Бақытжан Сағынтаев жаңа құрамдағы ҚТЖ ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің алғашқы отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жаңа құрамдағы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің алғашқы отырысын өткізді.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамына келесілер кірді:

  • Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Илькявичюс Адамас - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформация және арнайы жобалар бойынша басқарушы директор; 
  • Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ  басқарма мүшесі - активтерді оңтайландыру бойынша басқарушы директор;
  • Кун Кристиан, Сыздықов Тито Уахапұлы, Святов Серік Аманжолұлы, Вильгельм Бендер - тәуелсіз директорлар;
  • Мамин Асқар Ұзақпайұлы - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

Ұлттық компанияда мәлімдегендей, «ҚТЖ» ҰК» АҚ сайланған директорлар кеңесінің өкілеттілігінің мерзімі үш жыл.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу