Асқар Мамин Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан әйелдерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. 

«Құрметті ханымдар, сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Көктемнің бұл күні сіздердің күлкілеріңізбен бізді нұрландырады. Сіздер отбасыларыңыз бен туған-туыстарыңызға ғана қамқорлық танытып қоймай, Қазақстанның да дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. 

Сіздер айналаға махаббат пен қамқорлық және аналық жылу сыйлайсыздар. Біз сіздерді тек мереке күндері емес, әрдайым құрметтейміз, бағалаймыз!

Шын жүректен сіздерге денсаулық, бақыт, береке тілеймін!

Ізгі ниетпен, Асқар Мамин».

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу