Б.Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес өткізді.

Отырыстың негізгі тақырыбы – Сот реформасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

Кеңес мүшелері халықаралық тәжірибе негізінде сот жүйесін жаңғырту және Қазақстанда қолайлы бизнес-климат құру аясында сыбайлас жемқорлық қаупін жою мәселелерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу