Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысындағы мобильді ХҚКО-лар және МӘМС жұмысымен танысты

Жұма, 04 Қазан 2019, 17:20:19

Жұма күні, 4 қазан күні, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді.

Қарағандыда вице-премьер бірқатар медициналық нысандарды аралап, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың, облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері орынбасарларының қатысуымен кеңес өткізді. Талқылауға салынған негізгі тақырып өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың мәртебесін өзектендіру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында сақтандыру аударымдарының уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мәселелері болды.

«Ең бастысы ­‒ халықтың мәртебесін өзектендіру. Бізде жақсы тәжірибе бар, алайда кемшіліктерді де жасыруға болмайды. Жыл соңына дейін мәртебесі әлі анықталмаған барлық адамдарды қамту керек. Әрбір қазақстандық бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін, әсіресе ауылдық жерлерде медициналық көмекті қалай ала алатынын білуі тиіс. Төлемдердің уақытылы жасалуы мәселесіне тоқталар болсақ, бұл мәселені де шешу қажет. Салық органдары салықты және міндетті әлеуметтік төлемдерді, оның ішінде МӘМС төлеуді бақылауды және жұмысты күшейтуі тиіс. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС іске қосу бойынша Елбасы мен Президенттің тапсырмалары бар. Мерзімдер ауыстырылмайды. Барлық өңірлер жыл соңына дейін дайын болуы тиіс», — деді Бердібек Сапарбаев.

Жалпы, Бердібек Сапарбаев атап өткендей, медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық жоғары. Қарағанды облысында МӘМС апробациясының алғашқы айы Денсаулық сақтау жүйесі келесі жылдан бастап бүкіл ел бойынша медициналық сақтандыруды ауқымды түрде енгізуге дайын екенін көрсетті.

Сонымен қатар МӘМС жүйесіне қолдау ретінде денсаулық сақтау жүйесінің ардагерлері жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Абай Байгенжин және бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының докторы Жақсылық Досқалиев өз пікірлерін білдірді.

«Біздің санамызға кеңес заманынан бері мемлекет медициналық қызметтерді төлеуге, қымбат оталарды тегін жүргізуге, дәрі-дәрмектерді тегін беруге тиіс деген пікір берік орнап қалған. МӘМС адамдарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Азаматтар өздерінің денсаулығына жауапты екенін түсінуі тиіс. МӘМС енгізу денсаулық сақтау саласын ресурстық қамтамасыз етуді айтарлықтай арттыруға, медициналық мекемелер мен қызметкерлердің экономикалық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді, денсаулық сақтауды барынша икемді және тиімді қаржыландыруға жол ашады», деп есептейді Абай Байгенжин.

Кеңес қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, халықтың мәртебесін өзектендіру және халықты ақпараттандыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Бердібек Сапарбаев «Life In» оңалту орталығында және «Мирас» клиникасының жұмысымен танысу барысында Бердібек Сапарбаев цифрландыру жүйесінің енгізілуімен, медициналық қызметтердің сапасымен, сондай-ақ клиника қызметкерлерін қаржылық қамтамасыз ету деңгейімен танысты. 

Қарағанды облысы пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізген алғашқы өңір болып табылады. Бұл жүйе осы жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылды, ал еліміздің басқа өңірлерінде оны 2020 жылдың 1 қаңтарында ғана енгізетін болады. Бүгінгі таңда Қарағанды облысында тұрғындарының 81%-да МӘМС жүйесіндегі мәртебесі анықталды.

Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында мобильді Жұмыспен қамту орталықтарының тәжірибесімен танысты. Қарағандылықтар елімізде бірінші болып ірі базарлар мен вокзалдар секілді адам көп шоғырланатын жерлерде жұмысқа орналастыру пункттерін құрды. Жұмыс іздеп жүрген адамдар бос орындармен танысып, бірден жұмыс берушіге жолдама ала алады немесе кәсіби курстарға жазыла алады. Мамандар азаматтарға өз ісін ашу мүмкіндіктері туралы айтып, мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес береді.

Бердібек Сапарбаев облыс орталығында алғашқы болып ашылған мобильді Жұмыспен қамту орталығында болып қайтты. Аталмыш нысан күн сайын мыңдаған адам өтетін «Шығыс» базарының аумағында орналасқан. Вице-премьерді орталық жұмысының жүйелілігі мен тиімділігі қызықтырды. Осындай мобильдік жұмыспен қамту орталықтары облыстың басқа қалалары мен аудандарында жұмыс істейді. Олардың жалпы саны – 11. Сонымен қатар, 13 жылжымалы жұмыспен қамту пункті бар.

Биыл өңірде 25 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік Жұмыспен қамту бағдарламасының барлық тетіктері іске қосылды. Жастар тәжірибесіне 2321 адам жіберілді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1300-ден астам адам оқытылды. Курс түлектері жобаларды іске асыруға 957 шағын несие алды.

Жыл басынан бері облыста 30 700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде әрбір үшіншісі ‒тұрақты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.