Е. Тоғжанов елордадағы қызметін қайта бастаған бірқатар нысанды аралады

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдерімен қатаң карантиндік шектеу шараларын жеңілдетудің бірінші кезеңі аясында өз қызметін қайта бастаған бірқатар нысанның санитарлық-эпидемиологиялық және термометрия талаптарының сақталу барысын тексерді.

Тексеру Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында, «Эталон» сауда-құрылыс базарында және Нұр-Сұлтан қаласының орталық базарында жүргізілді.

Сауда нысандарын аралау барысында кәсіпкерлер сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін, ал базарлардың жұмыс режимін сағат 20:00-ге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру жөнінде бастама көтерді.

Е. Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-та сауда нысандарының жұмыс уақытын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын шығаруды тапсырды.

Елордалық нысандарды аралау қорытындысы бойынша Е. Тоғжанов кәсіпкерлерді сауда нысандарындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ азаматтарды өздерінің және жақындарының денсаулығына мұқият болуға шақырды.

Өз кезегінде, кәсіпкерлер ҚР Үкіметіне бизнеске қолдау көрсеткені және қамқорлығы үшін алғыс айтты.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу