Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Азаматтарды жұмысқа орналастыру және білім беру курстары: Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асырудың басты нәтижелері

Сәрсенбі, 02 Қаңтар 2019, 13:36:15

Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2018 жылдың 11 айында 515 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 368 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2018 жылдың 11 айында 2017–2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына барлығы 632 мыңнан астам адам қатысты, олардың жартысына жуығы ауыл тұрғындары (52,5%). Олардың ішінде 513 мың адам (81%) — жұмыссыздар, 119 мың адам — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (19%). 515 мың адам еңбекпен қамтылды, соның ішінде 368 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

2018 жылы:

  • кәсіби және техникалық біліммен 40,2 мың адам қамтылды;

  • қысқа мерзімді курстарға 41,5 мың адам қатысты;

  • 14 006 адам шағын несиелер алды (ауылдық жерлерде – 12 760 (91%), қалаларда – 1 246 (9%);

  • субсидияланған жұмыс орындарына 129 мың адам жұмысқа орналасты (әлеуметтік жұмыс орындарына 22 мың адам, жастар практикасына – 27 мың, қоғамдық жұмыстарға – 80 мың адам);

  • 1 733 отбасы жаңа жерге қоныстанды, оның ішінде 6 367 адам немесе жоспардың 100%.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2019 жылы цифрлық экономиканың жаңа сын-тегеуріндеріне еңбек нарығын дайындау және жаңғырту бойынша бірінші кезектегі шараларды қабылдау жоспарланып отыр. Осыған орай, Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктіліктерді алудың, жаппай кәсіпкерлікті дамытудың және еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға арналған тиімді жүйені құруға бағдарланатын болады.

Осылайша, отандық экономика салаларын цифрландыру және технологиялық жаңғырту жағдайында еңбек нарығын жаңа дағдыларды меңгерген білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Индустрия 4.0 үшін бұрыннан келе жатқан жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру үшін еңбек ресурстарын қайта даярлау тұрғысынан жаңа тетік қарастырылуда.

Жұмыстары қысқарып қалған мамандар еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол картасы аясында қайта даярлау бағдарламалары бойынша оқытылады. Жұмыстары қысқартылған жұмыскерлер жұмыс берушілер қайта даярлау бағдарламалары бойынша оқытудың кемінде 50% құнын бірлесіп қаржыландырған жағдайда қайта оқытылады. Қайта даярлау бағдарламалары бойынша оқыту құнының қалған 50%-ын мемлекет қаржыландырады.

Жобада Индустрия 4.0 қағидаттарына негізделген экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары өнімді жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды жүргізудің тәсілдерін оларды жұмысқа орналастыруға бағдарлай отырып қайта қарау көзделген. Осы мақсатта жыл сайын өңірлердегі еңбек нарығының қажеттіліктерін талдау және болжау негізінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға арналған сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар тізімі бекітіледі.

Бұдан өзге, еңбек күші тапшы солтүстік өңірлерге адамдардың қоныс аударуын ынталандыру үшін, сондай-ақ ол жақтарға көшкен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарламаға тұрғын үй салу мен сатып алудың жаңа тетігін енгізу көзделген. Аталған тетікті Солтүстік Қазақстан облысында пилоттық режимде сынақтан өткізіп, одан кейін басқа өңірлерге де тарату ұсынылған. Сонымен қатар, мемлекеттiк бағдарламалар, инвестициялық жобалар аясында және ШОБ саласында жұмыс орындарын құруға мониторинг жүргізу тұрғысынан мемлекеттiк органдарды үйлестіру жұмыстары күшейтiлетiн болады. Осы мақсаттарда жобалық басқару құралдарын қолдана отырып өңірлер мен экономика салалары тұрғысынан жұмыс орындарын құру бойынша біріктірілген карта әзірленеді.

 

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту

Елбасы тапсырмасы бойынша Бағдарлама аясында 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру (ТжКББ)» жобасы іске асырылып жатыр. Бұл оқыту түрі ҰБТ тапсырмаған, оқу орындарына түспеген, тұрмыс жағдайлары нашар отбасыдан шыққан адамдарға бағытталған. Бағдарлама қатысушылары оқу кезеңінде оқу ақысын төлеу, бір реттік ыстық тамақ, шәкіртақы, жол ақысы секілді мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады.

Бағдарламаны іске асырудың екі жылында 41 мың жас азамат тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылды, бұл оларға алғашқы мамандықты алуға мүмкіндік берді, 41,5 мыңы еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағандар қатарынан 23,4 мың адам немесе 68%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.

«Бастау–Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 28,3 мың адам (100%) оқытылды, олардың ішінде 19,5 мыңы бизнес жобаларын қорғады, 6,3 мыңы шағын несиелер алды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту еңбек нарығында талап етілетін біліктілік пен дағдылар бойынша жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Бағдарламаның шарттарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығының ерекшеліктері мен құрылымына сүйене отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар тізімін қалыптастырады және бекітеді.

2018 жылы Бағдарлама аясында оқыту негізінен туризм және қызмет көрсету, тамақтану орындары, жеңіл өнеркәсіп және техникалық мамандықтар бойынша сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізілді. 2018 жылдың қараша айында Бағдарлама мемлекеттік бағдарлама ретінде қайта бекітілді. Қысқа мерзімді кәсіптік білім беруді ұйымдастыру тәсілдері қайта қаралды. Түлектердің кемінде 60% жұмыспен қамту тұрғысынан оқу орталықтарына және білім беру мекемелеріне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді. 2019 жылдан бастап оқыту білім беру мекемелері мен оқу орталықтарының тізіліміне және Сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар тізіміне енген білім беру ұйымдарында жүргізіледі, бұл білім беруді ұйымдастырудың сапалық құрамын қамтамасыз етеді.

 

Шағын несие беру — жұмыспен қамтуды арттыру құралы ретінде

Бағдарлама шарттарына сәйкес, шағын несиелер бизнес жобаларын республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда іске асырушы немесе соны жоспарлап жүрген азаматтарға беріледі. Бағдарламаның «Бастау–Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификаты бар (бизнес жобаларды қорғау кезеңіне жіберілгендерге) қатысушыларына несие/шағын несие алуға басым құқық беріледі.

Бағдарлама қатысушылары — халықты жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен өнімсіз жұмыспен қамтылғандар, жаңадан бастаушы және бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың зейнет жасына жетпеген мүшелері, зәкірлік кооперация қатысушыларын қоса алғанда шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар.

Бағдарлама қатысушысына шағын несие алу үшін қойылатын міндетті шарттардың бірі — оның салық органдарында тіркелуі.

Жеке ісін бастағысы келетіндерге 8 мың АЕК (19 млн тг) көлемінде, жылдық 6% мөлшерлемемен, 5 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікті шағын несие беріледі, ал мал шаруашылығы саласындағы жобаларға — 7 жылға дейін беріледі. Бағдарламаға 2018 жылдан бастап қайтарымсыз негізде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 100 АЕК көлемінде мемлекеттік гранттар берудің жаңа құралы енгізілді.

Бес әлеуметтік бастаманың төртінші бағыты аясында биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен шағын несиелендіруге қосымша 20 млрд теңге бөлініп, шағын несиелердің жалпы сомасы 62 млрд теңгеге жеткізілді. Жалпы, 2018 жылы 14 мың шағын несие берілді, олардың ішінде ауылдық жерлерде – 12 760, қалаларда – 1 246. Ауылдық жерлерде шағын несиелердің орташа көлемі 3,5 млн тг құрайды, қалаларда – 11 млн тг.

Бұған қоса, Start-up жобаларды қолдауға 8 891 шағын несие (63,4%) берілді, зәкірлік кооперацияның жаңа бағытын дамытуға 1 007 шағын несие (7,2%), өз ісін кеңейтуге 4 107 шағын несие (29,3%) берілді. Шағын несиелендіру аясында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарынан 12 325 адамға және 1 681 жұмыссызға кәсіпкерлікпен айналысуға, сондай-ақ өз қызметін формализациялауға мүмкіндік берілді. Бұдан өзге, 3 мыңнан астам адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алды. Осылайша, қосымша жұмыс орындарын ашу түрінде маңызды әлеуметтік нәтиже алынды.

Сонымен қатар, шағын несие алушылар қосымша 12,1 мың жұмыс орнын құрды.

Бағдарлама аясында кәсіпкерлік дағдыларды арттыру мақсатында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мүмкіндігі қарастырылған. 2017 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып «Бастау–Бизнес» жобасы іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда «Бастау–Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 28,3 мың адам немесе жылдық жоспардың 100% қамтылған, олардың 19,5 мың қатысушысы өздерінің бизнес жобаларын қорғаған, 6,3 мыңы шағын несиелер алған.  

 

Электронды еңбек биржасы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2018 жылғы қаңтардан бастап Электронды еңбек биржасы (ЭЕБ) іске қосылған, оған «онлайн» режимінде еліміздің барлық 200 халықты жұмыспен қамту орталығы тіркелген. Жұмыс берушілер биржаға қашықтан бос жұмыс орындарының бар екені туралы ақпаратты жариялап, жұмыс іздеп жүрген адамдардың деректері жазылған ақпараттарды оқып, олардың байланыс мәліметтерін алып, жұмыс іздеушілерді іріктеп, әңгімелесуге шақырып, бос жұмыс орындарына кері жауап алады.

Ал жұмыс іздеушілер үшін түйіндеме орналастыру, бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеу, әңгімелесуге шақырту алу, жұмыс берушілерден жұмысқа орналасу туралы хабарлама алу мүмкіндіктері қарастырылған. Кәсіптік бағдарға тест қарастырылған. ЭЕБ порталына тіркелген жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері де кәсіпорын атынан бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жариялап, жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін қарап, ұсынылған параметрлер бойынша жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындарын іріктей алады, сондай-ақ әңгімелесуге шақырту алып, өзгелерді шақыра алады, тиісті бос жұмыс орындарына белгі тастап, жарияланған бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды алуына болады.

Электронды еңбек биржасы қызметтерін 87 мыңнан астам жұмыс беруші, 416 мың жұмыс іздеуші пайдаланған. ЭЕБ арқылы 530 мың жұмыс іздеуші еңбекпен қамтылған (тұрақты жұмыс орындарына – 392 мың және уақытша жұмыс орындарына – 137 мың адам). Деректер қоры күн сайын жаңа бос жұмыс орындарымен және түйіндемелермен толығып отырады. 2018 жылдың басынан бері жұмыс берушілер, жұмыспен қамту орталықтары, жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктері және жұмыс іздеушілер биржа порталына 745 мыңнан астам бос жұмыс орындары туралы ақпаратты, 480 мыңнан астам түйіндемені орналастырған.

Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттері:

  • Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

  • Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту;

  • Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

  • Ауылдар және қалаларда шағын несие беруді кеңейту;

  • Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

  • Еңбек ресурстарының жұмылғыштығын арттыру;

  • Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.