Қазақстандағы сот залдарының 83% аудио-бейнетіркеу жүйесімен жабдықталған

Бүгінгі таңда еліміз бойынша сот залдарының аудио-бейнетіркеу жүйесімен жарақтандырылуы 83%-ды құрайды, деп мәлімдеді ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Абай Тоқсаба ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында.

«Мемлекет басшысы судьялардың VI съезінде берген тапсырмасының шеңберінде Жоғарғы сот тарапынан соттардың қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгендігін атап өтті. «Сот кабинеті» сервисіне, сот процесіне қатысушыларды электронды хабарлау құралдарына, аудио-бейнетіркеуге, сондай-ақ «төрелік» жүйесіне ерекше назар аударылды», - деді А. Тоқсаба.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда еліміз бойынша сот залдарының аудио-бейнетіркеу жүйесімен жарақтандырылуы 83%-ды құрайды. Ағымдағы жылы сот отырыстарының 78%-ы аудио-бейнетіркеу жүйесін қолдану арқылы өтті.

«2016 жылдың 8 айында «Сот кабинеті» сервисі арқылы 400 мың талап арыз жолданды, бұл барлық келіп түскен талап арыздырдың 75,4%-ын құрайды. 15 қыркүйектегі жағдай бойынша миллионыншы электронды құжат келіп түсті. Есеп 2014 жылы сервистің іске қосылу уақытынан бастап жүргізілуде. Бұл оқиға соттардағы жаңа ақпараттық технологияларға леген сұранысты растайды», - деді А.Тоқсаба.

 Баспасөз конференциясы шеңберінде Жоғарғы сот «Сот кабинеті» сервисі арқылы миллионыншы, миллион бірінші және миллион екінші құжатты жолдаған тұтынушыны ынталандырды. Ақмола облысының тұрғыны, адвокат Наталья Водянова миллионыншы тұтынушы, Ақтөбе облысының тұрғыны Мейрамбек Көбеев миллион бірінші, ОҚО Отырар ауданы бойынша департаментінің Мемлекеттік кірістер басқармасы миллион екінші тұтынушы болды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу