Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуге, сондай-ақ, әйгілі Қытай актерінің әріптестері мен шығармашылық ұжымының мүшелері қатысты.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті.

«Өзіңіздей танымал тұлғамен жүздескеніме қуаныштымын. Сізді бүкіл әлем біледі», – деді Елбасы.   

Қытай актері алдағы шығармашылық жоспары және киноиндустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу