Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ

Сейсенбі, 13 Қазан 2020, 10:22:05

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Экономиканың жай-күйі туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады. 

Министр хабарлағандай, қыркүйек айында экономикалық үрдістердің позитивті жаққа өзгеруі байқалды. Көрсетілетін қызметтер саласында жұмыс қайта белсенді бола бастады. Нақты секторда өсу сақталуда. 

«Қыркүйекте өсу көрсеткен салалар саны артып, экономика жандана бастады. Нәтижесінде, жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 8 айдағы минус 3%-дан қаңтар-қыркүйек айларында минус 2,8%-ға дейін жақсарды. Жылдық инфляция 7% деңгейінде сақталды», — деді Р. Дәленов. 

Нақты секторда өсу 2,2%-ға дейін жеделдеді. Нақты сектор салаларының көбінде және жекелеген қызмет түрлерінде өсу байқалуда. Олар - құрылыс, ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі.

Көлік, сауда, әкімшілік қызмет көрсету, жылжымайтын мүлікпен операциялар, тұру мен тамақтану салаларында төмендеу байқалды. Бұл 9 айдың көрсеткіштері.

«Егер қыркүйек айын жеке қарастырсақ, онда қызмет көрсету салаларының көбінде өсудің қалпына келе бастағанын көрсетіп отыр. Өсу факторлары – экспорт, өндіріс, өндіруші емес секторларға тартылған инвестициялар», — деді Р. Дәленов.

Бұл ретте, экспорт 8 айда  $31,9 млрд құрап, төлем теңгерімінің оң сальдосын  $8,1 млрд деңгейінде қамтамасыз етті. Дайын және өңделген өнімдердің экспорты ұлғайды. Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда автомобиль экспорты 5,7 есе, ферросилиций – 5,4 есе, күнбағыс майы – 86%, темірден жасалған созба сым – 33, титан құймалары – 9,5% өсті. 

9 айда өңдеу өнеркәсібінде өсу жалғасты. Атап айтқанда, автомобиль жасау – 51,6%, фармацевтика – 39,8%, дайын металл бұйымдары – 18,9%, қағаз өнімдері – 15,1% және жеңіл өнеркәсіп – 14,1% өсті.

Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, жалпы экономика бойынша инвестициялар өсуде. Инвестициялар денсаулық сақтауда 85,7%, байланыста – 62,4%, сумен жабдықтауда – 27,4%, тұрғын үй құрылысында – 25,2%, агроөнеркәсіп кешенінде – 15,1%, өңдеуде – 7,3% және көлікте – 5,7% ұлғайды.

«Қыркүйекте салалардың көбі өсім көрсетті. Олар ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, техникалық қызмет, қаржылық қызмет, сауда, көлік және басқалар. Осылайша, қыркүйектің көрсеткіштері іскерлік белсенділіктің жандануын көрсетті. Қызмет көрсету саласы қалпына келе бастады», — деді министр.

 Өнеркәсіп бойынша жалпы алғанда өндіріс көлемдері сақталды. Бұл ретте тау кен өндірісі өнеркәсібі 2,2%-ға төмендеді, ал өңдеу өнеркәсібі 3,3%-ға өсті.

Өңірлердің көбінде өнеркәсіптің өскені байқалады. Ең жоғары өсуді Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті. 5 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы.

Өңдеу өнеркәсібінде өнім шығару 3,3%-ға өсті. Өсудің жоғары қарқынын фармацевтика, дайын металл бұйымдары, машина жасау, оның ішінде автомобиль жасау және жеңіл өнеркәсіп көрсетіп отыр.

Өңірлер бойынша жоғары өсу Қостанай, Түркістан, Ақмола  облыстарында байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы.

«Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңірде инвестиция өсімі байқалды. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысы және Шымкент қаласы көрсетіп отыр. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары», — деді министр.

Құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстардың көлемі 10,5%-ға өсті. Жоғары өсу Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалады. 

9,6 млн ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп.

Өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей.

5 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсу байқалады. Олар - Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы.

Сондай-ақ 7 өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей.

3 өңірде 3 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалады. Олар Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары.

Іскерлік белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет.

  1. Инвестициялар. Инвестициялық жобалар бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ету.
  2. Мемлекеттік бағдарламалар. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Индустрияландыру» және «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жобаларды белсенді іске асыру.
  3. Несиелендіру. Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында несиелендіру үшін шағын және орта бизнес жобаларын жедел іріктеу және қарастыру.
  4. Қызмет. Санитарлық нормалар мен маска режимін сақтай отырып, бизнес қызметін қамтамасыз ету.
  5. Бағалар. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрлеріне баға мониторингін жүргізу және бағаның өсуін болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдау.
  6. Тиімділік. Экономиканы қолдауға бағытталған бюджет қаражатын тиімді игеру.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.