Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Еңбек министрлігі цифрлық «әлеуметтік әмиян» арқылы зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тетіктерін әзірлейді

Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020, 13:46:50

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Президентінің 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларының іске асырылуы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдап, азаматтардың өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалану жөнінде дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Тұжырымдамалық мақұлданған шешім бар. Бүгінгі таңда 721 мың қазақстандық өз зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалана алады, бұл шамамен 1,4 трлн теңгені құрайды.

«Олардың ішінде “жеткіліктілік шегінен” асатын зейнетақы жинақтары бар 530 мыңға жуық жұмыс істейтін азамат, зейнетақы жинақтары бар 178 мыңнан астам зейнеткер және сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан 13 мың адам бар», — деп түсіндірді министр.

Жыл соңына дейін Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша мынадай іс-шаралар іске асырылады:

  • «Экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын қабылдау;

  • БЖЗҚ-дан нысаналы төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

  • Зейнетақы төлемдерінің сомасы есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту қағидаларын бекіту;

  • Азаматтарды медициналық көмек алуға жіберу ережелерін бекіту.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке еліміздің Әлеуметтік кодексін әзірлеуге кірісуді тапсырды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда халықты әлеуметтік қамсыздандыру шараларының кең спектрі көрсетіледі. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастар көптеген заңнамалық актілермен реттеледі, олар — 17 заң, 100-ден астам заңға қосымша актілер. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы төлемдер мөлшерін есептеудің негізі — әртүрлі көрсеткіштер: ЕТЖ, АЕК, ЕТКД. Біртекті қоғамдық қатынастар әртүрлі заңнамалық актілермен реттеледі.

2021 жылдың II тоқсанына дейін Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасын, 2021 жылдың соңына дейін Әлеуметтік кодекс жобасын әзірлеу жоспарланған.

Мемлекет басшысы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау процестерін толық цифрландыруды тапсырды. Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР ЕХӘҚМ 41 мемлекеттік қызметінің 34-і электрондық форматқа (83%), оның ішінде 14 қызмет проактивті форматқа ауыстырылды.

«Қазіргі кездегі негізгі проблема — кейбір құжаттардың, әсіресе Кеңес заманының деректер базасындағы цифрлық нұсқаларының толық болмауы», — деді Б. Нұрымбетов.

Мемлекеттік органдар ҚР ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, 2020 жылдың соңына дейін бірқатар құжаттарды цифрландырудың мүмкіндігі мен мерзімі мәселесін пысықтауы қажет.

Президент Қ. Тоқаев әлеуметтік төлемдерді цифрландыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Ол үшін азаматтың цифрлық «әлеуметтік әмиянын» енгізу, сондай-ақ тиісті тауар өткізу жүйесін құру қажет.

Бүгінде республикалық бюджеттен жалпы сомасы жылына 3,4 трлн теңгеден астам әлеуметтік төлемдердің 39 түрі жүзеге асырылуда. Барлық төлемдер екінші деңгейлі банктер арқылы алушылардың шоттарына аударылады.

Б. Нұрымбетов атап өткендей, ЕХӘҚМ, ЦДИАӨМ, СИМ 2020 жылдың соңына дейін цифрлық «әлеуметтік әмиян» арқылы АӘК төлеу тетігін іске асыруды аяқтап, «пилоттық» режимде іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ЖСН базасында цифрлық «әлеуметтік әмиянды» іске асыру пысықталатын болады.

Бұдан өзге ЕХӘҚМ, ҰБ, ҚНРДА, ЦДИАӨМ, СИМ 2021-2022 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттерден, МӘСҚ, БЖЗҚ-дан зейнетақылар мен жәрдемақыларды цифрлық «әлеуметтік әмиян» арқылы төлеу тетіктерін іске асыратын болады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.