Бақытжан Сағынтаев пен Дмитрий Рогозин екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті.

Кездесуге қатысушылар стратегиялық әріптестіктің басты бағыттары бойынша қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастарды кеңейту және нығайту мәселелерін талқылады. Ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшыларының кездесуіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу