Қазғарыш 2016 жылы мемлекеттік органдарға ғарыш түсірілімдерін ұсыну арқылы 6,27 миллиард теңге табыс тапты

2016 жылдың 1 қыркүйегінде Қазғарыш Қазақстанның мемлекеттік органдарына және олардың ұйымдарына 10 млн шаршы км аумақтың түсірілімдерін ұсынды. Бұл түсірілімдердің коммерциялық құны 6,27 млрд теңгені құрады.

Бүгінгі күні Қазақстанда екі Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) спутнигінен – «KazEOSat-1» (кеңістіктік айыру қабілеті жоғары – 1 м) және «KazEOSat-2» (кеңістіктік айыру қабілеті орташа – 6,5 м).

ЖҚЗ ғарыш аппараттарының орбиталық топтамасы сәтті жұмыс істеп тұр. Олар қазір республикадағы ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, экология мен табиғатты пайдалану, жерді пайдалану, геодезия, картография, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ деректеріне тәуелсіз және шұғыл түрде қол жеткізу тұрғысынан еліміздің қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді.

«ЖҚЗ ғарыш жүйесі тәжірибелік пайдалану кезеңінде (2014-2015 ж.ж.) мемлекеттік органдарға нарықтық бағасы шамамен 5,4 млрд теңгені құрайтын 7,4 млн шаршы км көлеміндегі ақысыз негізде ғарыш түсірілімдерін берген болатын», - деп мәлімдеді Қазғарышта.

Жерді қашықтықтан зондтаудың ұлттық ғарыштық жүйесі өткен жылы коммерциялық құрылымдарға жалпы сомасы 133,6 млн теңге көлемінде қызмет көрсеткенін атап өткен жөн.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу