмыс істейтін отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейту. Бұл орталық операторлар қажеттілігі үшін тауарларды/көрсетілетін қызметтерді өндірудегі және жеткізудегі жергілікті тауар өндірушілердің/сервистік компаниялардың олқылықтарын жоюға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Н. Ноғаев. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.