Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Б. Сапарбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен білім мен денсаулық сақтау сапасын арттыру мәселелерін талқылады

Бейсенбі, 17 Қазан 2019, 12:28:52

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің әлеуметтік-мәдени жаңғыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. 

Кездесуге Мәжіліс депутаты Ж. Ахметбеков, қоғам қайраткері М. Әбенов, режиссер Е. Тұрсынов, саясаткер С. Нұрбек, «Team Qazagstan» жастар қозғалысының көшбасшысы А. Садырбай, «Қазақ үні» ЖШС президенті Қ. Иса және жұмыс тобының басқа да мүшелері қатысты. 

Сонымен қатар, талқылауға Үкіметтің әлеуметтік блок министрліктерінің басшылары – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, ҚР мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаев, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева қатысты. 

«Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы құрған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтудың берік көпірі болып саналады. Бүгінде бұл – бірлескен шешімдер қабылдауға, дамудың өзекті жолдарын іздестіруге бағытталған жаңа коммуникациялық алаң. Біз әлеуметтік-мәдени жаңғыртудың одан әрі маңызды аспектілерін талқылауға жиналдық», — деді Б. Сапарбаев өз сөзінде.

Вице-премьер әлеуметтік-мәдени саладағы Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын қарау қорытындысы туралы жұмыс тобының мүшелеріне ақпарат берді. Соның ішінде, мемлекеттік органдар Мәдениет және спорт министрлігі жанынан мәдени саясат жөніндегі кеңесті құру; дарынды балаларды қолдау және алға тарту; мәдени туризмнің жаңа орындарын құру; педагог мәртебесін арттыру және басқа да ұсыныстарды қолдады. 

Өз кезегінде Ұлттық кеңес мүшелері білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру, мәдениет пен спорттың танымалдылығын арттыру, ЖОО-лар түлектерін еңбекке орналастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру проблемаларын шешу, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, тарихи отанына оралған қандастарға қолдау көрсету бойынша бірқатар ұсыныстар білдірді. 

Кездесу барысында Үкімет пен Ұлттық кеңес мүшелері әлеуметтік-мәдени саланы жаңғырту, өткір әлеуметтік проблемаларды шешу бойынша өзекті мәселелерді талқылады. 

Кездесудің соңында Бердібек Сапарбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелеріне мазмұнды диалог өрбігені үшін алғыс білдірді. 

«Бүгін сындарлы әрі ашық әңгіме болды деп ойлаймын, азаматтарымызды толғандыратын өзекті мәселелер қаралды. Сіздердің барлық ұсыныстарыңызды мемлекеттік органдар ескеретін болады. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру мен әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша алдағы уақытта да жемісті өзара ынтымақтастығымызды жалғастыратынымызға сенім білдіреміз», — деп түйіндеді Б. Сапарбаев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.