Б.Сағынтаев ҚР ҰКП-ның экономика бойынша жетекші сарапшыларымен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экономика бойынша жетекші сарапшыларымен кездесті. 

Кездесу барысында экономикалық өсімді ынталандыру, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын құру, ішкі ұсынысты ынталандыру мәселелері талқыланды. 

Сарапшылардың ортақ ұсыныстары экономикалық саясат жөніндегі Кеңестің отырысында таныстырылатын болады.  

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу