Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2021 жылы импорт 8,1%-ға өседі деп күтілуде — Ұлттық Банк

Сейсенбі, 25 Тамыз 2020, 09:57:46

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды. ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев баяндама жасады.

Коронавирус пандемиясының салдары әлем экономикасының даму болжамдарын қайта қарауға алып келді. Әлемдегі ең ірі экономикалардың жандана бастауына қарамастан, коронавирус пандемиясының екінші толқыны және АҚШ пен Қытай арасындағы саяси, сауда келіспеушіліктерінің күшеюі аясында ұзақ қалпына келтіру тәуекелдері сақталуда.

Әлемдік экономиканың қалпына келе бастауы және энергия ресурстарын тұтынудың өсуі нәтижесінде Brent маркалы мұнайға баға белгілеу биылғы сәуірде ең төменгі белгіден осы жылғы 25 тамызға бір баррель үшін $45,1 дейін 2,8 есе өсті.

«Биыл мұнай бағасының одан әрі өсуі коронавирус инфекциясының екінші рет қайталану мүмкіндігіне, АҚШ пен Қытайдың сауда қатынасының шиеленісуіне байланысты, сондай-ақ ОПЕК+ қатысушыларының биыл 1 тамыздан бастап мұнай өндірісін ұлғайтуы аясында шектеледі. Ұлттық Банктің қазақстандық кәсіпорындарға жүргізген сауалнамасы биыл 3-тоқсанда экономикалық белсенділікті қалпына келтірудің төмен қарқыны күтілетіндігін көрсетеді. Биыл шілде айында басталған іскерлік белсенділіктің төмендеуі осы жылғы тамызда да карантиндік шектеулер аясында жалғасуы мүмкін», — деді ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы.

Өзектендірілген макроэкономикалық деректерді ескере отырып, ақша-кредит саясатының көрсеткіштері бөлігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жаңартылды.

1. Инфляция болжамы

Дезинфляциялық әсер көрсететін әлсіз ішкі сұраныс аясында 2020 жылға арналған инфляция болжамы ӘЭДБ-нің бірінші кезеңіндегі 9-11%-дан 8-8,5%-ға дейін қайта қаралды.

Күтілетін төлем балансының тапшылығы аясында айырбастау бағамының бағаларға тасымалдануы, сондай-ақ ұлғайған фискалдық импульс инфляцияға әсер етеді, оның инфляцияға ықпалы 2021 жылы да жалғасады. Тиісінше, біздің бағалауымыз бойынша, 2021 жылы мұнай бағасының біртіндеп өсуі және ішкі экономиканың қалпына келуі аясында жылдық инфляция 4-6% дәлізінің жоғарғы шекарасына жақын қалыптасады және 2022 жылы да осы дәлізде болады.

Осыған байланысты инфляция болжамы мынадай таргеттерге сәйкес келеді: 2021-2022 жылдары 4-6%, 2023-2024 жылдары 4-5% және 2025 жылы 3-4%.

2. Төлем балансы

Биыл І жартыжылдықта төлем балансының қолданыстағы шотының профициті (алдын ала бағалау бойынша 2,1 млрд АҚШ доллары) тікелей инвесторларға төленетін кірістердің төмендеуі және жыл басындағы мұнайдың салыстырмалы түрде жоғары бағасы мен жеткізілімдері есебінен тіркелді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша пандемия салдарынан төлемге қабілетті сұраныстың төмендеуі және инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынының баяулауы аясында 2020 жылы тауарлар импортының 13,1%-ға қысқару болжамына қарамастан төлем балансының қолданыстағы шотының тапшылығы күтіледі.

Ағымдағы шоттың тапшылығы 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда мұнай бағасының жалпы төмендеуіне және мұнай өндіруді қысқарту бойынша OPEC+ мәмілесінің талаптарын сақтауға, сондай-ақ 2020 жылғы ІІ жартыжылдықта тікелей инвесторларға төленетін кірістерді біртіндеп қалпына келтіруге байланысты тауарлар экспортының қысқаруы аясында қалыптасады.

Бұдан кейінгі импорттың болжамды серпіні импортты алмастырудың белсенді саясатын іске асыруға негізделген. Бұл ретте, 2021 жылы кейінге қалдырылған сұраныс пен 2020 жылы тоқтатып қойғаннан кейін инвестициялық жобаларды іске асыруды жылдамдату салдарынан импортты қалпына келтіру және оның 8,1%-ға өсуі күтіледі.

Тауарлар экспортының болжамы шикізаттық емес тауарлар экспортының ұлғаюы бойынша күтулерді көрсетеді, бұл 2025 жылға қарай экспорттың 50 млрд АҚШ долларынан жоғары деңгейге дейін кезең-кезеңімен өсуіне алып келеді. Ұлттық Банк Үкіметтің өңдеуші өнеркәсіп экспортын 2025 жылға қарай 42%-ға ұлғайту жөніндегі жоспарларын қолдайды.

3. Ақша-кредит саясаты

Ақша массасын, депозиттер мен кредиттерді қоса алғанда, ақша-кредит саясатының көрсеткіштері Ұлттық экономика министрлігі орта мерзімді кезеңге ұсынған ЖІӨ-нің номиналды өсу болжамы негізінде болжанады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша депозиттердің әлсіз өсуі күтілуде, оның есебінен халықтың нақты табысының төмендеуі аясында тұтыну шығыстарының бір бөлігі қаржыландырылады. Нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі биылғы шілдеде 39,5%-ға дейін төмендеді (2019 жылғы желтоқсанда 43,1%). Депозиттерден басқа, айналыстағы қолма-қол ақша көлемі әлеуметтік төлемдердің өсуі аясында өседі, бұл жиынтығында 2020 жылы ақша массасын арттырады.

Біздің күткеніміздей, ағымдағы жылы іскерлік белсенділіктің баяулауы аясында экономикаға берілетін несиелер де баяу өсетін болады.

Біздің болжамымыз бойынша экономикаға берілетін кредиттер де іскерлік белсенділіктің баяулауы аясында баяу өседі. Осы жылдың басынан бері ЕДБ кредиттері биылғы шілденің соңында 0,5%-ға (немесе 67,1 млрд теңгеге) 13,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық Банк қазіргі уақытта «тамыз-қыркүйек» болжам раундын өткізіп жатыр, оның шеңберінде макроэкономикалық индикаторлардың болжамдары қайта қаралады. Атап айтқанда, биыл 7 айда ІЖӨ-нің 2,9%-ға қысқаруы бойынша нақты деректерді ескере отырып, ІЖӨ-нің 2020 жылға қысқаруының ағымдағы болжамы жаңартылады.

4. Бюджет тапшылығы мен Ұлттық қор

Республикалық бюджеттің жобасы мемлекеттік бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер көлемінің едәуір артуын көздейді. Нәтижесінде, болжам бойынша, 2023 жылдың соңына қарай Ұлттық қор қаражаты ІЖӨ-нің 30,8%-ын құрайды және ІЖӨ-нің 30%-ына тең азаймайтын қалдығына жақындайды.

Осыған байланысты 2021 жылы контрциклдік бюджет ережесінің енгізілуін ескере отырып, Ұлттық қордың жинақтау функциясын сақтау және мұнай тапшылығын азайту үшін шаралар қабылдау қажет болады.

2021 жылға арналған кепілдендірілген трансферттер көлемі 2,7 трлн теңге, 2022 жылға 2,4 трлн теңге, 2023 жылға 2,2 трлн болады. Сондай-ақ 2021 жылға 1 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт көзделген.

Ұлттық қордың қаражаты 2020 жылдың соңында 27,3 трлн теңге (ЖІӨ-ге 38,5%), 2021 жылы 26,6 трлн теңге (34,7%), 2022 жылы 26,9 трлн теңге (32,7%), 2023 жылы 27,6 трлн теңге (30,8%).


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.