Қазақстан мен Сингапур сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруда

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Сингапур Республикасының сауда және өнеркәсіп министрі Ко По Кунмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Әсіресе, екі ел арасындағы қызметтердің еркін саудасы мен инвестициялар туралы келісімге назар аударылды.

«Бізде тауар айналымының көлемін арттыру әлеуеті бар, қалыптастырылып жатқан еркін сауда аймағы бұған ықпал етуі тиіс. Биыл күзде осындай маңызды шартқа қол қоюды жоспарлап отырмыз», — деді Ә. Смайылов.

Қазақстан өз тарапынан келіссөздерді белгіленген мерзімде аяқтау үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайын.

«Болашақ Келісім елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттырудың маңызды құралына айналады», — деді Ә. Смайылов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу