Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ

Сейсенбі, 11 Тамыз 2020, 13:41:59

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.

Отырыс барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өскенін атап өтті. Оң динамика 12 өңірде сақталуда.

Б. Атамқұловтың айтуынша, тау-кен өндіру секторында түсті кендерді өндіру «Комаровское тау-кен кәсіпорнының» есебінен 2,5% өсті.

Темір кенін өндіру өткізу нарықтарын дәстүрлі елдерден қайта бағдарлауға байланысты, сондай-ақ «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінде» (+1%), «Өркен» ЖШС (+16%) және «BapyMining» ЖШС (+14%) кәсіпорындарында кен өндіру көлемінің артуы есебінен 0,9%-ға өсті.

Көмір өнеркәсібінде көмір өндіру көлемінің өсімі 102,6%-ды құрады. 

Көмірді өндіру көлемінің ұлғаюы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да 14%-ға, «Восточный» ERG разрезінде 12%-ға, «Богатыр Көмір» ЖШС-да 1,4%-ға, «Майкөбен-Вест» ЖШС-да 2%-ға, «Қаражыра» ЖШС-да 2%-ға байқалады.

Көмір өндіруші компаниялар 2020 жылғы қаңтар-шілде айларында 62 млн тонна көмір өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% арттық (60,2 млн тонна).

Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі түсті металлургия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және басқа да салалар есебінен 3,8%-ға өсті.

Түсті металлургияда өндіріс көлемі аффинирленген алтын өндіру көлемін 3%-ға, бастапқы алюминийді 1%-ға және басқа да көрсеткіштердің өсуіне байланысты нақты көлем индексі 3,9%-ға артты. 

Қара металлургияда нақты көлем индексі 98% құрады. Бұл көрсеткіш болаттың, рельстердің, болат құбырлардың өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты болды.

Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,6% өсті. Б. Атамқұловтың айтуынша, бұл дезинфекциялық құралдар өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты. Сондай-ақ «ҚазАзот» АҚ кәсіпорнында аммиак селитрасы 19% және аммиак 286%, «Қазфосфат» ЖШС кәсіпорнында фосфор қышқылы 39%, аммофос 7% және тағы басқа да өндіріс көлемі ұлғайтылды.

Машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс көлемі 13,9%-ға өсті.

Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 45,1%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 3,4%, өзге көлік құралдарын жасау 113,8%, электр жабдықтарды жасау 0,2% өсті. 

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 23,2% артты. Өсім «Dolce» ЖШС кәсіпорнында өнімнің 67%-ға, «Химфарм» АҚ 9%-ға және «Элеас өндірістік фармацевтикалық компаниясында» 21 есе артуына байланысты болды. Бұдан өзге «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізу көлемі ұлғайтылды. 

Бүгінгі таңда медициналық маскалар өндірісінің көлемі тәулігіне 1,2 млн дананы құрайды, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен жабады. Жыл соңына дейін тәулігіне 1,5 млн данаға дейін ұлғайту көзделген. 

Медициналық қолғап – тәулігіне 530 мың дана. Қорғаныс жиынтықтары – айына 900 мың дана. Дәрілік заттар өндірісі – жылына 3,9 млрд дана таблетка, капсулалар, түйіршіктер және т. б., 1000 атауға дейін.

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 7,3%-ға өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 8,3%-ға және былғары өнімдердің 6,9%-ға ұлғаюына байланысты болды. 

Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қантар-шілде айларында 84,4%-ы құрады.

Контейнерлердің транзиттік тасымалдарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артты (2019 жылдың қаңтар-шілде айларында — 351,7 мың ЖФБ) және 483,1 мың жиырма фунттық баламаны құрады.

Тұрғын үй құрылысында 7 айдың қорытындысы бойынша 6,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,5% құрайды. 

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қантар-шілде айларында 106,3%-ды құрады. Өсім өңірлерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта жаңғыртуға байланысты құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. 16 өңірде оң динамика байқалады.

Б. Атамқұлов атап өткендей, республика бойынша барлығы 61 308 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 22 641 жеке тұрғын үйлер). Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы республиканың 15 өңірде байқалады.

Жалпы биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Осы жоспарға қол жеткізу үшін өңірлерге сәуір айында әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің 15 мың пәтерінің құрылысына қосымша 180 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, облыс бойынша биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында экономиканың негізгі салаларында өсім қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде тамақ өнімдерін, темекі бұйымдарын өндіру, фармацевтика, электр жабдығын өндірудің жоғарылауы есебінен өнеркәсіптік өндіріс көлемі 5%-ға ұлғайды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында өсім 2,4% құрады, ет және сүт өндірісі артты.

«Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,6%-ға өсті, 525 мың ш.м. немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 118,3% тұрғын үй пайдалануға берілді. 292,5 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 9,3% құрады», — деді облыс басшысы. 

Алайда, төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты облыста бөлшек тауар айналымы төмендеген, нақты көлем индексі 96% құрап, көлік қызметтері 84,5%-ға төмендеген, инфляция 104,4% құрады.

«Әлеуметтік-маңызды тауарларға бағаны ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен тұрақтандыру қорына қосымша 2 млрд. теңге бөлінді», — деді А. Баталов. 

Жалпы. облыс бойынша 38,7 мың жұмыс орны құрылды. Карантин кезеңінде жұмысынан босап қалған азаматтарды жұмысқа орналастыруға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» айтарлықтай көмек көрсетті. Соның шеңберінде 22,8 мың жұмыс орнын құрумен 109,2 млрд теңгеге 977 жоба іске асырылып жатыр.

«Бүгінгі таңда 216 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, 747 жоба жұмыстар жалғасуда. 13142 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 6 571 адам жұмысқа орналастырылды», — деп нақтылады облыс әкімі.

Облыс бюджетінің орындалуы бойынша Алматы облысында мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша жоспар 101,7% орындалды, 291,4 млрд теңге түсті. 

Ал жергілікті бюджетке 152,1 млрд теңге түсті, осылайша, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 125% құрады.

Шығыстар бойынша бюджеттің орындалуы 366,9 млрд теңгені немесе 98,8% құрайды. Бұл ретте, облыс басшысы игерілмеген қаржының жыл соңына дейін толық игерілетінін айтты.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндағандай, 7 айдың қорытындысы бойынша өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың оңтайлы қарқыны сақталды. 

«Өңдеу өнеркәсібі көлемінің артуы есебінен өнеркәсіп өндірісінің индексі 104,5% құрады. Алтын шығару, құбыр, астық жинау комбайндарының өндірісі, мамандандырылған автомобильдер құрастыру артты. Ет өңдеу өсімдік майы, ұн өндіру көлемдері өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,8%-ға артты», — деді Е. Маржықпаев. 

Қазіргі уақытта, облыстың алдында тұрған негізгі міндет – астық жинау науқанын сапалы және уақытында өткізу. Жалпы, облыс бойынша барлық астық жинау техникасы және астық қабылдау кәсіпорындары астық жинауға дайын. Бүгінгі таңда тамыз айына жоспарланған дизель отынының кепілдік берілген көлемінен 3,8 мың тоннасы жеткізілген.

«Жаппай егін жинау науқаны басталды. Астықтың жалпы түсімі шамамен 5 млн тонна көлемінде болады деп күтілуде», — деп нақтылады облыс әкімі.

Сонымен қатар, өткен жылғы деңгейге қарағанда, облыс экономикасына 29,7% артуымен 202,3 млрд теңге инвестицияланды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,5%-ға артты. Соның ішінде, 325 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2 745 ақмолалықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуына мүмкіндік берді.

Тұтыну бағасының индексі 104,1%, оның ішінде азық-түлік тауарларына 107,5% құрады. 

13 135 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарының саны – 3735. «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру жұмысы жалғасуда. 328 жобаның ішінен 63 объектіде жұмыс картасын іске асыру аяқталды,ал 265 объектіде жұмыс жалғасуда, 7,4 мың жұмыс орны ашылды.

«Орташа жалақы мөлшері 23,5%-ға, яғни 163 мың теңгеге дейін артты. Халық кірісінің нақты өсімі 9,3% құрады. Жалпы, облыс әкімдігімен жоспарланған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін барлық қажетті шаралар қолданылатын болады», — деп түйіндеді Е. Маржықпаев. 

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов осы жылдың 7 айында негізгі макрокөрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткізілгенін айтты. 

Атап айтқанда, облыста өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 103%, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 100,1%, негізгі капиталға салынған инвестиция – 111,1%, құрылыс жұмыстарының көлемі – 107,1% құрады. Сонымен бірге тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 100,2% құраған, яғни 682 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек, бір көрсеткіш – өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша, 4,5%-ға төмендеу байқалған. Бұған жоспарлы мұнай өндіру көлемін азайтуға байланысты мұнай көлемінің 5,2%-ға төмендеуі себеп болған. 

«Қазіргі жағдайды ескере отырып, бүгінгі таңда өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында шикізаттық емес секторды дамытудың жоспары жасалды. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының жүктемесін арттыруға қолдау көрсетілуде және биыл осы салада 7 жаңа жоба іске қосылады. Туризмді дамыту бойынша «Риксос Ақтау» қонақ үй кешені сәтті іске қосылды, қазір туристердің қызығушылығы артуда. Сонымен бірге басқа да кәсіпкерлік бағыттағы қызметтер артуда», — деді М. Досмұхамбетов. 

Сонымен бірге шикізаттық емес өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік және логистика, кәсіпкерлік салаларын дамыту жұмыстары қолға алынды. 

«Қазіргі мақсат – өңірдегі қолдауды қажет ететін әрбір кәсіпорынға сүйемелдеу көмегін көрсете отырып, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру. Тұтастай алғанда, жыл қорытындысымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайының қарқынын төмендетпеу. Бұл бағытта күнделікті жұмыстар атқарылуда», — деп нақтылады облыс басшысы.

Бюджет қаражатының игерілуіне қатысты Маңғыстау облысы бойынша 2020 жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша, облыстың жергілікті бюджеттерінің кірісі 82,5 млрд теңгеге немесе есептік жоспар кезеңіне 105,9%-ға орындалды. 

Былтырғы жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда, олардың өсу қарқыны 5,9% құрады немесе 4,6 млрд теңгеге артық.

Облыс бюджетінің шығыс бөлігі 139,8 млрд теңгеге немесе 98,6%-ға орындалды, оның ішінде жергілікті бюджет 99,2%-ға, республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер 97,5%-ға орындалды.

Игерілмеген қаржы көлемі 353 млн теңгені құрады. Оның басым бөлігі көлік инфрақұрылымын орташа жөндеу, қайта жаңарту және салу объектілері бойынша орындалған жұмыс актілерінің болмауынан туындады. 

«Бюджет қаражатының, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игеру мәселесі тұрақты бақылауда болады», — деді М. Досмұхамбетов. 

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша облыста тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталып отырғанын жеткізді. Соның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, инвестициялар саласында өсу байқалған. 

«Алайда, пандемия кезіндегі шектеулерге, сондай-ақ әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағдайға байланысты нақты көлем индексінің кейбір көрсеткіштері бойынша төмендеу байқалады, оның ішінде өнеркәсіп бойынша 96,7% және өңдеу өнеркәсібі бойынша 95,6% төмендеу байқалған. Бұл өнеркәсіп саласында жыл басынан бері мұнай өндіру 15%-ға, тау-кен өнімдері 10%-ға, хром тұздарын өндіру 18%-ға және мұнай өнімдерін өндіру 14%-ға төмендеуіне байланысты», — деді ол. 

Өңір экономикасындағы өнеркәсіп саласының төмендеуін және оның үлесінің 38,2%-ды құрайтынын ескере отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін 126,5 млрд теңгеге 900-ден астам жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 18 жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл осы саланың өсу қарқынына ықпал ететін болады.

Сондай-ақ, бүгінгі күні 8,6 млрд теңгеге 7 кәсіпорында цифрландыру элементтері енгізіліп, жаңғыртылды, ағымдағы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 20 млрд теңгеге дейін жетеді, яғни 25 кәсіпорынға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Бізде бірқатар резервтер бар. Тау-кен саласында «Қазхром» АҚ-ның хром өндірісін ұлғайтуға мүмкіндігі және ферроқорытпа өнімдерін шығаруға әлеуеті бар. Тағы бір резервтердің бірі - Ақтөбе мыс компаниясы, қазіргі таңда компанияның мыс, мырыш кендерін өндіруді екі есе ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Оған келісім жасалған және олардың өздері іске асыратын жаңа инвестициялық жобасы бар», — деді облыс басшысы. 

Кәсіпкерлерді қолдаудың арқасында Ақтөбе облысында бірқатар оң серпін байқалады. Соның ішінде «Актюбрентген» компаниясының рентген аппараттарымен қамтамасыз ету мәселесі Үкімет деңгейінде көтерілді, қазіргі таңда басқа облыстардың тарапынан оны сатып алуға қызығушылық бар. 

Сонымен қатар, пандемияға байланысты шектеу шараларын ескере отырып, тамақ өнімдері, құрылыс материалдары саласындағы кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Соның нәтижесінде, 7 айдың қорытындысы бойынша аталған салаларда өсім орта есеппен 5-10% құрады. 

«Біздің ойымызша, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш артады. Жалпы, Ақтөбе облысы басқа да көрсеткіштер бойынша жоспарланған межеге жетеді», — деп түйіндеді О. Оразалин. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.