Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2019 жылдан 2021 жылға дейін АЭА мен ИА аумағында 320-ға жуық жоба іске қосылады

Сейсенбі, 21 Мамыр 2019, 11:19:38

Бүгін ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында арнайы экономикалық (АЭА) және индустриялық аймақтарды (ИА) дамыту мәселесі қаралды.

ҚР ИИДМ деректеріне сәйкес, елімізде қазіргі таңда 12 АЭА және 23 ИА құрылып, жұмыс істеп тұр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр барлық АЭА инфрақұрылымының құрылысына бюджет шығындары 314,3 млрд теңгені, бұл ретте тартылған инвестиция көлемі 910 млрд теңгені құрағанын айтты. Яғни, АЭА инфрақұрылымына салынған 1 бюджет теңгесі 2,8 теңге жеке инвестиция тартуға жол берді.

«Арнайы экономикалық аймақ аумақтарында барлығы 183 жоба іске қосылды, олардың ішінде шетелдік қатысумен 46 жоба бар. 15,5 мың жұмыс орны құрылды. Бюджетке салық түрінде шамамен 150 млрд теңге қайтарылды», — деді Р. Скляр.

Индустриялық аймақтарда инвестициялар көлемдері шамамен 183 млрд теңгені құрайтын 168 өндіріс іске қосылды. 8,5 мыңнан аса жұмыс орны құрылды. Бұл ретте, Индустриялық аймақ инфрақұрылымына 85,9 млрд теңге салынды. Осылайша, салынған 1 бюджет теңгесі 2,1 теңге инвестиция тартты.

 

Р. Склярдың мәлімдеуінше, 2021 жылға қарай АЭА аумақтарында 2 трлн теңгеден асатын сомаға 147 жоба іске асырылатын болады. 2019 жылы шамамен 1200 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 160 млрд теңгеден аса сомаға 36 жоба іске қосылады.

Индустриялық аймақ аумақтарында 2021 жылға қарай 520 млрд теңге сомасына 173 жоба іске қосылатын болады. Олардың ішінде ағымдағы жылы жалпы сомасы 163 млрд теңгеге 40 жоба іске асырылатын болады.

Энергетика вице-министрі Ә. Мағауов, өз кезегінде, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА дамыту туралы баяндады. 2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Арнайы экономикалық аймақты іске қосқан сәттен бастап 10,1 млрд теңгеге өнім өндірілді, 2 600 жұмыс орны құрылды.

АЭА іске асырылып жатқан негізгі жобалар — полипропилен мен полиэтилен өндірісі. Оның жалпы құны $9 млрд құрайды. Осы екі жобаның ЖІӨ үлесі 1,5% құрайды. Бұдан өзге арнайы экономикалық аймақта жеке инвесторлардың полиэтилентерефталат, метанол және циклогексан өндірісі жобаларын іске асыруы күтілуде. Олар қазір пысықталуда. 

Бұл жобалар шамамен $2,5 млрд көлемінде инвестицияны тартады. Құрылыс кезеңінде 10 000-ға дейін және пайдалану кезеңінде 1 500 жұмыс орны құрылатын болады.

Арнайы экономикалық аймақтардың жұмысындағы «Самұрық-Қазына» қорының жұмысы туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры Ә. Пірметов баяндады. Оның айтуынша, 2016 жылы қазанда «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымының барлық 68 нысаны пайдалануға берілді, 2015 жылы шілдеде «Қорғас» АЭА Құрғақ порты пайдаланыла бастады. 2015 жылдың 29 шілдесінен бастап 2019 жылдың 1 мамыры аралығында құрғақ портта ЖФЭ (жиырма футтық эквивалентінде) 317,4 мың контейнер өңделді. 2018 жылы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да 9,3 млрд теңгеден астам жеке инвестициялар игерілді.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы А. Есімов Қордың инфрақұрылым құрылысын негізгі жүргізуші екенін атап айтты. Құрылысты бір жыл бұрын — 2020 жылдың соңында аяқтау көзделген. «Химпарк Тараз» АЭА бойынша 7 жылда 30 млрд теңге игерілді, оның ішінде 8 млрд теңге өткен жылы игерілді. Осы индустриялық аймақты басқа жобалармен толықтыру міндеті тұр.

Сонымен қатар басқаруында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бар бірқатар өңірлер тыңдалды. Өңірлерде АЭА пен ИА қазіргі дамуы туралы Шымкент қ. әкімі Ғ. Әбдірахымов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов баяндады.

ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Ж. Қасымбек бір ай бұрын арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңға мемлекеттік қолдау шараларын алу рәсімдерін жеңілдететін, сөйте отырып, басқарушы компанияларға қойылатын талаптарды күшейтетін бірқатар өзгерістер енгізілгенін атап айтты. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.