17 Маусым 2021, 17:03
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бюджет қаражатын тиімсіз АЭА-ға жұмсауға болмайды және оларды жою керек деп атап өтті.
Үкіметте арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Есеп комитетінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері кірді.
Жұмыс тобының отырысында АЭА тиімділігін арттыру тәсілдеріне қатысты сұрақтар көтерілді, оның ішінде:
Қорытындысы бойынша жедел және жүйелік сипаттағы шаралар ұсынылды, олар АЭА-да жобаларды іске асыру бойынша жұмысты күшейтуге, басқарушы компаниялардың қызметін жақсартуға, сондай-ақ отандық өндірушілерді дамыту үшін тең бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ә. Смайылов бір аптаның ішінде АЭА қызметін жақсарту бойынша ұсынылған тәсілдерді пысықтап, тиісті жобаны талқыға салу үшін ұсынуды тапсырды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу