2019 жылы Алматы облысында 48 мыңнан аса жұмыс орны ашылды

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады. 

Өңір әкімінің айтуынша, өткне жылы экономикалық өсім және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін барлық шаралар қабылданды.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 4,5%-ға артып, 3 трлн теңгеден асты. 48 мыңнан аса жұмыс орны құрылды, оның ішінде 31 мыңы – тұрақты. Мемлекеттік бюджетке түсімдер 509 млрд теңгеден асты, оның ішінде өз кірістері 226 млрд теңгені құрады», — деді А. Баталов.

Өңір әкімі атап өткендей, бұл Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, сондай-ақ Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асырудың арқасында мүмкін болды. 

«Бұл – инвесторлармен жұмысты күшейту, қолдау, қолайлы инвестициялық ахуал жасау, мұның бәрі нақты нәтижелер береді. Шетелдік инвестициялар 1,6 есе өсті, шикізаттық емес экспорт 15% өсіммен $350 млн жетті. Жалпы құны 4,9 трлн теңгеден асатын, 40 мың жұмыс орнын құрумен 422 жобаны қамтитын инвестициялық қоржын жасалды», — деді А. Баталов.

Оның ішінде инвестициялар көлемі 94,5 млрд теңге болатын «Жетісу вольфрамы» кен өңдеу зауыты, құны 40 млрд теңге болатын «Прима-құс» құс фабрикасы және биыл бірінші жартыжылдықта пайдалануға берілетін, құны 47 млрд теңге болатын «Алацем» цемент зауыты бар. 

Сонымен қатар, биыл ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 1 трлн теңгеге дейін жеткізіп, өңделген өнім экспортын арттыру жоспарланған. 

2019 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 122 мыңнан асты, олардан салық түсімдері 1,3 есе өсті және 113 млрд теңгені құрады. ЖІӨ-дегі ЖӨӨ үлесі 32%-ға жетті. 

Сонымен қоса, өткен жылы 25% өсіммен 894 мың ш.м. тұрғын үй салынды. Тұрғын үй бағдарламаларының арқасында, 2 443 отбасы, оның ішінде 1 779 көпбалалы отбасы пәтерге ие болды. 

«Жыл басынан бері жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті алуға өтінімдер қабылданды, оған 21 млрд теңге бөлінді.  $40 млрд көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға бөлінеді, оның ішінде 3,5 млрд теңге жергілікті бюджеттен облыстың Әлеуметтік картасына бөлінеді», —  деді А. Баталов.

Өңірде орталықтандырылған сумен қамтумен қамтамасыз етілу деңгейі 91%-ға дейін жеткізілді. Жолдарды жөндеуге және салуға жыл сайын 35 млрд теңге бөлінеді, бүгінде жергілікті маңызы бар жолдардың 81%-ы жақсы және қанағаттандырарлық күйде. 

Әкімнің айтуынша, соңғы бес жылда облыста 30 мың орынға 55 мектеп салынды, бірақ олардың саны туу көрсеткішінің жоғары болуына және ішкі миграцияға байланысты өсуде. Биыл 8 мектеп құрылысына 8 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен мектептер салу мәселесі пысықталуда. 

Сонымен қатар, өңірдегі басымдықты жұмыстардың бірі – облыстағы елді мекендерді газдандыру. Талдықорған қаласында қалаішілік желілер құрылыс аяқталуда. Биыл ауылішілік желілер құрылысы басталады. 

Бұл ретте, инвестициялар көлемі 39,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде 32,8 –  жекеменшік, яғни, 1 теңге бюджет қаражатына 4 теңге жекеменшік қаражаттан келеді. 

«Қолайлы өмір сүру ортасын құру үшін «Ауыл – ел бесігі» ауылдарда зор мүмкіндіктер тудырып отыр. Өткен жылы 7 аудан орталығында 6,1 млрд теңге сомасына 45 жоба іске асырылды, биыл 21 ауыл қамтылатын болады. Бұл бағдарламаны тұрғындар жылы қабылдады, ол “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымына сай келеді. Ол біз үшін аса маңызды, себебі тұрғындардың 80%-ы ауылдық жерлерде тұрады», — деп түйіндеді А. Баталов. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу