Абзал Нүкенов ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып тағайындалды

2016 жылғы 2 қарашадағы №651 Үкімет Қаулысына сәйкес Абзал Нүкенов ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып тағайындалды.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келді.

1995 - 2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алды. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)

2000 - 2005 жылдар – «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімшесі секторының меңгерушісі, кеңесші.

2005 – 2006 жылдар – Алматы қ. Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы.

2006 жылғы қыркүйекте Алматы қ. Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2009-2011 жылдар – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры.

2011-2016 жылдар – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аумақтық орталығының сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгеруші.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу