«Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық сенбілігі: ҚР Үкіметі Нұр-Сұлтан қ. өзендер мен су қоймаларының жағалауларын тазарту жұмыстарына қатысты

«Бірге – Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы экологиялық сенбілік барысында Есіл және Қарасу өзендерінің, Вячеслав су қоймасы мен Майбалық көлінің жағалаулары тазартылды.   

Іс-шараға 5 мыңнан астам адам қатысты.

Олардың қатарында ҚР Үкіметінің мүшелері, елорда әкімдігінің қызметкерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер, еріктілер болды.

Экологиялық акцияның қатысушылары Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын әуежайдан Қарағанды трассасына қарай, Майбалық көлін, Вячеслав су қоймасының жағалау маңындағы аумағын тазалады, 16 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2019 жылғы 20 шілдеде Қоянды су қоймасындағы «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бастады. Сол күні акцияға 1,2 мыңнан астам адам қатысып, 10 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу