Б.Сағынтаев: Алға қойған міндеттерді сапалы орындау үшін барлық ресурстарды жұмылдыруымыз керек

Алға қойған мақсаттарды сапалы шешу үшін барлық қорларды жұмылдыруымыз керек. Барлық белгіленген мемлекеттік бағыттар бойынша іске асырудың нақты алгоритмі болуы тиіс, деп ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы алдағы кезеңге экономикалық өсімді қамтамасыз ету мен ел тұрғындарының өмір деңгейін төмендетпеу бойынша Үкіметтің негізгі жұмыс бағыттарын анықтады. Қазіргі күні ол біз үшін басты тапсырма болып табылады. Біз барлық күштерімізді жұмылдыруымыз керек», – деді Премьер-Министр.

Б.Сағынтаев Премьер-Министрдің кеңсесіне Президент Әкімшілігімен бірлесе отырып Мемлекет басшысының аталған тапсырмаларын орындау мерзімін пысықтауға, оларды барлық мемлекеттік органдарға жеткізуге және орындалу барысын қатаң бақылауға алуға тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу