А. Мырзахметов АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын оңтүстік өңірлердің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен талқылады

Бүгін Тараз қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, әзірленіп жатқан бағдарламаны талқыға салды.

АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын Елбасы мақұлдағаннан кейін, ҚР Үкіметі қабылдады. Одан кейін бұл құжат Парламент пен Үкіметте қаралды.

АӨК-тің жаңа ролін жүзеге асыру еліміздің тұрақты дамуын, еңбек өнімділігін арттырады және халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз етпек. Бұл міндеттерге ауқымды түрде кооперацияларды дамыту арқылы жетуге болады.

Кооперативтерді техникалық жағынан жабдықтау «ҚазАгро» холдингі арқылы жүзеге асырылады. ЖҚШ бойынша ветеринарлық, агрохимиялық, қаржылық, және өнімді өткізу бойынша кеткен шығындары кооперативтерді субсидиялау бойынша беріледі.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту барысында өңдеуші кәсіпорындардың қосымша жүктемелігін 30%-ға қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сауданың үстеме бағасын 15-20%-ға делдалдарды қысқарту арқылы төмендету көзделіп отыр.

Бағдарлама 2021 жылға қарай 500 мыңға жуық ЖҚШ мен ұсақ шаруа қожалықтарды тартуды жоспарлауда, 1 200-ге жуық ауыл шаруашылығы кооперациялары құрылады.

Сонымен қатар, кооперативтер өздерінің үлескерлеріне, яғни қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа қожалықтарына ветеринарлық, агрохимиялық, техникалық қызмет көрсету және жем дайындау бойынша бірнеше қызметтер көрсете алады. Мысалы, ауыл халқына малға қажетті шөп керек болды делік. Өзінің құны 7-8 мың тонна болатын шөп, жазғы уақытта 20 мың теңгеге, күзде 30 мың теңге, қыста 40 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Ал, кооператив мемлекеттің қолдауымен лизинг арқылы сатып алынған трактор, шөп шабатын машина, тіркемелерді пайдаланып, арзан бағамен шөппен қамтамасыз ете алады. Бір сөзбен айтқанда, кооперативтер ЖҚШ және дамытуға арналған негізгі мәселелерді шешіп береді.

Кооператив ауыл тұрғындарын жем-шөп цехы арқылы бір орталықтан құрама азықпен қамтамасыз етеді.

Кооперацияның тағы бір артықшылығы – ауыл тұрғындарына шағын несие алуға мүмкіндік береді.

Ал, азық-түлік өнімдерін сыртқы нарыққа шығару «Продкорпорация» АҚ негізінде құрылатын жаңа экспорттық орталығымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында егіс алқаптарын әртараптандыру жалғастырылатын болады. Босатылған алқаптарға экспортқа сұранысы жоғары арпа, сұлы, жүгері және майлы дақылдар егіледі. Біздің тарапымыздан егіс алқаптары өңірлер мен дақылдар кесімінде есептелді.

Қазіргі заманғы агротехнология трансферттеріне Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында ерекше назар аударылады. Сол мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігі агротехнологиялық трансферттеу орталығында шетел тілдерін білетін жас мамандардан құралады. 

«ҚазАгро» субсидия мен несиелендіру тетіктері қарастырылады. Бағдарлама барысында субсидия мен несие алушылар саны 7 есеге дейін көбейіп, «ҚазАгро» арқылы жеңілдікпен несие алатындар саны артып, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау 1,4 есеге көбейеді.

1 теңге бойынша субсидиялау 2 есеге дейін, яғни 7,5 теңгеден 13 теңгеге дейін көбейеді. Бұл жалпы өнім өндіру үлесі 50%-ға артады деген сөз.

Лизингтік бағдарламалар, субсидиялар бойынша тәсілдерді қайта қарау көлік-трактор паркін жаңарту қарқынын 1,5-2 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа тәсілдерді іске асыру ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиынын 30%-ға ұлғайтуға, экспортты 17%-ға өсіріп, импорт көлемін 3,4 млрд-тан 2,8 млрд АҚШ долларына дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, суармалы жер аумағын 40%-ға 1,4-тен 2 млн га-ға дейін ұлғайту көзделген. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін және өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 1,3 есеге ұлғайту және салаға жеке инвестициялар көлемін кем дегенде 3 есеге өсіру жоспарда бар.

Еске сала кетейік, бюджеттен бекітілген алдыңғы бағдарламаға бөлінген қаржы негізінде жаңа индикаторларды жүзеге асыру жоспарлануда, яғни бағдарлама қосымша қаражатты талап етпейді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу