02 Қыркүйек 2021, 20:55
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен мемлекеттік органдардың басшылары мен еліміздің жетекші ғалымдарының қатысуымен биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Кеңесте еліміздің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер талқыланды.
Сондай-ақ «Назарбаев Университеті» ДББҰ, «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ, «Фитохимия» холдингі, «Д. В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты» АҚ, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС және т. б. орталықтар жүргізіп жатқан COVID-19-ға қарсы отандық дәрілік заттарды әзірлеу мәселесі талқыланды.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Е. Тоғжанов бірқатар тапсырма берді:
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу